Әлеуметтік желілерде өтемақы төлеу туралы ақпарат тағы да тарады. Енді алаяқтар Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атынан әрекет етуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарата агентттігі Stopfake.kz. порталына сілтеме жасап.

Жарнамадағы сілтеме Ұлттық қордың жалған сайтына апарады. Онда 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы туралы жаңалық жарияланған. Олар салық аударымдарына, жұмыс өтіліне, өткен жылдағы сатып алу қабілетіне және шығындарға негізделген. Өтемақы мөлшерін тексеру үшін пайдаланушы өзінің ЖСН-ін теруге тиіс.

"Жалған сайттарда жеке ақпаратты қалдырмаған жөн. Алаяқтар оны өз пайдасына пайдаланады. ҚР Ұлттық қорының ресми сайты жоқ. Төлемдер бойынша барлық ақпарат ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің порталдарында жарияланады", — делінген хабарламада.

Ресми ақпарат көздерінде 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы туралы хабарланған жоқ.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.