Ұлыбританиядан келген бала Түркиядағы курортта жұмыртқа жегеннен кейін мүгедектер арбасына таңылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro сілтеме жасап, хабарлайды.

Фото: pixabay.com

2023 жылдың маусымында Манчестерлік Джексон Бентли анасымен бірге Анталья қаласындағы бес жұлдызды Eftalia Ocean қонақ үйіне барды. Бірнеше күн демалғаннан кейін бала өзін нашар сезінді. Ол асқазаны қыжылдап, диареямен және жоғары температура болғандықтан, ауруханаға жатқызылды. Бентлиге медициналық көмек көрсетілді және бірақ ол Ұлыбританияға оралғанда, қайтадан ауруханаға түсіп қалды. Дәрігерлер баланы тексеріп, оның сальмонеллездің екі түрін жұқтырғанын анықтады, олардың біреуі өлім алып келуі мүмкін және неврологиялық зақымға туындататын қауіпті дерт.

Бентли бірнеше апта ауруханада жатып, үйге шығарылды. Баланың анасы, 36 жастағы Натали Парр ұлының мүгедектер арбасына таңылғанын айтады. Бентли салмақ қоспады, үнемі өзін әлсіз сезінеді және көп сөйлемейтін болып кетті. Алған психологиялық жарақатына байланысты ол түнгі қорқыныштан зардап шегеді, ұйықтаудан, тамақтанудан қорқады.

Парр өзін дәрменсіз сезінетінін мойындады, өйткені ол ұлына көмектесе алмайды. Ол инфекция мұндай дертке әкелуі мүмкін деп ойлаған жоқ. Анасы ұлының қалпына келуінен үмітті.

Бұған дейін миллиардердің мұрагері байлығын кездейсоқ адамдарға бөліп беруге ниетті екенін жазған болатынбыз. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.