Сабақ: «Жіппен бейнелеу»



жүктеу 78.86 Kb.
Дата01.03.2018
өлшемі78.86 Kb.
түріСабақ



Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы

Ашық сабақ:

«Жіппен бейнелеу»

Өткізген: Акимгалиева.Л.Д



2017-2018 оқу жылы







Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Жіппен бейнелеу

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға сәндік-қолданбалы өнер туралы түсінік беру.Математикалық кестелеудің техникасын меңгерту.

Әсемдікті сезінуге, көрнекі,бейнелі ойлау қабілетін жетілдіріп,іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын ояту,ұқыптылыққа,эстетикалық жағынан дамыған,ойлау шеңбері кең,жеке тұлға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысының стратегиялары (кластер,симантикалық карта,бес жолды өлең)

Сабақтың көрнекілігі: Жіппен бейнеленген суреттер,нұсқау карта,сызбалар.

Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет,бейнелеу

Сабаққа қажет құралдар:

Оқушылар үшін-картон,барқыт қағаз,жіптер,мулене,скоч,ине, сызғыш,карандаш,циркуль.

Мұғалімдер үшін-деманстрациялық материялдар,үлгілер,жіптер,инелер,таблицалар.

Күтілетін нәтиже: толық меңгеріп,түс таңдай білу,тігу жолдарын үйрену.

Топпен жұмыс:

Кластер түрінде:

Біз кесте






Шым кесте Айқас кесте

Тышқаніз кестес Әредік кесте



Симантикалық карта арқылы.





Айқас кесте

Шым кесте

Тышқаніз кестесі

Біз кесте

Әредік кесте

Әр жерге салынатын өрнек
















Қармақты бізбен тігілетін кесте
















Мата бетіне ашық жерін қалдырмай тігілетін кесте
















Инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі
















Нәтижесінде ілмек ортасында сопақтау үшбұрыш жасалатын кесте
















Өрнек ізімен төрт бұрышты етіп тігілетін кесте
















Өткермелеп шолу арқылы тігілетін кесте
















Тұтас кестеленген шымқай кесте
















Перде,жаға,балақ т.б жерлерге салынатын кесте
















Үш сызық арасымен,не шаршы сызық арасымен тігілетін кестен

















I.Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ шешу

II. Мағынаны тану. (2 топқа бөлу)

Жаңа сабақ:

Сіздердің әрқайысыларыңыз сурет салғанды ұнатасыздар.Біреулерін қарындашпен,бояумен,қарға саусақпен,асфалтқа бормен,тағы басқалармен сурет саласыздар.Дегенмен жіппен де бейнелеуге болады екен.Бұл- қатты негізде орындалатын сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі.Жіппен бейнелеу-жіптерден жасалған дизайнның бір түрі.Тегіс қол инемен және жіптерден бейнелеу өнері алғашықда Англияда пайда болды.Ағылшын тоқымашылары жіп қиылыстарынан өзгеше тәсіл тапты.Олар тақтайға шеге қадап,шартты кезекпен оған жіптерді керген кезде ерекше бір өрнектер пайда болған.Қазіргі таңда осы тәсілмен мерекелік хаттар,сәндік бұйымдар,мұқабалар, киім элементтерін безендіруге,сәнді понналар жасауға болады. Сабаққа қымбат материалдын қажеті жоқ.

Қорапшалар,түсқағаздардың қиындылары мен түрлі түсті жіптер әр үйде кездесе береді.

.

Сарамандық жұмыс:

Алдымен кестелеуді орындамас бұрын ҚЕ қайталап өтейік.

Инемен жұмыс істеу тәртібі:



  1. Инені ине түйрегішке ғана салу керек.

  2. Бір-бірімізге берген кезде ұшты жағын өзімізге қарату қажет.

  3. Инені киімге түйреуге,ауызға салуға болмайды.

Қайшымен жұмыс істеу тәртібі

.

1.Қайшының ұшты жағын жоғары қаратуға болмайды.



2.Бір-бірімізге бергенде сақина жағын қаратып беру қажет.
«Жіппен бейнелеудің» орындалу техникасы.

Кесте қатты негізде орындалады.Жұмысты бастамас бұрын сызбасын,компазициялық шешімін,түстер үйлесімін таңдап алу қажет.Одан әрі әрбір элементтін ішкі бетін толтыру.Жіппен бейнелеу техникасы өте қарапайым және әр жас ерекшелігіне тиімді.Оны меңгеру үшін екі тәсілді білген жөн:

1.Бұрышты орындау; 2.Шеңберді орындау 3. Доғаны орындау

1.Бұрышты орындау:

-Картонның теріс бетіне кез келген бұрыш сызу;

-Бұрыштың әрбір жағын тең бөлікке бөлу;

-Төбесінен бастап әр нүктені нөмірлеу керек;

-Төбесінен басқа нүктелерді инемен немесе бізбен тесу;

-Инеге жіп сабақтау;

-Жіпті теріс жағынан скочпен бекіту;

2.Шеңберді орындау

-Схема бойынша шеңберді тігу.

-Шеңбер сызу;

-Шеңберді тең бөлікке бөлу;

--Барлық нүктелерін инемен немесе бізбен тесу;

-Инеге жіп сабақтау;

-Жіпті теріс жағынан скочпен бекіту;

-Схема бойынша шеңберді тігу.



3. Доғаны орындау

-Доғаның үлгісін сызу;

-Доғаның басынан бастап санмен белгілеу;

--Барлық нүктелерін инемен немесе бізбен тесу;

-Инеге жіп сабақтау;

-Жіпті теріс жағынан скочпен бекіту;

-Схема бойынша шеңберді тігу.

Бірақ алдымен жіппен бейнелеу техникасын бастамас бұрын міндетті түрде білу керек құпиялармен танысу керек.

1.Бұрыштарды тігуде беткі жағында жіптер бір бұрышынан екінші бұрышына қарай тартылады,ал теріс жағынан бұрыштардың қабырғасында үзік сызықтармен көрінеді.

2.Шеңберді тіккенде оң жағынан жұлдызға ұқсас суреті көрінсе,ал теріс жағынан шеңбер бойымен үзік сызықтар пайда болады.

3.Егер,жіпті ұзарту керек болса,оның екі әдісі бар: жіпті теріс жағынан бекітеді және теріс жағынан оң жағына жаңа жіпті өткізеді; немесе жіпке жаңа жіпті байлап,ары қарай жұмысты жалғастыруға болады.

III. Толғаныс: бес жолды өлең

Сонымен біздер кестелеудің жаңа түрі жіппен бейнелеу деп аталатының білдік.Еңді осы кесте сөзіне бес жолды өлең құрайық.

1.Кесте

2. Әдемі,түрлі



3.Қызықтырады,ойландырады,жалықтырмайды.

4.Англия еліндегі өнер түрі.

5. Өрнек

Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау

Бағалау:
Жіппен бейнелеу өнерінің шығу тарихы
Жіптерді бейнелеу өнері XVII ғасырда Англия елінде пайда болды.Ағылшын тоқымашылары жіп қиылыстарынан өзгеше тәсіл тапты.Олар тақтайға шеге қадап,шартты кезекпен оған жіптерді керген кезде ерекше бір өрнектер пайда болған.Қазіргі таңда осы тәсілмен мерекелік хаттар,сәндік бұйымдар,мұқабалар, киім элементтерін безендіруге,сәнді понналар жасауға болады. Бұл өнерді қатты картон немесе ағашқа керілген мата түрлеріне жасауға болатын сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі.Бұл өнерді жіптерден жасалған дизайнның бір түрі деп есептеген.Қазырғы кезде бұл өнер түрімен көптеген елдерде айналысады,атап айтар болсақ АҚШ,Дания,Австралия және Жапон.

Бұл өнер түріне қымбат материалдын қажеті жоқ.

Қорапшалар,түсқағаздардың қиындылары, мата түрлері мен түрлі түсті жіптер әр үйде кездесе береді. Жіппен бейнелеу техникасы өте қарапайым және әр жас ерекшелігіне тиімді.
Бірақ алдымен жіппен бейнелеу техникасын бастамас бұрын міндетті түрде білу керек құпиялары бар екен.

1.Бұрыштарды тігуде беткі жағында жіптер бір бұрышынан екінші бұрышына қарай тартылады,ал теріс жағынан бұрыштардың қабырғасында үзік сызықтармен көрінеді.

2.Шеңберді тіккенде оң жағынан жұлдызға ұқсас суреті көрінсе,ал теріс жағынан шеңбер бойымен үзік сызықтар пайда болады.

3.Егер,жіпті ұзарту керек болса,оның екі әдісі бар: жіпті теріс жағынан бекітеді және теріс жағынан оң жағына жаңа жіпті өткізеді; немесе жіпке жаңа жіпті байлап,ары қарай жұмысты жалғастыруға болады.

«Жіппен бейнелеудің» орындалу техникасы.
Кесте қатты негізде де,немесе мата бетіне де орындалады.Жұмысты бастамас бұрын сызбасын,компазициялық шешімін,түстер үйлесімін таңдап алу қажет.Одан әрі әрбір элементтін ішкі бетін толтыру.Оны меңгеру үшін үш тәсілді білген жөн: 1.Бұрышты орындау 2.Шеңберді орындау. 3.Доғаны орындау

Нүсқаулық карта



1.Бұрышты орындау:

-Картонның теріс бетіне кез келген

бұрыш сызу;

-Бұрыштың әрбір жағын тең бөлікке бөлу;

-Төбесінен бастап әр нүктені нөмірлеу керек;

-Төбесінен басқа нүктелерді инемен

немесе бізбен тесу;

-Инеге жіп сабақтау;

-Жіпті теріс жағынан скочпен бекіту;


Шеңберді тігу:

-Шеңберді сызу;

-Шеңберді тең бөлікке бөлу;

--Барлық нүктелерін инемен немесе

бізбен тесу;

-Инеге жіп сабақтау;

-Жіпті теріс жағынан скочпен бекіту;

-Схема бойынша шеңберді тігу.

Доғаны тігу:

-Доғаның үлгісін сызу;

-Доғаның басынан бастап санмен белгілеу;

--Барлық нүктелерін инемен немесе

бізбен тесу;

-Инеге жіп сабақтау;

-Жіпті теріс жағынан скочпен бекіту;



-Схема бойынша шеңберді тігу.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет