Сабақ жарыс ойын түрінде өтті. Дүниежүзінің физикалық картасы, Африканың картасы көрнекі құралдар ретінде пайдаланылды. Сабақ мұғалімнің кіріспе сөзінен басталды. «Топ көшбасшысы»



жүктеу 23.2 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі23.2 Kb.
түріСабақ

САЙЫС САБАҚ
Оқушылардың Африка материгі бойынша алған білімдерін қорытындылау, пәнге қызығуын арттыру, ойлау қабілетін дамыту және сыныптағы «Топ көшбасшысының» анықтау мақсатында «Африка материгін қайталау» тақырыбымен сайыс сабақ өтті. Сабақтың дамытушылық мақсаты оқушыларды өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтай білуге үйрету, тәрбиелік мақсаты жолдастарына көмек беру, бірлесіп жұмыс жасау болды.

Сабақ жарыс ойын түрінде өтті. Дүниежүзінің физикалық картасы, Африканың картасы көрнекі құралдар ретінде пайдаланылды. Сабақ мұғалімнің кіріспе сөзінен басталды.



«Топ көшбасшысы» жарыс ойыны алты бөлімнен тұрады: «Бәйге», «Полиглот», «Ғажайып жетілік», «Кім жылдам?», «Картамен жұмыс», «Шешендік өнер».

І. Бәйге сайысында әрбір оқушы сұраққа тез жауап беруі тиіс, әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі.

Сұрақтар.

1. Африка материгінің жер көлемі қанша? (30,3 млн. ш.ш.)

2. Ең алғашқы Африканы ашқан кім? (Васко да Гамма)

  1. Африканың ең үлкен шөлі. (Сахара)

  2. Ең биік вулкан. (Килиманджаро)

  3. Африканың көп жауын-шашын түсетін жері. (Дебунджа)

  4. Жер шарындағы ең ұзын өзен. (Ніл)

  5. Африка материгіндегі экваторды екі рет кесір өтетін өзен. (Конго)

  6. Африкадағы көлемі жағынан ең үлкен өзен. (Виктория)

  7. Африкадағы ең ұзын көл. (Таньганика)

  8. Африкадағы Виктория сарқымасы қай өзенде орналсқан? (Замбези)

ІІ. Полиглот сайысында берілген сөздерді дұрыс оқып, орысша, ағылшынша (немісше) атайды.

  1. Үнк – күн 6. Тізең – теңіз

  2. Ерж – жер 7. Азбұғ – бұғаз

  3. Ензө – өзең 8. Ракта – карта

  4. Ату – тау 9. Алар – арал

  5. Лада – дала 10. Өлк – көл

ІІІ. Ғажайып жетілік сайысында әр пәндерден сұрақ беріледі.

  1. География. Аралдар пайда болуына қарай нешеге бөлінеді? (Матьериктер, вулкандар, маржандық)

  2. Қазақ әдебиеті. Шешендік сөздер нешеге бөлінеді? (Шешендік дау, арнау, толғау)

  3. Геометрия. Геометриялық фигураларға мысал келтір. (Үшбұрыш, квадрат, шеңбер)

  4. Өсімдіктану. Алабота тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады? (Көкбек, сексеуіл)

  5. Қазақ тілі. Сөз дегеніміз не? (Зат пен құбылыстыңң атауы, әріптердің жиынтығы)

  6. Тарих. VI ғасырды Қазақстан жерінде пайда болған қандай қағандық? (Түркі)

  7. Физика. Зат табиғатта неше күйде болады? (Қатты, сұйық, газ)

IV. «Кім жылдам?» сайысында аты аталған заттың не екенін тез атау керек.

  1. Сахара 4. Қазақстан 7. Үндістан

  2. АҚШ 5. Таньганика 8. Рас-Хафун

  3. Гималай 6. Амазонка 9. Бразилия




  1. Ніл 4. Сексеуіл 7. Австралия

  2. Қарағанды 5. Африка 8. Атлант

  3. Мыс 6. Гвинея 9. Қолтырауын


V. «Картамен жұмыс» сайыс кезінде кескін картаға ауызша аталған жерлерді түсіру керек. (Кайр, Дакар және Алжир)

VІ. «Шешендік өнер» сайысында мынадай тақырыптарда өз ойларын ортаға салып әңгімелейді.

  1. Туған өлкем – Сарытерек

  2. Қорғайық табиғатты, аялайық.

Қорытынды. Сайыс кезінде ұпайлар саналып, «Топ көшбасшысы» атанған иеленген топ анықталады.

Мұндай сабақтарда оқушылар тақырыпқа байланысты кең ауқымды түсініктер алады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет