Сабақ жоспары Мектеп: Қоныс ожббм мұғалімнің аты-жөні: А. Н. Кадесова Күні: Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар



жүктеу 85.78 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі85.78 Kb.
түріСабақ

Кадесова Алия Нуриевна

БҚО Казталов ауданы Қоныс ОЖББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Сабақ жоспары

Мектеп: Қоныс ОЖББМ Мұғалімнің аты-жөні: А.Н.Кадесова

Күні: Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3- бөлім: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер




Сабақтың тақырыбы:

Бесікке салу




Оқу мақсаттары:

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (5Т/А1.)




Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар:

Берілген суреттерге қатысты тірек сөздерге сүйене отырыптақырыпқа болжам жасайды.



Көпшілік оқушылар: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Кейбір оқушылар: Мәтін бойынша өз ойын тұжырымдап жеткізеді.




Бағалау критерийі:

Тірек сөздер мен суреттер арқылы тақырыпқа болжам жасайды.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, ойларын тұжырымдап жеткізеді.






Тілдік мақсаттар:

Бесікке бөлеу, сәби, әже, ата, шеше, әке, тербету, ұрпақ тәрбиесі, халық әндері.

Бесік - жас нәpестеге аpналып жасалған, теpбелмелi ағаш төсек.

Түбек - сәбидi бесiкке бөлегенде, жаялығы былғанбас үшiн бесiктiң астын тесiп оpнатқан киiз не басқа зат.

Менің ойымша, біріншіден, қорытындылай келе т.б.






Құндылықтарға баулу:

Қазақ халқының тәлім-тәрбиесі, отбасы дәстүрлерінің маңызы




Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, өзін-өзі тану




Тақырып бойынша алдыңғы білім:

Отбасындағы дәстүрлер




Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
4 минут

Топқа бөлу

(2-3 мин)



ТЖ. Ширату жаттығуы: Берілген суреттер бойынша тыңдалым тақырыбына болжам жасату.

1) Тірек сөздерді ұсыну-

Ата, әже, жөргек, жастық, көрпе, тартпа бау, түбек, шүмек, жабу, көрпе, тербету.

2) Иллюстрациялар ұсыну –

Болжауға байланысты сұрақтар қойылады.


  • Суретте кімдер бейнеленген?

  • Суретте балаға қатысты қандай дәстүр бейнеленген? т.б....




\




Дескриптор

  • Әр суретке қатысты сөздер айтады.

  • Суреттер бойынша ортақ тақырып ұсынады.

  • Тақырыпты сөз тіркесімен береді.



ҚБ- «Смайликтар арқылы бағалау» -

  • -Тамаша! - Жақсы! - қанағат!

Тақырып атауы келтірілгеннен кейін оқушыларға--- -Сабақ мазмұнының «Бесікке салу» тақырыбында өтетініне назар аударту.



Ата, әже, әке, ана – сөздері жазылған қима қағаздары

Тірек сөздер, түрлі-түсті суреттер




Сабақтың ортасы
Мәтін 2 рет тыңдалады.
7 минут

5 минут

5 минут

7 минут


5 минут


Тыңдалымды ұйымдастыру

Мәтінді тыңдар алдында оқушыларғамәтінге арналған тапсырма және сұрақтар таныстырылады.



ЖЖ. «Ойлан» - «Жұптас» - «Бөліс» - Идеялар мен

ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі.


1 Тапсырма:



  • Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайтын тірек сөздерді теріп жазыңыз.

  • Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз.

ҚБ – «Басбармақ» - оқушылардың түсіну, ұғыну деңгейін

бағалау.



Мен түсінемін, түсінгендеймін, түсінбедім.
Мәтін Бесікке салу

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі.

Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан.

Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.

Баланың ұйқысы тыныш болу үшін адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған.

Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабылады. Бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын, кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілек. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Бұл дәстүр тыштырма деп аталады. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған рәсім. Тыштырма үйлестіріп болған соң, барлық отырғандарды қамшымен арқаларынан ұрып шығады.



С. «Бес қадам» әдісі – Ортаға табан іздері тасталады. Сыныптан 5 оқушы ортаға шығады. Әр оқушыға тақырып бойынша бір сұрақ қойылады. Оқушы табан іздерін баса отырып, жылдам жауап береді.

Сұрақ үлгілері:



  • Баланың дүниеге келуімен байланысты салт-дәстүрді ата.

  • Бесікке қатысты мақал-мәтел айт.

  • Бесікке жабылатын 7 нәрсе.

  • Бесікке салу дәстүрінде қандай ырымдар жасалады?

  • Бесікке қатысты 3 сын есім айт.

Ж. «Сұхбат» әдісі

Оқушылар өз білімдері мен түсініктерін арттыру үшін сұрақ құрастырады. Талқылауға арналған сұрақтар құрастырып, сыныптастарына сұрақ қойып шығады. Кемінде үш баладан жауабын алады.. Нәтижесінде «Бесікке салу» тақырыбында сұхбаттасып, өз серігімен ойын бөліседі.



Дескриптор:

  • Талқылауға арналған сұрақтар құрастырады

  • Кемінде үш баладан жауап алады

  • Сұхбат құрып, өз жұбымен бөліседі.


ЖЖ. №3«Қос жазба күнделігі» - мәтін мазмұнына оқушылардың зейінін аударып, өз қатысын, қабылдауы мен түсінігін келтіре алатын кесте.
Үзінділер / «Цитаталар»Түсіндірме /

Комментарий

(мәтіннен (неліктен бұл үзіндіні

өзін толғандырған, жазып алды, оның

қызықтырған, келісетін, себебі қандай?)

келісе алмайтынт.б.

үзінділерді сөз тіркесімен,

қысқаша сөйлеммен жазу)


Тыңдалым материалы

Мәтін


Қима қағаздар

слайд


Мысалы:

  • Ағаш бесік көшпелі

өмірге өте қолайлы.

  • Бесікті адыраспанмен

аластау, т.б.

ҚБ - 1. Жұптарда өзара бағалау ( Мұғалім мадақтауы)
Ж. №4 Тапсырма

«Төрт сөйлем» тәсілі

  1. Пікір

Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

  1. Дәлел

Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

  1. Мысал

Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

  1. Қорытынды

Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

Сабақтың соңы

6 минут


ТЖ: «Автор орындығы» - мәтін бөлімдеріне сай бір ой тезис түрінде беріледі. Топта талқылап, ойды мәтінге сүйене отырып, автор орындығында қорғайды.

Мысалы: 1. «Бесіксіз үйде береке жоқ»

2. «Туған жер –алтын бесік»

3. «Бесікке салу –өнегелі дәстүрге толы рәсім»

Бағалау критерийі:

- Тақырыпқа сай ойын жеткізе алады.



  • Дәлелдер келтіре алады.

слайд

Кері байланыс «Бүгінгі сабақ ұнады ма?»

3 минут


Бұл сабақта маған не қиын болды?

Бұл мен үшін неге қиын болды?

Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім/ еңсере аламын?







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет