Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі кеше 23:53-те Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 487 шақырым жерде 5,3 балдық жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарайды. 

Фото: freepik.com

Сеймологтардың ақпараты бойынша зілзала эпицентрі Қытай аумағында орналасқан. Бұл – афтершок.

Энергетикалық санаты – 11.6. MPV магнитудасы – 5.3. Координаттары 41,71°с.е. 82,48° ш. б. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, кеше Алматыда магнитудасы 2 балдық, ал Алматы облысында 3 балдық жерасты дүмпулері тіркелді. 

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.

"10 сәуір күні Алматы уақыты бойынша сағат 19.56-да төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 484 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,6. Магнитудасы MPV 6.0. Сезілу бойынша ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы – 2 балл, Кеген, Райымбек аудандары – 3 балл", – делінген сейсмологтар таратқан хабарламада.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.