Сабақ жоспары №21 Күні-айы: 25. 03. 2016 Топ: эд-03 Курс: I мамандығы: 1114000 дәнекерлеу ісі



жүктеу 46.11 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі46.11 Kb.
түріСабақ

БЕКІТЕМІН

«Қаракемер кәсіптік колледжі»

МКҚК Аға шебері

______________Тукеева Ж.С.

Сабақ жоспары № 21

Күні-айы: 25.03.2016 Топ: ЭД-03 Курс: I

Мамандығы: 1114000 – дәнекерлеу ісі

Бөлімнің тақырыбы: Валикті доғамен балқыту және пластинді төменгі, көлденең және тігінен дәнекерлеу

Сабақтың тақырыбы: Тік және көлденең валиктерді балқыту. Түйістіріп, таврмен, бұрыштық қосылыстарды дәнекерлеу.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Білім алушыларға түйістіріп, таврлы, бұрыштық қосылыстардың айырмашылықтарын көрсете отырып дәнекерлеу әдістерін - тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: Білім алушыларға тік және көлденең валиктерді дәнекерлеуді үйрете отырып, әрі қарай дамыту.

Тәрбиелік: Студенттердің өз мамандықтарына қызығушылығын арттырып, жұмысты ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау) Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: Техникалық нұсқау картасы, металл дайындамалар, дәнекерлеу аппараты, электрод Д= 3-5 мм . Балғалар, болат щеткалар, соққыштар, сызғыштар, бор,жікті өлшегіштер, қорғаныш көзілдіріктер,жай әйнекті көзілдіріктер, электродұстағыш, маскалар, арнайы киімдер – брезент кеудешелер, шалбарлар, бас киімдер және қолғаптар.

Өткізілетін орны: электр газымен дәнекерлеуші шеберханасы
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3.Білім алушылардың оқу құрал - жабдықтарын тексеру.



2.Кіріспе нұсқау: (45 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;

1. пісіру қосылыстары дегеніміз не?

2. пісірілмелі түйіндер дегеніміз не?

3. пісіру жиегі денеіміз не?

4. дайындама мен пісіруге жиналған қосылыстардың параметрлерін атап айып бер?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;

тік жіктерді пісіру кезінде балқыған металдың тамшылары төмен қарай ағады. Сондықтан тік жіктерді пісіруді біршама қысқа доғамен жүргізеді,яғни мұнда балқыған металдың тамшылары электродтан жіктер шұңқырына оңай өтеді. Егер тік пісіруді жоғарыдан төменге жүргізу қажет болса, электрод алдымен I күйге қойылады, ал тамшылар түзілгеннен кейін төменге түсіріледі, II күйде келесі шұңқыр алынады да металл тамшысы біршама қысқа доға арқылы төмен қарай ағудан мүмкіндігінше ұсталынады. Тік жіктерді диаметрі 4 мм- ден аспайтын электродпен бірнеше төмендетілген токта ( 160 А) пісірген жеңіл болады. Бұл жағдайда жіктер шұңқырында сұйық металдың өте үлкен емес көлемі алынады.

Көлденең жіктерді жасау кезінде балқытылып пісірілген металдың ағуын азайту үшін тек жоғарғы табақтың жиектерін ғана қиғаш жасайды. Доғаны төменгі жиекте қыздырады( I күй), ал содан кейін металдың аққан тамшысы жоғары көтере отырып, жоғарғы табақтың жиегіне аударады(II күй).пісіру үшін біршама қиындық туғызатыны – төбелік жіктер болып табылады.


Негізгі ереже болып сұйық металл ваннасының электродының қысқа айқасулары арқылы қысқа доғаны ұстап тұру болып табылады. Бұл электродтағы тамшының сұйық металл ваннасына өтуіне себеп болады. Электродтың қозғалыс жылдамдығынан оны алып тастаса, доға өшіп қалады және металл ваннасы қатаяды.электродтың бұрылуы бұл жағдайда 70˚- 80˚-қа тең болады, әрі ол пісіру бағытымен бағыттас болады. Электродтың қозғалу бағыты жарты ай тәріздес немесе сақина тәріздес болады.

Жаттығуды мына формада жүргізу керек:



  1. Жекеленген білікшелерді дәнекерлеу.

  2. Параллель білікшелерді дәнекерлеу.

2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

1.төбе білікшелерін дәнекерлеген кездегі кездесетін қиындықтарды атап айт?

2. төбелік жіктерді пісіру кезінде қандай техника қауіпсіздікті сақтау керек?

3.жіктерді пісірудің қандай түрлері бар?

4.түйістіріп,тврлы,бұрыштық пісірген мен төбелік пісіруден айырмашылықтары неде?

2.7.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;

3.Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (4сағат)

3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:

1. Жұмыс орнын дайындап, жабдықтау

2. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау

3. Тік және көлденең валиктерді балқыту. Түйістіріп, таврмен, бұрыштық қосылыстарды дәнекерлеу.

3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):

- жұмыс орнының ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;

- жұмыс үстелінің дұрыс жабдықталуын тексеру;

- арнайы киімнің, қолғап, масканың бар екендігін ескеру;

- пісіру, дәнекерлеу жұмыстарының орындалу дұрыстығын тексеру;

- дайындаманың, электродтың дұрыс ұстау әдістерін бақылау;

- Тік және көлденең валиктерді балқыту;

-дайындама бөлшектерді түйістіріп дәнекерлеу;

-дайындама бөлшектерді таврлы дәнекерлеу;

-дайындама бөлшектерді бұрыштап дәнекерлеу;

- еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;

- технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;

- жұмыстарды қабылдау.



4. Қорытынды нұсқау (15 мин):

4.1. Сабақты қорытындылау;

4.2.Жіберілген қателерді талдау;

4.3.Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;

4.4. Үй тапсырмасы:үйден осы екі әдісті қайталап дәнекерлеу:

1. Жекеленген білікшелерді дәнекерлеу.



2. Параллель білікшелерді дәнекерлеу.

5.Жұмыс орнын жинастыру.

Ө/о шебері: _______________ Тебірекұлы Ә

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет