Сабақ Әліпби (Алфавит) рет ретімен, белгілі тәртіппен орналасқан әріптер жиынтығы. Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар. А ә б в г



жүктеу 81.46 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі81.46 Kb.
түріСабақ

1- сабақ

Әліпби (Алфавит) – рет – ретімен, белгілі тәртіппен орналасқан әріптер жиынтығы. Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар.




А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Е

Ж

З

И

й

К

Қ

Л

М

Н

Т

У

Ұ

Ү

Ф

Х

һ

Ц

Ч

Ш

Щ

ъ

Ы

І

ь

Э

Ю

Я

044F
Әліпби – «әліп» және « би» деген араб әріптерінен түзілген.

Алфавит – «альфа» және «бета» деген грек алфавитінің екі әріпінен түзілген.
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы
Дыбыс құлаққа естіледі (ъ, ь), ал әріп – дыбыстардың таңбасы, құлаққа естілмейді, көзге көрінеді.
Тіл дыбыстары адам ойын жеткізу үшін қызмет атқарады.

2-сабақ
Қазақ тілінде 42 әріп бар. Әріп – дыбыстардың таңбасы. Дыбыстар 2 топқа бөлінеді: дауысты және дауыссыз.


Дауысты дыбыс дегеніміз – еш кедергісіз, созылып айтылатын дыбыстар. Олардың саны – 15, 3-уі қосарлы дыбыс таңбалар.
(тез жаттау үшін жұп-жұбымен айтамыз)

Дауысты дыбыстар: а-ә / о-ө/ ұ-ү/ ы-і/ э-е/ и-у.

Қосарлы дыбыс таңбалары: я, ю, е.
Дауысты дыбыстар еріннің, тілдің, жақтың қатысына қарай 3 топқа бөлінеді.

1.Еріннің қатысына қарай еріндік, езулік болып 2 топқа бөлінеді :

а)еріндік – еріннің ілгері қарай шығуы арқылы дыбысталатындар: ө-о/ ұ-ү/у-ю

б) езулік - еріннің кейін қарай жиналуы арқылы дыбысталатындар: а-ә/ е-э/ ы-і-и
2. Тілдің қатысына қарай еріндік, езулік болып 2 топқа бөлінеді :

а) тілдің ілгері қарай шығуы арқылы дыбысталатындар: ә-



Дыбыс және әріп

У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтулы.

У дыбысы дауыстыдан кейін және сөздің басында дауыстыдан бұрын келсе дауыссыз болады.

Мысалы: әуе, Зәуре, уақыт.

1. Ауа сөзіндегі У дыбысының дауысты немесе дауыссыз екенін анықтау.

2. Мына сөздерді буынға бөліп жазыңдар, сөздердегі у қандай дыбыс екенін айтыңыз.

Аула, дәулет, уақыт, саусақ, уәде, дауыл.

3. Сөздерді буынға бөл. Сөз ішіндегі У дыбысы қай орында (сөз басында, ортасында, соңында) тұрғанын айтыңдар.

Уық, уыз, уыс, тауық, қауын, жауын, атау, асау, ожау.

Дауыссыздан кейін және сөз басында дауыссыздан бұрын келген У дыбысы дауысты болады: сурет, жазу, улану, ушықты.

1. Мына сөздерге у дыбысын қосып жазыңдар. Жазу барысында қандай өзгешелік байқағаныңызды айтыңдар.

Оқы + у = оқу

Оқы, тоқы, тасы, қоры, басы, ұшы.

2. Мына сөздерді буынға бөліп жазыңдар. Сөздердегі У қандай дыбыс екенін айтыңдар.

Туыс, нулы, удай, жуу, ұшу, улы.

3. Шашу сөзінде қай орында жазылған. Дұрыс жауапты дөңгелекпен белгілеңдер.

1) У дыбысы сөз соңында

2) Сөз басында

3) Сөз ортасында.

4. Мына сөздерді буынға бөліп жазыңдар, сөздердегі у қандай дыбыс екенін айтыңыз.

Жуу, буу, қуу, суу, туу, ауу

5. Мына сөздерді салыстырып оқыңдар.

Алу-беру, егу-ору, үшеу-алтау, кіру-шығу, көру-салу, ауа-әуе.

6. Көп нүктенің орнына ұ, ү, у әріптерінің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жаз.

Жапалақ жемін т...нде аулайды. Жемі жақын жерде т...рса, көре қояды. Ал алыста т...рса, қ...лағына сенеді. Жапалақтың ест... қабілеті жақсы жетілген.

7. У дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

Киіз үйде уықпын

Ашулансам, уытпын,

Усойқы, уқорғасын

Деген шөптер – жолдасым.


У дыбысына диктант.

1. Дәуір, қоңырау, куәлік, гуілдеді, уыздай, уылдырық, жазу, ашудас.

2. Қауіпсіз, уақыт, елуінші, меруерт, хайуанат, сауу, жазушы, ушықты, умаштау, уық.
1) Көру диктанты.
У әрәпінің астан сыз.
Кеткен бірден жасарып.

Біздер тату-тәттіміз.

Біреулердей таласып.

Бөліспейміз затты біз.


2) Терме диктант

У әріпі бар сөздерді теріп жазыңдар.


Ат үстінде ән шырқасам Алтайдан.

Ақжайықта қуанып ел марқайған.

Мұздай төсек, қардан көрпе жамылар.

Көк дауылда, ақ жауындар жадырар.

Мен – баласы даланың

Кең далама тартып туған баламын.


3) Шығармашылық диктант
Ы, і әріптеріне аяқталған сөздердерге у әрпі қосылса, ы, і әріптері түсіп қалады. Оқы – оқу.
І. Жақшаны ашып сөйлемді дұрыс көшіріп жазыңыз.

1. Төртінші тоқсанда жақсы оқы(уға) уәде бердім.

Мұғалім үйреткеннің бәрін көңіліме тоқы(уым) керек.

2. Биыл қар көп жауған. Оңтүстіктен соққан желдің жылы(уы) қоймады. Қар ері(уге) айналды. Өзендегі мұз жа жібі(уге) бет алды. Жақында су тасы(уы) мүмкін.


ІІ. Қарамен жазылған сөздердің астын сызу керек, “у” дыбысын талдау.

Қоңырау соғылды. Біз сыныпқа кірдік. Мұғалім алғашқы сабақты бастады. Тақтаға үлкен сурет іліп қойды. Бұл бізге тұңғыш оқулық жазған ғалым А.Байтұрсынов екен. Ағай бізге ол туралы әңгіме айтып берді.


4) Бақылау диктант.
Әжесі Ерланға доп сатып әперді. Ол бұған қатты қуанды. Тезірек доппен ойнағысы келді. Далаға жүгіріп шықты. Байқаусызда табалдырыққа сүрінді. Доп жарылып қалды. Ерлан жылап жіберді.
И, й әрпінің жазылуы.

ІІ. А) И дыбысының алдындаЫ, і естілгенімен, олар жазылмайды. Киім, сирек.


Б) Сый, тый және бұлардан тараған сөздерде тек ый жазылады: Сый, сыйлық, сыйды, тый, тыйым.
І. И, й дыбысын тап

1) Инабат пен ибада

Ол тұрады.

Күллі адамзат сыйлаған

Имандық бар мұнда.
2) Апаға қоссаң, апаймын.

Атаға қоссаң, атаймын.

Дауыстыдан кейін кеп

Шолақ й боп атандым.


1. Мәтінді оқып, и, й дыбыстары бар сөздерді тап.

Олардың қандай дыбыс екенін анықтаңдар.


Айжан мен Дина

Айжан мен Дина дос. Олар бірге ойнайды.

Қуыршақтарына киім тігеді. Ине, жіп, қайшы салатын қораптары бар. Көйлекті матадан қиып тігеді. Оны моншақтап әшекелейді. Қыздардың қолдары икемді.

2. И әріпінен басталатын сөздердің астын сыз.

Ине, илеу, иіс, иман, иық, ирек, ит, икем.
3. Көп нүктенің орнына И, Й әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді жазыңдар

К...ін, қ..ын, ке...ін, ж..ын, о..ық, б...ік, к...ік.


4. Сөздерді салыстырып оқыңдар.

Қиын-киін

Қиық-киік

Тиын-тиін

Қи-ки

Ширақ-ширек



Қию-кию
5. Сөздерді есіңе сақта. (Дәптерге бірнеше рет қайталап жаздыру.)

Тиін, жиын, иірім, илеу, тыйым, сыйлық, сиыр, биыл.


4) Шығармашылық диктант
А) Көп нүктенің орнына “и” немесе “ый” әріптерін қой.

1. Әкесі Аманға жаңа ойыншық с...лады.

2. Халық Абай, Ыбырай шығармаларын қызыға оқ...ды.

3. Апам өзен жаққа баруыма т...ым салды.

4. Бір жерде Хамиттің к...імдері жатыр.
Б) Қарамен жазылған сөздердің қатесін түзеңдер.

1. Бұл жерде су дирмені салынған.

2. Райхан қасиетті далның жұпар исін мейірлене жұтты.

3. Нұрлан ағасымен бірге аулға кетті.


5) Бақылау диктанты

Диқандар бітік егін өсірді. Тау- тау астық қырманда үйірліп жатыр. Айнаш астық тасып жүр. Бидайды егінжайдан қырманға жеткізеді. Қайтадан бригадаға асығады. Көз ұшында комбайндар жүр. Алдында бір шоқ бидай орылмай қалыпты. Айнаш тракрын тоқтатты. (35)

Аққу

Ерте заманда аққулар ну орманда күнелтіпті. Ұшқан құс, жүгірген аң аққудың адалдығына сүйініпті. Ақылдығы үшін сыйлапты. Айбарлы арыстан да, жүректі жолбарыс та аққудың алдында бастарын иіпті. Аққуды өздеріне үлгі тұтыпты (30)


И, й дыбысына диктант.

1) Сөздік диктант.

1. Киік, жидек, биші, жиырма, иір, иінағаш, тиін, тиын, оқиды, тоқиды.

2. Мойын, мейіз, мүйіз, қайыс, айыр, зейін, есейді, көркейді, үлкейді.

3. Сыйлық, сыйлау, сыйлады, сыйды, сыйымды, тый, тыйымды, тыйылу, тыйылды.
2) Көру диктанты.
“И, й” әріптерінің астын сыз.

Бұйда


Бұйда – түйе жалбыры

Білмейді екен кім мұны

Түйе мінген бұйдасын

Шұбатпасын жинасын.


3) Терме диктант

“й’ әрпі бар сөзді теріп жаз.

Жинап алып ұл – қызды

Кірпіштен үй тұрғыздық,

Алайда оған сыймадық,

Ақ күшікке сыйладық.


Мақал

Сыйлап үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні
Я әріпінің жазылуы.

Сөзде йа дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына я әрпі жазылады. Мия, Сая, Таяқ.

Сөздегі и әріпінен соң а жазылмайды, я жазылады. Мия, тақия, Ғалия.

1. а...қ


2. та...ө

3. ба...у

4. бо...у

5. кар...

6. дар...

7. ұ...


8. а...

2. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, мәтінді көшіріп жаз.

Балалар са...хатқа шықты. Олар бұта түбінен қо...нды көрді.

Балалар қоянға та...нды. Қо...н зып берді. Са...хатшылар қорқақ қо...нды а...ды.


3. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрап жаз. Я дыбысының астын сыз.

1) Аяғы, қасқырдың, түсті, қақпанға.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет