Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»



жүктеу 167.51 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі167.51 Kb.
түріСабақ

Сейтмағамбетова Айзада,

БҚО облысы, Қазталов ауданы,

Талдықұдық кенті, С.Есетов атындағы орта

жалпы білім беретін мектептің

бастауыш сынып пәнінің мұғалімі
Тақырыбы:Сабыр түбі-сары алтын

Мақсаты: Оқушылардың «сабырлылық», «ұстамдылық» адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығын түсіндіру

  • Жағымды қарым- қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • Ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, дәптер,слайд.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсындагүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әрсезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақса, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызғасәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүргенадамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз.: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!


Үй тапсырмасын тексеру.

«Құмырсқаға сабақ болды» мәтінін әңгімелеу.



Әңгімелеу.

  • Сабырлы болу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өздеріңнің сабырлылық танытқан кездерің туралы айтып беріңдер.

Мәтінмен жұмыс.

Асыл шөп.

Ы.Алтынсарин

Зылиха мен Батима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға сатуға келе жатыпты. Зылиха аһлап- уһлеп, шаршадым деп, Бәтима күліп әзілдесіп келе жатыпты. Сонда Зылиха айтыпты:



  • Сен неге мәз болып қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес. Өзің де менен күшті емессің.

  • Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір асыл шөп салдым,- депті Бәтима.

  • Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де жүгімді жеңілдетейін, - депті Зылиха.

  • Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, ал іздегің келсе, аты «сабыр» деген, -депті Бәтима.

  • Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсың?

  • Сендердің ойларыңша сабырлы адам қандай болады?

  • Зылиханың «сабыр» атты шөпті таба алу мүмкін бе?

Жаттығу- ойлану.

«Шыдамды, сабырлы адам- бастаған ісінің нәтижесін көреді...»(В.Ян)

«Адамның басшысы- ақыл, қорғаны -сабыр» (Саққұлақ би)

«Сабырлы жетер мұратқа,сабырсыз қалар ұятқа».

«Сабыртүбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа,

Сабырсыз қалар ұятқа». (Мақал- мәтелдер)



Егінші мен қасқыр

Литва ертегісі

Автор: - Егінші таң сәріден егін орып, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, қолынан нан алып, жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:



Қасқыр: - Адам, не жеп отырсың?- деп сұрады.

Егінші: -Нан.

Қасқыр: -Маған да наныңнан берші?

Автор: - Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан ол егіншіге мынадай тілек білдірді:

Қасқыр:- Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын осындай тамақ жегім келеді. Сен маған оны табудың жолын үйретші...

Егінші:- Алдымен жер жыртасың, содан соң тырмалайсың, -деді.

Қасқыр:- Содан соң нан бола ма?

Егінші: - Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің. Ол көктемде көгеріп, жер бетіне шығады, ал жаз ортасында піседі.

Қасқыр: - Содан соң нанды жеуге бола ма?

Егінші: - Қайда әлі! Бидайды орып, оны баулу керек. Содан кейін қырманға апарып, маяулау керек.

Қасқыр: -Сонда нан бола ма?!- деп қасқыр айқайлап жіберді.

Егінші:- Жоқ, бидайды жиып алып, бастыру керек. Одан кейін диірменге апарып, ұн ғып тарту керек.

Қасқыр:- Сонда жеуге бола ма?

Егінші: - Жоқ әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек...

Қасқыр: -Сонда нан бола ма?

Егінші:- Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды, - деді егінші.

Шыдамы таусылған қасқыр:


  • Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын, - деді.

  • Қасқыр неліктен нан тауып жеуден бас тартты?

  • Саған қай кейіпкер ұнады? Неліктен?

  • Сендердің де сабырсыздық танытқан кездерің болды ма? Ондай жағдайда қандай күйде болдыңдар? Ол әрекеттеріңді жоюдың қандай жолдарын іздестіріңдер?

Сабырлы, ұстамды болуды үйреніп алыңдар!

Әрбір істі ойланып, ақылға салыңдар!

Байыбына барып, себебін табуға тырысыңдар!

Шыдамсыздық танытпай, ұстамды болыңдар!

Әр кезде де өз-өздеріңді жігерлендіріңдер!

Тапсырма.

1 топ. Сабырлылыққа тән қасиеттерді жазу.

2 топ. Сабырсыздыққа тән қасиеттерді ажыратып жазу.

Жаңа ақпарат

Сабырлылық- адам бойындағы сезімнің, ойлаудың тереңдігі. Сабырлы адам- ақылды, шыдамды, байыпты, ұстамды болады. Сабырлылық адамның дұрыс шешім қабылдауына, мұратына жетуіне мүмкіндік береді.


  • Қандай жағдайда сабырлылық таныту қажет?

  • Сабырлы болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

  • Өзіңді сабырлы адамға жатқызасың ба? Себебін жазып көрсеткендерің дұрыс.

Топпен ән айту.

«Сабырлылыққа жетелеу».



Үйге тапсырма.

Мәтінді түсініп оқып келу.



Соңғы тыныштық сәті.

Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар. «Мен сабырлымын, ұстамдымын. Мен үйде де, қоғамдық орында да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, ешнәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Тақырыбы: «Ашу- дұшпан, ақыл- дос»

Құндылық: Тыныштық

Қасиеттер: Әдептілік, ашуланбау, тыныштық сәтінде дұрыс отыру, шыдамдылық, тәртіп, т.б.

Сынып: 4


Оқушы саны: 9
Сабақ мақсаты:

Оқушылардың «ұстамдылық, сабырлылық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

-ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру;

-өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу;



Көрнекі құралдар:слайд, дәптер, кітап, суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Оқушыларды түгендеу

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру

«Адал достар» тақырыбындағы әңгімені жалғастырып жазу, орындау, тексеру

Әңгімелесу

Сендердің ашуланған кездерің болды ма?

Не себептен ашуландыңдар?

Сол уақытта қандай күйде болдыңдар?

Сол күйден шығудың қандай жолдарын іздестірдіңдер?

«Ашу – дұшпан, ақыл - дос» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Адамдардың ойланбай істеген істерінің арты кикілжіңге апарып соқтырады. Реніш болған жерде міндетті түрде ашу туындайды. Ашу адамның өзіне де, өзгелерге де, айналасына да зиян. Өйткені адамның көңілі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды, айналасындағыларды ренжітеді. Сондықтан да қандай жағдай болмасын ақылға жеңдіріп, сабыр сақтаудың, адами қарым - қатынастағы мәні туралы әңгімелесеміз.

Мәтінмен жұмыс

Ж.Жәренбеков «Сурет»

Мәтінді түсіндіріп, әңгімелеу

1. Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?

2. Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.



Шығармашылық жұмыс

Н.Носов «Сырғанақта» оқушылар әңгімені өз ойларымен аяқтауы тиіс.

Оқушылар «Автор орындығы» стратегиясы бойынша өз ойларын ортаға салады.

Түйіндеме

Данышпан атаның кеңестері:

Ашу қысқан кезде өзіңді- өзің ұстай біл;

Ашуланған кезде бірден онға дейін іштен сана;

Жақсы нәрсе туралы ойла;

Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте;

Басқа адамды ренжітетініңді ойла;

Соңынан өкінетініңді есіңе ал;

Ашуыңды ақылға жеңдір.

Ойын жаттығу «Неге ұқсатамын»

Топтық жұмыс

Балалар ашуланып тұрған адамды неге ұқсататындары және не себепті оларға ұқсататынын сурет салу арқылы әңгімелеу.

1,2,3 топ



Дәйексөз«Ақыл-адам көрігі, ақылдың сабыр серігі» М.Әуезов

Жаңа ақпарат

Іс-әрекеттің байыбына бара алатын жақсы мен жаманды айыра алатын сабырлы, ақылды, әр іске дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді.



Тапсырма

Сұрақтарды оқып, өз ойыңды ортаға сал.

-Досың ашуанған кезде оған қандай ақыл айтар едің?

-Өзің ашуланған немесе бірнәрсеге ренжіген кезде ата-анаңмен ой бөлісе аласың ба?



Дәптермен жұмыс

Даналық сөздерді оқып, түсініктеріңді бос жолдарға жазыңдар.

«Сабыр түбі сары алтын»

«Қайтып кірер есікті қатты жаппа»



Топпен ән айту «Дос болайық бәріміз»

Соңғы тыныштық сәті

1,2,3 көзімізді жұмамыз. Әуен ырғағымен бүгінгі сабақты көз алдымызға елестете отырып, бүгінгі әңгімеден қандай ой түйдіңдер? Есімізге түсірейік.

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: А.Сейтмағамбетова

\

1.Аты-жөні: Сейтмағамбетова Айзада Таскалиевна



2.Ғылыми атағы, дәрежесі,лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі ,

3. Мекеме атауы, бөлімшесі: С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

4. Мекен-жайы, телфон, Е- mail Esetov.mektep@mail.ru -87113851050

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,Талдықұдық ауылы

5.Мақала атауы:Бастауыш білім беру сатысында өэдігінен білім жинау дағдысын қалыптастыру,

6.Секция:2-Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың

тиімді әдістері.
Бастауыш білім-білім беру жүйсінің алғашқы сатысында меңгертілетін дағдылар мен ұғымдардың жиынтық атауы, яғни баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін- өзі ашуына жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты деген сөз. Бастауыш білім беру сатысында оқушы әріп танып, жаза білуге, дұрыс жатық оқуға,өз ойын ауызша, жазбаша жеткізе білуге, мазмұндауға үйренеді.

Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін «дайын» білім көзі болмай, керісінше оқушылардың танымдық іс- әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдын мақсат қойып және оған жетудің әдіс- тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын тұлға болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру процесі жатады. Ол үшін өз бетінше жұмыстың алатын орны ерекше.

Өз бетінше жұмыс дегеніміз не?

Оқушылардың өз бетінше жұмысының атқаратын негізгі функциясы мен міндеттері:

Оқушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыру

Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту, алған білімін жүйелеу, сабаққа дайындау.

Оқушылардың алған білімдерінің бірізділігінсақтау мен белсенділігін, саналылығын қамтамасыз ету.

Оқушыларда оқуға деген біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Оқушыларды сыныптан тыс және мектептен тыс дербес білім алуға әзірлеу.

Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгермеушілігін болдырмауға әсер етеді.

Үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету.

Өз бетімен жұмыс жасауын қалыптастыру үшін біліктіліктің түрлері қажет:

Белсенділік біліктілігі (білімге деген біліктілік, сұрақ қоя білу, белгісізден белгіліні табу, басқа адамның көмегінсіз жұмысты орындау, өзін-өзі қадағалау.)

Ұйымдастыру біліктілігі (өзінің жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу) күн тәртібі, жұмыс орнының тазалығы, өзіне қажетті құралдарды қамтамасыз ету.

Саналы түрде әрекет ету белсенділігі. (Жұмысты дұрыс жоспарлау, оқу мәселелеріншешу, өзінің білімі мен біліктілігін жаңа арнада қолдана білу.)

Оқушы білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, оқытушының міндеті- жұмысты әркімнің әліне қарай шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы- өздігіненбілім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Өздігінен білім алудың тиімді жолдары: «БжС» технологиясын қолдана отырып оқыту; өздігінен оқуға үйрету; шығарма, шағын әңгіме құру, сөзжұмбақ құру, шешу, қиялдау арқылы сурет салу, рөлдерге бөлу, мазмұндама түрлерін жазу; тесттер мен тапсырмалар.Өздігінен білім алудың ең қолайлы жолы өзіміз қолданып отырған Я.Вассерманның « Биоақпараттандыру және Синергетика»технологиясы.Осы технологиямен жұмыс істеу барысында мен нені байқадым.

- Мұнда мұгалім тек басқарушылық рөл атқарады,көп түсіндіре бермейді,қажетті мәліметтерді қайдан табуға болатының және қалай оқып-үйренетінің айтып жасатып отырады.

- Оқушылар көп уақыт бойы белсенді,тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

- Мұғалім-пікірталасты,білім алуды ұйымдастырушы.

- Дағды қалыптасады, шаршамайды және өз білетінін басқаға үйретеді.

- Өзара қарым – қатынас қалыптасады.

- Өздігінен білім жинау дағдысы қалыптасады.

2. Өздігінен оқу – өздігінен білім алудың ең қолайлы жолы.

Кітап – ой еңбегінің әлдеқайда кең тараған құралдарының бірі болып табылады.Бүгінгі күндерге шейін А.С.Пушкиннің – ол ең жақсы білім деген ойы өзінің мағыналық тереңдігін жоғалтқан емес. Сондықтан оқушылар кітапханамен тығыз байланыс жасап отыру қажет. Кітапханамен байланыс жасайтын оқушы өздігінен білім алуға, ойланып оқуға, ақпаратты іздеп табуға тырысады және қандай қиын – ақпарат болса да өздігінен жұмыс істеуге үйренеді.Осының бәрі оқушыларды өздігінен білім алу әдетіне қалыптастырады.

3.Өздігінен білім алудың тағы біп жолы – шығарма, шағын әңгіме құру, сөзжұмбақ құру, шешу, қиялдау арқылы сурет салу, рөлдерге бөлу мазмұндама түрлерін жазу.

Оқушыларға мынандай жұмыс түрін жүргізуге болады.Оқушыларға сұрақ қойылады:

- Балалар «Күз» дегенде қандай көрініс көз алдарыңа елестейді?Сол күз көрінісін бейнелейтін мына бірнеше суреттерден реттеп алуларыңды сұраймын. Балалар сонда күз деген сөздің құстардың ұшып бара жатқанын, күзгі жылы киімдерді, ағаштарда жапырақтардың сарғайып тұрғанын, жеміс – жидектердің піскені туралы тандап ілулері керек. Соңынан осы суреттерге шығарма жазады немесе әңгіме құрауға болады.

Сыныптағы оқушылардың ұнатып ойнайтын ойындарының бірі – «Диалог - ертегі». Ойынның шарты мұғалім не бір оқушы ойдан шығарып кез келген әңгіме немесе ертегіні бастап кетеді.Ал қалған оқушылар бір – бір сөйлемнен әрі қарай жалғастырады. «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты» 1 – оқушы «Сол ұлы көгалда көьелек қуып жүріп адасып кетіпті» - десе, 2 – оқушы одан әрі жалғастырады. Міне ертегі осылай жалғаса береді.Ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтау тиіс.

Қате құрылған мәтінді, сөйлемдерді орын – орнына қойып, логикалық жүйелікті сақтап, қайта құрастырып жазу керек.

Оқушыларға мынадай тапсырма беріледі. Айым таңертен тұрып, сырт киімін жамылып далаға шықты. Күн суықтау, жер аппақ, ол айналасына қарап, не сезер еді? Бұл қай мезгіл?Ойланыңдар. Қолдарынан келгенше суреттендер.Оқушылар өз жазбаша жеткізеді.

Берілген тапсырмаларды сыныптастарынан бұрын болған балаларға түрлі тапсырмалар беремін.

Барлық сөз бірдей әріптен басаталатын мақал – мәтел, нақыл сөздер жазу тапсырмасы. Әріптерден сөз құрау, ұйқасын тап, әңгімені жалғастыр.

Оқушыларға суреттерде балалардың бала-бақшадағы достары, аулада ойнайтын құрбыластары, сыныптастары, серуендейтін достары туралы кітаптағы суретке әңгіме құрату. Балалар осы суреттерге қарап, өздерінің бала-бақшада бірге ойнаған достарын елестетіп, олардың есімдерін естеріңе түсіреді. Қандай ойындар ойнағандарын, қандай ойыншықтары болғанын айтып әңгімелеп, оқушылар алдында жария етеді.

Жағдаяттар, суреттер арқылы беріледі.Оқушыларға суреттерді салыстырып, қайсысы көмек екенін ажырату тапсырылады. Бұл жағдаяттарды талдатудың мақсаты оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, көмек туралы ұғымдарын кеңейтуге, өз ойларын еркін айтуына ықпал ету. Балалар жағдаяттарды талдап, өз шешімдерін сынып алдында жария етеді.

Балалардың жақсы көңіл-күйде жүруге дағдыландыруды ойын арқылы ұйымдастыруға болады.

«Көңіл-күйімді тап» атты бұл ойында мұғалім әр түрлі көңіл – күйді білдіретін сөздер жазылған кеспе қағаздарды үстел үстіне жазуы көрінбейтіндей етіп жайып қояды. Балалар кезегімен шығып кеспе қағаздардың біреуін таңдайды.Кеспе қағазда жазылған сөзді мұғалім баланы құлағына сыбырлап айтады. Бала сол көңіл – күйді тек қимылмен ғана көрсетеді.Балалар оның қандай көңіл – күйді көрсеткенін табуы тиіс.Кеспе қағазға жазылған көңіл күй қимылдарының үлгісі: күлімдеу, жымию, күлу, қуанғаннан секіру, бас бармағымен «бәрі жақсы» деп көрсету.

Ойын жаттығу.

«Сиқырлы жаңғақтар» ойын жаттығуы оқушыларды ойнай отырып ойлатуға, тақырыпты жете түсінулеріне ықпал етеді.

Мұғалім балаларға жұмбақ жасырады:

Сырты қатты, іші тәтті. (жаңғақ)

-Балалар, менің қолымда осындай үш жаңғақ тұр. Шынында да, осы жаңғақтардың сырты қатты болғанымен, іші сиқырлы.

Егер біз осы сиқырдың сырын білгіміз келсе онда жаңғақтың ішіндегі тапсырмаларды орындаймыз. Әр жаңғаққа түрлі- түрлі тапсырмалар береді.

Айтылған ойлар тапсырманы орындау барысында бекітіле түседі. Оқушылар берілген кестеге өзімшіл адаммен көпшіл адамға тән белгілерді жазады да, оларды салыстыра отырып, өз қорытындысын шығарады. Тапсырманы орындап болған соң, жария етеді.

Оқушылар берілген даналық сөздерді оқып, мазмұнын өз ойларымен түсіндіріп беруге ұмтылуы тиіс.

«Шыдамды, сабырлы адам-бастаған ісіңнің нәтижесін көреді...»(В. Ян.)

«Адамның басшысы-ақыл, қорғаны-сабыр» (Саққұлақ би)

«Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа.»

«Сабыр түбі-сары алтын», «сарғайған жетер мұратқа.»







Ойын-жаттығуы:

Тақтаға қағаздан жасалған қарағайдың сұлбасы ілінеді. Балаларға қағаздан қиып жасалған қарағайдың бүрлері таратылады.

-Балалар, сендер қарағай туралы әңгімелер оқыдыңдар. Қарағай өзінің бойындағы қандай қасиеттерімен ерекшеленеді. Естеріңе түсіріп көріңдерші. Қолдарыңдағы қарағай бүрінің артқы бетіне достарыңның ішіндегі ең төзімді, табандысының есімін және неліктен олай ойлайтындарыңды жазып, тақтадағы қарағайға орналыстарыңдар. Мысалы: Райымбек төзімді, өйткені ол қиындықты жеңе алады және т.б.

Балалар өз жазғандарын жария етіп, қағаздарын қарағай сұлбасына іліп шыққанда тақтада үлкен қарағай пайда болады. Мұғалім оларға тілек білдіреді:

-Осы қарағайдай төзімді бола біліңдер.

Осындай тапсырмалар балалардың қиялын дамытып, шығармашылығын шарықтатып, қабілеттерін шыңдайтынына және өз беттерінше жұмыс істеуге төселдіретініне көзім жетті.

Пайдаланған әдебиеттер:1.Г.Д.Айназарова- /Бастауыш мектеп/-2013-10

2.Өзін-өзі тану-әдістемелік құрал-/2010/


Оқушылар жетістігі


Шара атауы

Оқушының аты жөні

Жылы

Деңгейі

1.Абайла жолдан жас ұлан!

Мақсотов Мерлан

2011

Аудандық

І орын


2. «Өрт қауіпсіздігін сақтайық»

Өтеген Нұрлыбек

2011

Аудандық ІІІорын

3. «Пияздың емдік қасиеті»

Досжанова Земфира

2015

Аудандық ІІІорын

4. Бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы

Тұрдығұлова Аружан

2014

Аудандық ІІІ орын

Мұғалім жетістігі




Марапаты


Уақыты

Нәтижесі

«Алғашқы мұғалім кітабы»

2013

Аудандық

«Ең үздік сабақ»-2013

2013

Аудандық

«Шығармашылық ізденіс талабы»

2015

аудандық

Семинарға қатысы




Тақырыбы


Түрі

Уақыты

Білім беру кеңістігін ізгілендірудегі «Өзін өзі тану рухани –адамгершілік білімнің мүмкіндіктері»

конференция

2013

«Жаңа білім Жаңа ғасыр»


ғылыми семинар

2013

«Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды дамыту»

семинар

2012



А.Сейтмагамбетова
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> География пәнінен облыстық олимпиада
2015 -> Сыздыкова Гульжанар Каримовна карабаева Самал Сериковна Исетова Венера Мухаметжановна Список граждан, допущенных к собеседованию на объявленный конкурс
2015 -> Ибраев Жомарт Омашұлы; Результат конкурса по осуществлению отбора кандидатов на занятие
2015 -> Географиядан теориялық тур сұрақтары ( 9 сынып) Аудандық олимпиада 2014 – 2015 оқу жылы
2015 -> Биографическая справка
2015 -> Bala Turkvizyon 2015» Түрік әлемі әндерінің Ұлттық іріктеу турының ережесі Байқауды ұйымдастырушылар: «Bala Turkvizyon 2015» Ұлттық Түрік әлемі әндері байқауының (ары қарай Байқау) ұйымдастырушылары «rimas televiziyon Radyo Produksyon A


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет