Сабақ «Қазақтың ұлттық шешендік өнері»



жүктеу 95.7 Kb.
Дата11.02.2018
өлшемі95.7 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ

«Қазақтың ұлттық шешендік өнері»

Сабақтың мақсаты;

  1. Білімділік - шешендікті, шешендіктің қазіргі түрлерін, шешендік сөздердің сапаларын, сөз мазмұндылығы, сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнектілігі туралы білімдерін мысалдармен дәлелдеп, қайталау, пысықтау.

  2. Дамытушылық- шешендік сөздердегі тәрбиелік ұғымдарды тану қабілеттерін дамыту, шешендік сөздерді ұғындыру, оқыту, орындату арқылы студенттердің адамгершілік қасиеттерін, сөйлеу, қарым- қатынас жасау дағдыларын жетілдіру.

  3. Тәрбиелік- шешендердің сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз сөйлеуден сақтандыру, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды насихаттау, шешендік сөздерді оқыта отырып мазмұнында кездесетін қазақтың ұлттық құндылықтарын құрметтеуді, мамандықтарына сәйкес ұлттық тағамдарды, оларды дайындау, ұсыну ережелерін білуге үйрету.

Сабақтың түрі:

Білімдерін пысықтау, қорытындылау, бекіту сабағы



Сабақтың әдісі:

«Екі жақты күнделік», «Ақылдың алты шары», «Идеалдан қашықтық» және «Жол салу» жаттығуы



Сабақтың жабдығы:

Интерактивті тақта, шарлар, қолдан жасалған кірпіштер



Сабақтың көрнекілігі:

Шешендер, шешендік сөздер туралы слайдтар



Пән аралық байланыс:

Тағам дайындау технологиясы, қазақ әдебиеті, кәсіптік әдеп

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Менде де бар бір тілек» - шаттық шеңбері

Оқытушы:


  • «Менің сабақтағы сәттілігім сендердің ынталарың мен білімдеріңді көрсетумен айқындалады. Ендеше бүгінгі сабағымызды бастаймыз».

Студенттер шешендік өнер кезеңдері бойынша 5 топқа бөлініп отырады.

ІІІ. Тақырыпты пысықтау



І кезең «Білім»

Қазақ халқы - сөз өнерін ерекше қадірлеген халық. Сөзге тоқтау - ежелден үзілмей келе жатқан дәстүріміздің бір көрінісі. Шешендердің ең негізгі құралы - сөз. Сол сөзі арқылы тыңдаушысын өзіне тартып, жүрегін толқытып, бойын балқытады. Бұл асқан өнерпаздық дарыннан туады.

Шешендік өнер мақсаты- шешендіктің сипаты, шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұмат беріп, сөз мәдениеті талаптарын меңгерту.Патшаның тағынан шешеннің бағын жоғары бағалап, сөз өнерін бүкіл өнердің бастауы санаған халық даналығына көз жеткізу.



ІІ кезең «Түсіну»

«Екі жақты күнделік» әдісі арқылы өткенді пысықтау

1 топ – «Қазақ шешендік өнерінің кезеңдері»

2 топ – «Қазіргі шешендіктің түрлері»

3 топ – «Шешенге қойылатын талаптар»

4 топ – «Пікірталастың түрлері»

5 топ – «Көпшілік алдында сөйлеу»

ІІІ кезең «Қолдану»

«Ақылдың алты шары» - әр топқа бір сұрақ



Ақ шар – бұл шардың сұрағы арқылы біз тапқырлыққа көз жеткіземіз. Сұрағы:

Шыңғыс хан жас кезінен-ақ дала кезіп, орман аралап кетеді екен. Бір күні садақ тартып, аң аулап жүріп, таудан құлап аяғы мертігеді. Жігіттер іздеп жүріп оны орман ішінен тауып алады да, қол арбаға мінгізіп, үйіне апрмақ болады. Сол жігіттердің ішінде Майқы да болса керек.

«Екі ақсақ бірге отырайық»- деп ол да арбаға отырады.

Өзгелері екеуін сүйретіп үйіне келген соң есік алдында тұрған билер «Шыңғыстан кейін үйге мен кіремін, менің жасым үлкен, мен бимін, жол менікі» деп таласады. Сонда Майқы не деп сөз табады?

Майқының жауабы: «Әдетте арбаға жегілген өгіз есік алдында қалып, оны айдаған адам үйге кірмеуші ме еді?» деп өзі Шыңғысты қолтықтап үйге енеді.

Сары шар – бұл шардың сұрағы жағымды қылыққа жетелейді. Сұрағы:

Әз Жәнібек жаяу мал қарап жүрген балаға кез болады.



  • Шырағым, елсіз жерде неғып жүрсің?- деп сұрайды.

  • Жалғыз түйемнен көз жазып қап, соны іздеп жүр едім,- деп жауап береді бала.

  • Түйеңді тұсап қойсаң болмады ма?

  • Түйемнің тұсауы өліп қалып еді- дейді бала. Ол әкем өліп қалып еді деген сөзі екен.

  • Балам, біз қай үйге қонамыз?

  • Бір қой жеймін десеңіздер, қай үй болса да қона беріңіздер. Екі қой жеймін десеңіздер, біздің үйге қонасыздар,- дейді бала.

Оқиға қалай өрбиді? Оқиғада бала кім?

Оқиғаның өрбуі:

Ханның қасындағылар:


Келген соң бала бір буаз саулықты жетектеп келгенде «Шырағым, бойдақ қой жоқ па?» деп ескертеді хан.

  • Мен бойдақ қойдың жоғын мана далада айтпап па едім? Екі қой жейсіздер, біздің үйге қон дегенім осы емес пе?

Оқиғадағы бала – Жиренше шешен

Қара шар – бұл шар бізді жаман әдеттерден сақтандырады. Сұрағы:

Аққоян жылы қар қалың түсіп, көктем созылыңқырап шығады. Алшын ауылы қыстан жұтап, ашаршылыққа ұшырапты. Күйзелген ел тоқшылық жаққа ауа өшпек болғанда Әйтеке би оларға тоқтам салыпты.



  • Қоныс аударып, бекерге боспаңдар, одан да Төле би еліне он шақты кісіні астық әкелуге жіберейік,- деп, өзінің баласын бас етіп, ауыл жігіттерін аттандырады.

Төле би өзінің сыйлас биіне сәлемдемесін молынан беріп, алшын жігіттеріне аталы сөз айтыпты.

Сонда жігіттердің бәрі жолға қозғалғанда Әйтекенің баласы «Әлгіде айтқан аталы өсиетіңіздің аяғын біліп кетсем деп, соған қарап отырмын»,- депті.

Сонда Төле би адамға зиян үш кесір туралы атыпты. Ол қандай кесірлер?

Төле би:


  • «Жігіт адамға басты кесір – еріншектік, ортаншы кесір- ұйқышылдық, кенже кесір- тілазарлық, адам осы кесірлер, әдеттерді бойына жинаса, ол адам өмір бойы оңбайды» деген екен.

Жасыл шар – бұл шар қарапайымдылықтан бақытқа жетуге жол сілтейді. Сұрағы:

Ел аузында аңызға қарағанда Байдалы шешен бай бола алмапты. Ол ақылын азық, асыл сөзін сусын етіп дүниеден өткен адамның бірі екен. Бір жылы құрбан айт келіпті. Байдалы айтқа құрбан шалмапты. Байдалының осы айыбын бетіне басқысы келген Таумұрын молда:



  • «Ауқатты ағаң, бай балаң бар, інің де отқа қарап отырған жоқ, солардан неге сұрамайсын?» дейді.

Байдалы шешеннің жауабы қандай болды?

Жұрт алдында орынды сөзді айтпай қалуды кемдік көретін Байдалы шешен молдаға:



  • Сөйлемесе сөздің атасы өледі. Ағадағы мал – аспандағы мал, інідегі мал – індегі мал, баладағы мал- даладағы мал. Ұятсыз адамнан алып борышты болғанымша, алмай құдайдың өзіне борышты болайын деп, құрбан шалмағаным рас»,- депті.

Көк шар – өмірдің мәні мен маңызын түсіндіреді. Сұрағы:

Бала би қартайған шағында елінің игі жақсыларымен кеңесіп отырып:



  • «Жерден ауыр не, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не?» деп сұраған екен.

Бұған ешкім ауыз тұшырлықтай жауап бере алмапты.

Бала бидің сұрағына айтқан өзінің жауабы қандай?

Бала бидің жауабы:


  • Жерден ауыр дегенім – ақыл – білім

Судан терең дегенім - оқу – ғылым

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі

Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі.

Бес топқа бір сұрақ – Қызыл шар – жарқын көңіл күй сыйлайды. Сұрағы:

Сырым шешен Үргеніштің ханына барыпты. Сырымның атағына сырттай қанық хан Үргеніштің шешені мен Сырымды айтыстырыпты.

Сіздерге тапсырма: Үргеніш шешеннің қойған сүрақтарына Сырымның берген жауаптарын айтасыздар. Бұл жерде сіздердің жылдам әрі дұрыс жауап берулеріңіз қажет.

1 сұрақ – Сөз анасы не, су анасы не, жол анасы не?

1 жауап – сөз анасы – құлақ, су анасы- бұлақ, жол анасы – тұяқ.

2 сұрақ – дау мұраты не, сауда мұраты не, қыз мұраты не, жол мұраты не?

2 жауап – дау мұраты – біту, сауда мұраты – ұту, қыз мұраты – кету, жол мұраты – жету

3 сұрақ – Намазда жан – жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не?

3 жауап – Жан-жағыңызға сіз қарамасаңыз, менің қарағанымды қалай көрдіңіз?

4 сұрақ – Сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы жеңді ме?

4 жауап – Сырымның айтқанын тыңдамай, өз сөзін соға берген адам Сырымды күнде жеңеді.

ІІІ кезең «Сезіну»

Сабағымыздың бұл кезеңін біздер өздеріңіз таңдаған мамандықпен салыстыратын боламыз. Бұл кезеңде студенттерімізге алдын ала берілген тапсырма бойынша өздері таңдаған бір шешен немесе бидің айтқан даналық ойын көрініс арқылы көрсететін болады.



1 топ – «Бір аяқ сусын бір кісінің құны екен ғой!»

Сырым шешен шөлдеп келе жатып бір үйден түсіп сусын ішіпті.



  • Япырай, бір аяқ сусын бір кісінің құны екен ғой!- депті.

Сонда Сырым маңдайының терін сүртіп:

  • Жоқ, батыр, бір аяқ сусын бір емес, екі кісінің құны. Бұл сусын табылмаса шөлдеп сіз де өлер едіңіз, ұялып мен де өлер едім,- депті үй иесі.

Осы топтан 1 студент шешендік сөзде тағамдық ұғым ретінде кездесетін сөзді тауып, оның түрлерін айтады және тақтаға 1 ші- сөйлемге синтаксистік талдау жасау

2 топ – «Көже- мөже болса да»

Қылышбай шешен жас кезінде бір ауылға келіп қонайын десе, ешкімді таба алмайды. Содан кейін бір үлкен үйге кіріп, сәлемдесіп есік жаққа отыра кетеді. Үй иесі жақтырмай:



  • Иә, бала, қайдан келесің?- деп сұрапты.

Сонда Қылышбай шешен:

  • Шу бойынан келе жатыр едім, ешкімді танымаған соң сіздікіне қонайын деп келдім, ата

  • Қонақ үстіне қонақ келсе қой қотыр болады деген, өлшеп істеген ас қой,- дейді шал.

  • Ата, көже-мөже болса да осында отыра берсем қайтеді?-депті Қылышбай

  • Көже-мөже дегенің не?

  • Тарыдан түйісі болса, сары майдан иісі болса, сүтке салып баптаса, қантпенен қаптаса, оны біздің ел көже-мөже,- дейді Қылышбай

Баланың сөзіне жығылған бай:

  • Қарағым, жоғары шығып отыршы,- деген екен.

Топтан 1 студент шешендік сөзде келтірілген тағам түрін атап, мағынасын ашады және тақтаға Қылышбай сөзіне морфологиялық талдау жасау

3 топ – «Қонақ кәде»

Бір күні Қылышбай шешен қонақ болып Көлбай деген сараң байдың үйіне кеп түседі. Беймезгіл қонақтың келуін жаратпаған Көлбай оған ас аспай, шай ғана береді. Шай ішіп болған соң, жатып ұйықтар алдында

Көлбай:


  • Қылышбай үйіме келіп қалған екенсің. Қонақ кәдеңді көрсетсеңші,- дейді.

Қылышбай:

Сол жерде Қылышбай:

  • Сөйлейін, сөйле десе Көл ағасы,

Бермейсің қонақ келсе қонақасы

Көлбай деп қайран атты кім қойды екен?

Көл түгіл шұғанақтың садағасы,- депті.

Қонағының сөзінен шошынған Көлбай:



  • Әй, бәйбіше, мына өлең елге жайылып, жұрт бізді мазақ етер! Тезірек қазан ас!- депті.

Топтан 1 студент келтірілген тағам түрін және қонақ кәде туралы мәлімет береді және тақтаға қонақ сөзіне морфологиялық талдау жасау

4 топ - «Тұз сөздің де дәмін кіргізеді»

Бір күні ауылдың даңғой жігіттерінің бірі тұзды әбден мақтапты.



  • Тұз – жеті қазынаның бірі, онсыз еттің де, нанның да дәмі болмайды,- дей беріпті.

Сонда Бөлтірік шешен:

  • Бір нәрсені айтпай кеттің, тұз сөздің де дәмін кіргізген,- депті.

Осы топтан 1 студент кездескен тағам түрін айтып, қасиетін ашады және тақтаға тұз сөзіне фонетикалық талдау жасайды.

5 топ – «Жиреншенің айтқаны»

Бір күгі Жиренше ханның үйіне келеді.

Хан дастархан жайыларда Жиреншеге:


  • Сен сөзге шеберсің және басқаға да шебер шығарсың. Мен қаздың етін ұсынсам, соны маған, ханым, екі ханзада, екі қаныкей, өзіңмен жеті адамға бірдей етіп қалай бөлер едің?- дейді.

Сонда Жиренше:

  • Қаздың басын кесіп сізге берер едім, сіз хансыз, әрі халықтың басысыз.Екі аяғын кесіп алып екі ханзадаңа берер едім, бұлар сіздің ізіңізді басатындар. Екі қанатын екі қаныкейге берер едім, бұлар жатжұрттық. Артқы жағын ханымға берер едім, ол бәйбіше- ал бұл жері- қаздың жаясы.

Мен бас жейтін хан емеспін, жая жейтін ханым емеспін, аяқ жейтін ханзада емеспін, қанат алатын қаныкей емеспін. Маған қаздың ортасы да жарайды,- деп бар етін өзіне алуды айтқан екен.

Осы топтан 1 студент кездескен тағам түрін айтып, мағынасын ашады және тақтаға ханзада сөзін жіктеу



IV кезең «Қорытындылау»

«Идеалдан қашықтық» және «Жол салу» жаттығуы

Оқытушы: - Біз бәріміз білімдіміз. Бірақ біз бір – бірімізден қашықтықта тұрмыз. Ал енді біз төбе биіміз Төле би айтқандай бәріміз ауызбіршілікте, ынтымақ пен бірлікте өмір сүруіміз қажет. Енді сіздер менің қасыма келіп бір кірпіштен аласыздар. Маған келерде жапсырма қағазға өздеріңіздің бір ғана жақсы қасиетіңізді жазып ала келесіз.

Сонымен біз қасиет жолын жүріп өттік. Жолымыз ауыр болды, ия білімді адам болу оңай емес екендігіне көзіміз жетті. Яғни, біз студенттер өзіміздің адамгершілік қасиеттеріміз арқылы білімді, ақылды адам болып, дұрыс сөйлеуге, шешендікке жету жолын көрсеттік. Әрқайсымыз осы қасиеттерді берік ұстансақ және бір- бірімізден осы қасиеттерді ала білсек білімді, шешен адам боламыз.



V кезең – «Бекіту»

«Шешендік керуенін» жасау. Шешендік өнердің даму кезеңі бойынша шешендердің бір ауыз айтқан сөзімен керуен жолын жасау.

«Шешендік-тіл өнері» сөзімен керуенді түйіндеу.

Оқытушы:

Халқымыздың аталы сөзді, шешендік өнерді аса қадір тұтқанын, дау-жанжалдарды, тіпті кейбір жағдайларда жауларының өзін бір ауыз сөзбен тоқтатқанын бүгінгі сабағымызда көрсетіп дәлелдедік. Шешендік өнердің тәрбиелік мәнінің зор екеніне, оның ұрпақтан –ұрпаққа жалғаса беретін құдіретті күш екеніне сеніміміз мол.

VІ кезең – «Тексеру»

Шешендік өнер тарауы бойынша алған білімдеріңді қорытындылау, тексеру мақсатында үй тапсырмасына тест сұрақтары беріледі.



VІІ кезең – «Бағалау»
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет