Сабақ: Жолдан өте біл

жүктеу 134 Kb.
Дата06.01.2018
өлшемі134 Kb.
түріСабақ

Сабақ: "Жолдан өте біл!"

Сабақтың тақырыбы: «Жолдан өте біл»

Қоғамдық көліктерде айғалауға, қатты сөйлеуге болмайтының ескерту. Автобусқа кіргенде үлкен адамдарға, қарт әже мен атаға, балалы аналарға орын беру керектігін естеріне сала кету. Балабақшаға оң жақтағы жол жиегімен қайту.

  Сабақтың мақсаты: Балаларға жолда жүру белгісінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, белгінің атқаратын қызметі қандай, бұл белгілерді қалай түсініп пайдалануға болатының үйрету. Сондай-ақ қойылым ойыны арқылы жолда жүру ережесін есте сақтау қабілеттерін тексеріп, оған қызығушылықтарын арттыру.

 Дене шынықтыру нұсқаушысы:Балалар, қазір барлықтарың актердің ролінде боласыңдар, ал мен көрермен болып отырамын да, жыл мезгілдеріне қатысты сөздерді айтамын. Сендер сөны қимылмен көрсетесіңдер.

-         Күн суық.

-         Қар жауды.

-         Күн жылы.

-         Жыңбырлы күн.

-         Күн ыстық.

-         Бұлтты күн.

-         Жел соғып тұр.

Барлықтарың да жыл мезгіліне байланысты қимылдарды өте жақсы көрсеттіңдер.

-         Балалар жолдар қандай болады?

-         Тегіс жолдар, кең жолдар, тар жолдар, қысқа жолдар.Егер өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе, әрқашан жол жүру ережесіне абай болыңдар! Демек, жаяу жүргіншілерге қойылатын талапты бұлжытпай орындайық!

Бәрі: Жол тәртібін білейік

          Аман-есен жүрейік!

Ендеше, өзіміздің жол жүру ережесіне арналған ойынымызды бастаймыз.

Инспектор бала: - Сәлеметсіз бе, Айболит ата, жол тәртібін бұзып, жараланып келген ешкім жоқ па?

Айболит: Сәлеметсің ба, инспектор мырза! Әзірге ешкім келе қойған жоқ. (Осы кезде музыка ойналып, қорбаңдап аю келеді.)

Аю: (жыламсырап) Басымды ауыртып алдым, көмектесіңдер!

Инспектор бала: Ататай, қараңыз бір сұмдықты, Маймаққа не болды, кім ренжітті?

Айболит: Маймағым, айта ғой, жасымай, кім сені ренжіткен?

Аю: Бал таситын машинаға жармасам деп құлап қалдым.

Айболит: Ендеше, жылап тұрғаның ұят, жол тәртібін өзің бұзыпсың, маймағым!

  Балалар, қараңдаршы, маймақ аю дұрыс істеді ме? (Суретті көрсету)

Балалар: Маймақ аю дұрыс істемеді, машинаға жармаспаса, ол құламас еді.

  Жолдан дұрыс жүру керек, жол тәртібін білу керек.

Аю: Айболит ата, инспектор мырза! Мен енді ешқашан машинаға жармаспаймын, жол ережесін бұзбаймын!

  Осы кезе музыка ойналып, түлкі билеп шығады:

Мен түлкімін қараумын,

Бәріңді де алдаймын!

(Велосипедке мініп қоян келеді.)

Қоян: Сәлеметсің бе, түлкі бикеш!

Түлкі: Сәлем қоян! Сен неғып жүрсің?

Қоян: Велосипед теуіп жүрмін.

Түлкі: Маған да үйретші тебуді.

Қоян: Мақұл кел отыр.

(Екеуі велосипед тебеміз деп құлап қалады. Қоян белін ұстап, түлкі аяғын сүйретіп Айболит атаға келеді.)

Айболит ата, инспектор бала: Сендерге не болған?

Түлкі: (жымыңдап)

Мен өзім жүр едім серуендеп

Қоян ғой келді де мақтанып.

Мінгізіп алды да, айдады-ай елдіріп,

Байқамай құладық бір тасқа соғылып.

Қоян: Сен осы қашан қоясың алдауды? Өзің ғой мінгіз деп, артымнан жармасқан.

Айболит: (Түлкі мен қоянды қарап, тексереді де, екеуінен сұрайды.)

-         Қане екеуің айта қойыңдаршы. Мынау қандай белгі?

Қоян: Мынау менің велосипедіме ұқсайды екен.

Түлкі: Иә, ұқсайды.

Айболит: Балалар, сендер мынадай белгіні көргендерің бар ма?

Балалар: Велосипедпен жүруге тыйым салынады деген белгі.

Айболит: Демек, бұл жерде велосипедпен жүруге болмайды.

Түлкі мен қоян қателік жіберді.

Өздерің жол тәртібін білмейсіңдер, инспектор сендерді сынақтан өткізбей, велосипедке мінбейсіңдер.

Түлкі мен қоян: Жарайды, Айболит ата!

Инспектор бала: Мысығым-ау айтшы, кәне, не болды саған?

Мысық: (мяу-мяу деп жыламсырап, үзіліп түсуге әзер тұрған құйрығын көрсетіп) Достарыммен көшеде футбол ойнап едік. Көшеде келе жатқан машинаны байқамай қалдық. Дөңгелектің шетіне құйрығым ілініп қалды деп, төмен қарап тұрады.

Айболит: Басын шайқап, құйрығын жалғап береді. Инспектор мырза, мыналарға жолда жүру ережесін үйретіп, сонан соң сынақ алып көрейік.

Инспектор бала: Дұрыс айтасыз, Айболит ата, міндетті түрде сынақ алу керек. (Жұмбақ жасыру)

1.     Денесі бар, басы бар

Ал бірақта жаны жоқ.

Үш көзінде жалын – от,

Кезектесіп жұмылар,

Кезектесіп ашылар…

Жұмбақ шешер кімің бар?

(Бағдаршам)

2.     Төрт аяғы дөңгелек

Адамсыз ол жүрмейді

(Машина)

3.     Үзеңгісін тептім

Зымырап кеттім.

(Велосипед)

4.     Арқаным бар тым ұзын,

Кесіп бірақ ала алмайсың бір үзім

(Жол)

Ойын «Көлік түрлері»

Ал енді балалар мына ойыншықтарға қараңдаршы?

-         Мынау қандай ойыншық? (машина)

-         Машина қайда жүреді? (жолда, көшеде)

-         Ол қандай дыбыс шығарады?

-         Дұрыс айтасыңдар, балалар.

-         Ал, мынау қандай ойыншық? (кеме)

-         Кеме қайда жүреді? (суда)

-         Қанеки, қолымызбен көрсетейікші.

-         Су толқынымен былай-былай жүзеді екен.

-         Ал, мынау қандай ойыншық? (ұшақ)

-         Ұшақ қайда жүреді? (ауада, ауада ұшады)

-         Екі қанаты аяғы бар екен.

-         Ол қалай ұшады, қалай дыбыстайды?

-         Төменнен жоғары қарай (ву-ву-ву)

-         Ал, мынау қандай ойыншық? (пойыз)

-         Пойыз қайда жүреді? (теміржолда)

- Бум-бум, бум-бум, шик-шик, шик-шик.
- Қолмен бәріміз көрсетейік.
Ал, енді «Иә» және «Жоқ» деген ойын ойнаймыз.
Сұрақтар:
1. Көшеде келе жатқанда жол жүру ережесін сақтайсың ба? (Иә)
2. Көшеден өткенде жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өтесің бе? (Иә)
3. Сен әр кезде жол жүру ережесің бұзасың ба? (Жоқ)
4. Жолда сен бағдаршамның қызыл түсі жанса өтесің бе? (Жоқ)
5. Балабақшаға жаяу жүргіншіге арналған жолмен барасың ба? (Иә)
6. Бір орынды велосипедке үш адам отырып жүруге бола ма? (Жоқ)

Тәрбиеші: Балалар, бәрің де өте жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге!

Достарыңызбен бөлісу:

©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет