Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. ІІ. «Жылылық шеңбері» атты тренинг. ІІІ. Топтың атына түсінік беру



жүктеу 85.2 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі85.2 Kb.
түріСабақ

8-сынып .Қазақ тілі. «Оқшау сөздер»

Сабақ барысы:

І . Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. «Жылылық шеңбері» атты тренинг.

ІІІ. Топтың атына түсінік беру.

(«Нұрлы жол», «Мәңгілік ел»)

ІV. Топты бағалау туралы түсінік беру.

І. Үй тапсырмасын тексеру

60 –жаттығу.

Берілген сөйлем ішінен айқындауыш мүшелерді тауып, түрін ажырату.

  1. Біз, мұғалімдер, ауыл мәдениетін көтеруді өз қолымызға алғымыз келеді.

  2. Жәнібек бастаған бұл жорыққа тама Есет, сүйіндік Олжабай, найман Жантай, Барақ батырлар қатысады.

  3. Біз ,Сережа екеуміз, қолымызға түскен бояулы қағаздарды да, суреттерді де жапсыра беретінбіз.

  4. Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билер ақылшы болады.

  5. Бұл жөнінде ертең, сағат тоғызда, тресте отырып, кең сөйлесейік.

  6. Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізуге тырысты.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау

1.Сөйлемнің айқындауыш мүшелері дегеніміз не?

2.Айқындауыш мүшелердің түрлері қандай?

3. Оңашаланған айқындауыш дегеніміз не?

4. Қосарланған айқындауыш дегеніміз не?

ІІІ.Жаңа сабақ

Өзге тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда

Ана тілің жасау керек мәңгілік!- деп бүгінгі сабағымызды қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың  туған тілімізді қадірлеуге , қастерлеуге шақыратын өнегеге толы өлеңімен  бастайық.

Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер

Білімділік мақсаты: оқшау сөздер, оның түрлері туралы ұғымды меңгерту, өздігінен талдату арқылы қорытынды шығарту

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау әдістерін қалыптастыру, ой қорытындысын жасай білуге баулу,өз бетінше талдау дағдысын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұлтжандылыққа, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа материалды оқып үйрену сабағы

Әдісі: топтастыру, іздендіру, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Оқшау сөздер- сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін, сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер.

Қаратпа сөздер - тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылады

Менің ойлаған ойымның үстінен түстің,Ботагөз. (Көркем әдебиетте қаратпа сөз жансыз заттар болып келетін қолданыстар да кездеседі: Тыңда , дала, Жамбылды! Келісемісің, жас қайың?)
Одағай сөздер - айтушының көңіл-күйін білдіру үшін қолданылады(қуану, қапалану, сүйсіну, таңдану, қоштау.т.б)

Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау!

Мағыналық жағынан үшке бөлінеді:

1. Көңіл күйді білдіретні одағайлар: Алақай! Ура!(қуану) Һа! Паһ!(таңдану, сүйсіну)

2. Жекіру одағайы: Тәйт! Жә! Тәк! (жекіру, тыйым салу)

3. Шақыру одағайы: шөре- шөре, көс- көс, әукім- әукім

Қыстырма сөздер-сөйлеушінің айтылған пікіріне әр түрлі көзқарасын білдіреді (сену, мақұлдау, реніш,күмәндану, ой тәртібі)

Бәсе,солай болады деп айтып едім ғой. Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер: әрине, сөз жоқ, мүмкін, сөйтіп, шынында, біріншіден, сірә, қысқасы. т.б




Адасқан сөздер

  1. сынақ болады оқушылар ертең.

  2. келмейтін бүгін сірә ол шығар.

  3. шіркіннің па дауысын-ай!

Сәйкестендіру

  1. Пәлі, шіркін, бәрекелді, моһ-моһ, әттеген-ай! қыстырма



2. Қарағым, балам, айналайын, халайық. қаратпа

3. Әрине, меніңше, әуелі, сөйтіп, шынында одағай

Бар білім-кітапта

Оқулықпен жұмыс

67-жаттығу

  1. Мәтіндегі оқшау сөздерді тауып,түрлерін ажыратыңдар,теріп жазыңдар.
    2. Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
    3.Соңғы азат жолдағы екі сөйлемге,синтаксистік талдау жаса.


  2. Деңгейлік тапсырмалар

  3. І деңгей. Оқшау сөздердің астын сыз, тыныс белгісін қой, түріне ажырат.

  4. -Уа, Жиренше анау қаңбақ қайдан келеді,қайда барады? Пай-пай Көріңде өкіргір Қожекем-ай! Қатал едің жарықтық. Сізге бәлкім бұл таныс болмас. Сіздің халық-ақын халық менің ойымша. Жә көрген-білгеніңді тез айт! Біріншіден сөзде тұру керек.

  5. ІІ деңгей Берілген сызба арқылы көрсетілген оқшау сөзді қатыстырып сөйлем құрау.

  6. 1............., ақсақал.

  7. 2.............., қап!

  8. 3.........., сірә,..........

  9. ІІІ деңгей.

  1. Оқшау сөздерді қатыстырып,

  2. Егін даласында”деген тақырыпта әңгіме құрау.

Кім тапқыр?”

Берілген мәтіннен оқшау сөздерді табу, қай шығармадан алынғанын,кімнің сөзі екенін табу.

1.Ана керек,о адамдар,ана керек адамға.

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

2.-Апыр-ай,қалай барам, қалай барам?

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

3.-Апырмай-ай, менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдің?

4. Махамбеттің қай өлеңі қаратпа сөзден басталады?

5. Ы.Алтынсариннің қай өлеңінде оқшау сөз бар?
Талдау-табыс кілті

  1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап, бастауыштарын қаратпа сөзге айналдыру.

  1. Түс ауа үйге Рахат келді.

  2. Сәуле апай атайдың айтқанын жазып алды.

  3. Достар келер ұрпаққа жыр етер ұлы науқанды бастағалы тұр.

(синтаксистік талдау)

2.Қыстырма сөздерді тиісті орнына қою

  1. .........., темір жолға тіке тартқан жөн бе деймін.

  2. ......., Шеген хатты сирек жазады.

  3. Бүгін, ......қоймаға он жеті арба тары кетті.

(соңғы сөйлемге морфологиялық талдау)

3.Берілген сөйлемдердегі одағайлардың астын сыз.

Пәлі! Ақын ғой мынауың!-деді Қоржынбай.



-Туу, сізде шақпақ барын мүлде ұмытып кеткем ғой!

Әттеген-ай, оғы құрғыр да жоқ болды-ау!-деді Отар назаланып.



Жоқ” сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Семантикалық кестемен жұмыс

Оқшау сөздер

Қаратпа сөз

Одағай сөз

Қыстырма сөз

Байғұс-ау, саған не болған?










Қош бол, Қараой










Аға, бұл кімнің аты?










Бәрекелді, жұмысты осылай істеу керек!










Меніңше, ол бүгін келмейді











Семантикалық карта

Одағай

Көңіл күй

Шақыру

Жекіру

Алақай










Тү-у










Кә-кә










Тәйт










Япырай











Қандай тыныс белгі жоғалттым?

1.Сіздіңше теміржолға тіке тартқан дұрыс па

2. - Бетіңнен тайма қызым

3. Дау жоқ келісімді орындау керек.

4. Өрт болмағай еді ойпырм-ай

5. – Пәлі Ақын ғой мынауың деді Қоржынбай.

6. –Шырағым байқағайсың құлап қалма
1.Сіздіңше, теміржолға тіке тартқан дұрыс па?

2. - Бетіңнен тайма, қызым!

3. Дау жоқ, келісімді орындау керек.

4. Өрт болмағай еді,ойпырм-ай!

5. –Пәлі! Ақын ғой мынауың!- деді Қоржынбай.

6. –Шырағым,байқағайсың,құлап қалма.


Сабақты бекіту:

Дискуссиялық карта.
р/с Мысалдар Ия , Жоқ
1 Оқшау сөздер сөйлем мүшесінің қызметін атқара ала ма?
2 Қаратпа сөздер адамның көңіл күйін білдіре ме?
3 Қыстырма сөздер сөйлем соңында келе ме?
4 Одағайлар көбінесе ауызекі сөйлеуде қолдана ма?
5 Одағайлар сөйлеушінің көзқарасын,ойдың кімнен шыққанын білдіреді ме?
6 Қыстырма сөздер атау тұлғада қолданыла ма?
7 «Сонымен,сөйтіп,дәрігердің пікірінше,археологтардың айтуынша»сөздері қыстырма сөзге жатады ма?

Тест тапсырма

1. Оқшау сөздердің белгісін көрсетіңіз

А) Тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады   В) Тек бас әріппен жазылады С) Сөйлем мүшесі бола алмайды Д) Сөйлем мүшесі бола алады.

2. Қыстырма сөз деген не?

а)Тыңдаушының назарын аударады.

в)сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіреді.

С)адамның көңіл-күйін білдіреді

3.Одағай сөзді белгіле.

Тәйірі, сол да қиын ба?

а)қиын ба? В)сол да с)тәйірі

4. Сөйлемнің басында тұрған қаратпа сөзді көрсетіңіз

А) Кеше жаңбыр жауды В) Сенің атың қалай, балам?   С) Қап, әттеген-ай!  Д) Асқар, бүгін күн жылы ма?   

5.Қаратпа сөз қатысқан сөйлем қайсы?

а) Сөйлей бер, ақ домбырам ,күмбірлеген.

в)Сабақ басталып, біз тапсырма орын-

дай бастадық.

с)Көзді ашып-жұмғанша ауылға келдік.

6. Одағай сөздің неше түрі бар?

а)5 в)4 с)3

7.Күннің суытатын сыңайы бар, сірә.

Қыстырма сөздің орнын көрсет.

а)басында в)соңында с)ортасында

8. Оқшау сөздің тыныс белгісі.

а)үтір в)сызықша с)қос нүкте

9. Сөйлемнің ортасында келген қаратпа сөзді табыңыз.

А) Бәйтерек - өте биік ағаш   В) Үйге кір, балам, шай ішіп кет   С) Қарағым, қашан келдің?   Д) Әжем сандықты ашты

10. Қыстырма сөзді табыңыз

А) Ей     В) Қызыл   С)Балам Д) Сірә

Үйге тапсырма: 66- жаттығу.

  1. Берілген қыстырмалардың ой ретін табу.

2. Қаратпалардың жануарларға, құстарға немеае басқа да жансыз заттарға айналғанына өздерің білетін ақын, жазушы шығармаларынан мысал келтір.

3. Айналаңдағы адамдардың сөздеріне зер салып, одағайларды қандай көңіл күйде жұмсағандарына мысал келтір.

Бағалау
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет