Сабақ жоспары Бағдарламаның тақырыбы: «Қалыңдығы 4 мм-ге дейінгі табақты металлды дәнекерлеу»



жүктеу 44.9 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі44.9 Kb.
түріСабақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

№ 1 КӘСІПТІК ЛИЦЕЙ


ҚАРАЛДЫ: КЕЛІСІЛДІ: БЕКІТЕМІН:

«Газэлектрдәнекерлеуші» № 1 КЛ әдіскері: № 1 КЛ директорының

әдістемелік бірлестігінің _______Р.И.Мажитова ОӨЖ орынбасары:

жетекшісі: ______М.Б.Мубараков

_______Р.А.Чуюншалиева
Өндірістік оқыту бойынша ашық сабақтың әдістемелік дайындамасы

тақырыбы:
«Электродты үш бағытта жылжыта пісіру»

Өндірістік оқыту шебері: Есенгалиев Т.М.



Орал, 2011

Сабақ жоспары
Бағдарламаның тақырыбы: « Қалыңдығы 4 мм-ге дейінгі табақты металлды

дәнекерлеу»

Сабақтың тақырыбы: «Электродты үш бағытта жылжыта пісіруі»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға электродты үш бағытта жылжыта

пісіруді үйрету

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге

үйрету

Сабақтың көрнекілігі: Плакттар,схемалар,метал тілімшілері. 100х100х3 мм

балға,щеткалар,электродтар,арнайы киімдер


Өндірістік оқыту жұмыстарының көлемі:Өндірістік оқыту шеберханасы.

Сабақтын барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: 5/

  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

  3. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.


ІІ.Сабақтың құрылымы: 45/

  1. Сабақтың тақырыбымен мақсатын түсіндіру.

  2. Оқушыларға жаңа тақырыпты менгерту. (сұрақ-жауап)

- Тік күйінде пісіру кезіндегі техника қауіпсіздігі

- Жұмыс алдындағы міндеттер?

- Тік жағдайда қалай дәнекерлейміз?

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (қысқаша конспект)



Білікшелерді балқытып пісіру:

Электродты тек қана оның осьтері бағыттарына қою және электродты жік бойымен түзу сызықты жылжыту кезінде жіңішке (жікте) білікше алынады. Білікшені жасау кезінде электродты металдың бетіне көлбеулетіп ұстау керек. Бұл электрод осьтерінің бағыттарындағы оның ұштарының балқуы кезінде ағатын металл тамшыларының науаның балқыған металына түсуі үшін қажет. Электрод сондай-ақ, пісірудің қарама-қарсы бағыт жағына көлбеуленеді. Бұл жағдайда негізгі металдың толық балқу тереңдігі үлкен болады.

Электродтың көлбеу бұрышын пісірілетін металдың бетіне өзгерте отырып, пісіруші негізгі металдың блқу тереңдігін реттеуге, жіктердің білікшесінің дұрыс қалыптасуын ыңғайластыруға және науаның салқындау жылдамдығына ықпал етуге болады.

Жіңішке білікше жік түбірін толық пісіру кезінде жұқа табақтарды пісіруде және басқа жағдайларда салынады. Пісіруші жіктердің бойымен электродты неғұрлым баяу жылжытса, соғұрлым жалпақ болады.Әлетте жұқа жабындылы электродтармен пісіру кезіндежіңішке білікшенің ені электрод стерженінің диаметрінен 0,8-1,5 шегінде ауытқиды. Жіңішке, бірақ биік білікшеде балқытып пісірілген металдың көлемі үлкен болмайды, ол тез қатады және металда ерігені бөлінбеген газдар жікті кеуекті етеді. Сондықтан көбінесе кеңейтілген білікшелерді қолданады.Оны алу үшін пісіруші электродқа тербелмелі қозғалыс беру керек.



Пісірудің жоғары сапасы электродтың диаметріне, білікшенің 2,5-3 тең екі жағдайнда алынады. Бұл жағдайда балқыған металдың барлық шұңқырлары 1,2,3 бір жалпы науаға құйылады. Сондықтан негізгі және ерітіп пісірілген металдың біршама жақсы балқуы қамтамасыз етіледі және жік біршама берік болады.

Білікшенің өте үлкен екі жағдайында бір нүктедегі металл доға үш нүктеге оралған кездегі сәтте әлдеқашан қатып қалады да, осы аумақ толық пісірілмеуі мүмкін. Бұдан басқа, өте жалпақ жағдайында пісіру өнімділігі аз болады.

Білікшені балқытып пісіру аяқталғаннан кейін оның ұшында қалған шұңқыр мұқият түзетілуі керек. Егер мұны орындамаса, онда осы жерде жарықша пайда болуы мүмкін.



Қалың жабындылы эектродтармен пісіру кезінде балқыған қождың қабатымен сұйық металды толық, әрі тегістеп жабу қажет. Қож доғаның астында орналасуы, балқыған металмен араласпауы және доғаның алдына ақпауы, яғни әлі балқымаған металдың бетіне түспеуі керек. Металл бұл жағдайда сұйық күйде біршама ұзақ уақыт үзбей ұсталып тұруы керек.

Пісіру процесі элементтерінің бірі құрастыру кезінде пісірілетін табақтарды алдын-ала бекітуге арналған іліндерме болып табылады.

Іліндіру ұзындығы бірнеше сантиметр жіңішке білікшемен жүргізіледі. Іліндіру пісірудегі сияқты электродтар арқылы орналасады. Білікше-іліндірулердің беті мұқият тазартылады.

4. Практикалық бөлім:

- Жаңа тақырыпты менгерулеріне байланысты еңбек қолданысының

амалдарын көрсету:


  • Бүгінгі сабаққа байланысты жұмысты істеп көрсетеміз: металды кесіп дайындаймыз, тілімдерді түзету, тазарту жұмыстарын атқарамыз және пісіру қосылыстарды түсіндіру.

Еңбек амалдарын қолдану кезінде төмендегілерге назар аудару қажет:

Жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін сақтау керек,жұмысты мұқият өндіреміз.


Сабақ құрылымындағы жаңа тақырыпты бекіту:

    1. Электродты үш бағытта жылжыта қалай пісіреміз?

    2. Балқытып пісіру жағдайында электрод ұшын қалай қозғалтамыз?

    3. Пісіру жұмысы кезіндегі техника қауіпсіздігі.


Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру.
ІІІ. Оқушылардың жаттығу және өз беттерімен жұмыс түрі:

Оқушылар тілімшілерді әзірлейді,түзетеді,тазартады,дайындайды және тілімшілерді пісіреді.



Күнделікті құрылым: 4º40/

- Жұмыс барысында төмендегілерге назар аудару қажет;

- Жұмыс орнының әзірлігің тексеруу керек;

- Техника қауіпсіздігін қайталау және қадағалау;



- Шеберханадағы тазалықты,жарықты қадағалау;
ІV. Бекіту құрылымы: 10/

    1. Өндірісті оқыту сабағын қорытындылау.

    2. Оқушыларды жақсы жұмыс көрсеткені үшін бағалау.

    3. Оқушылардың жұмыс барысында жіберген қателіктерін көрсету,болдырмау тәсілдерін үйрету.

    4. Жабдықтарды жұмыс уақытын және еңбек амалдарын тиімді пайдалану.

    5. Оқушылардың бағасын не үшін алғанын түсіндіру.

    6. Үйге тапсырма беру.

    7. Жұмыс орның жинау.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет