Сабақ жоспары сабақтың мақсаты: Банкроттықтың пайда болу себептері және банкроттықтың түрлері туралы тереңінен мәлімет беру



жүктеу 46.45 Kb.
Дата14.03.2018
өлшемі46.45 Kb.
түріСабақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӨҢДЕЛУІ

Тақырыбы: Банкроттық кезіндегі жойылу

Атырау, 2016 жыл

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың мақсаты: Банкроттықтың пайда болу себептері және банкроттықтың түрлері туралы тереңінен мәлімет беру.

Білімділігі: Пән арқылы студенттерге тақырып туралы толық мағлұмат беру, ұғындыру.

Дамытушылығы: Студенттердің кәсіпорынның қаржылық қиындықтарға ұшырауы жөніндегі білімдерін ары қарай тереңдетіп, дамыту.

Тәрбиелілігі:Пән арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын

арттыру.


Сабақ құрылымы

1.Сабақ ұйымдастыру. Студенттермен амандасу, аудиторияның тазалағы мен дәріс өткізуге қолайлылығын тексеру, оқушыларды, сабаққа қатысын түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сабақты бастау.

2.Өткен материалдарды қайталауОқулықтарды негізге алу арқылы студенттердің білімін

тексеружәне жаңа тақырып бойынша пікірлерін тыңдау.



3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Жоспары:



  1. Банкроттықтың пайда болу себептері

  2. Ерікті түрдегі банкроттық

  3. Мәжбүрлі түрдегі банкроттылық

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылықмеханизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.

Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:

1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:



  • - экономикалық реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;

  • - инфляцияның аса жоғары деңгейі;

  • - фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;

  • - бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.

2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:

  • - банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;

  • - жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;

  • - өндіріс көлемінің төмендеуі;

  • - ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдерінің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;

  • - аяқталмаған жоғары шығындар;

  • - өнімнің төменгі рентабельділігі;

  • - өндіріс циклінің өте көлемді болуы;

  • - үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;

  • - ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.

Кәсіпорындардың (ұйымдардың) банкроттық механизміҚазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады, ол арнайы процедураларды өткізу, төлемқабілетсіз борышкерді сауықтыру, заңды тұлғаны банкрот деп тану мен оны тарату, сонымен қатар таратудың соттан тыс процедурасын өткізу тәртібі мен шарттарын анықтайды.



Төлемқабілетсіздік деп борышкердің ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын, оның ішінде жалақыны төлеу бойынша талаптарын қанағаттандыра алмау қабілетін, сонымен қатар өзіне тиесілі мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қанағаттандыра алмау қабілетін айтады. Борышкер төлемқабілетсіз болып танылады, егерде ол орындау мерзімінен бастап үш ай ішінде міндеттемелерін орындамаса. Оның міндеттемелері активтер құнынан артады, егерде оның балансының қанағатсыз құрылымы болса.

Банкроттық екі түрде болады:



  • Ерікті түрде борышкердің сотқа өтініші негізінде жүзеге асырылады.

  • Мәжбүрлі түрде несие берушінің сотқа өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Банкроттықтың түрлері:


  • Жалған банкроттық – несие берушілерге тиесілі төлемдердің немесе қарыздардан жеңілдіктердің уақытын создыру үшін, сәйкесінше қарыздарды төлемеу үшін жасалатын несие берушілерді шатыстыру мақсатында өзінің төлемқабілетсіздігі туралы коммерциялық ұйымның иесімен (дара кәсіпкермен) немесе басшымен жалған түрде жариялау.

  • Алдын-ала ойластырылған банкроттық – коммерциялық ұйымның иесімен (дара кәсіпкермен) немесе басшымен жеке мүдделерді немесе басқа да мүдделерді көздей отырып жасалған, ірі зиян тигізген төлемеқабілетсіздікті әдейі құру немесе көбейту.

  • Нақты банкроттық пайдаланылатын капиталдың нақты жоғалтуларына байланысты кәсіпорынның болашақта өз қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігін толық қалпына келтіре алмау қабілетімен сипатталады. Капитал жоғалтуларының апаттық деңгейі мұндай кәсіпорынға болашақ кезеңде тиімді шаруашылық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, соның салдарынан ол заңды түрде банкрот деп жарияланады.

  • Техникалық банкроттық. Пайдаланылатын термин дебиторлық борышты төлеу мерзімінің біршама өтіп кетуінен болған кәсіпорынның төлемқабілетсіздік жағдайын сипаттайды. Және де мұнда дебиторлық борыш мөлшері кәсіпорынның кредиторлық борышынан артады, ал оның активтерінің сомасы оның қаржылық міндеттемелерінен біршама артады.



  1. Білімді бекіту: Ойқозғау мақсатында тапсырма беріледі. Шашыранды сөздерден анықтама құрастыру. Сонымен қатар «Сіз менеджер ретінде өз кәсіпорыныздың банкроттыққа ұшырамасы үшін қандай жұмыстар атқарар едіңіз?» атты сауалға өздерінің ой пікірлерін білдіру.

  2. Сабақты қорытындылау бөлімі:Сабақты пысықтау мақсатындасұрақ – жауап арқылы «БІЛІМ ШЫҢЫНА» жету:

- Банкрот дегеніміз не?

- Банкроттықтың түрлері

- Ерікті түрдегі банкроттық

- Мәжбүрлі банкроттық

- Жалған банкроттық

- Нақты банкроттық

- Алдын ала ұйымдастырылған банкроттық

- Техникалық банкроттық

- Төлем қабілетсіздігі түсінігі

- Санация дегеніміз не?

- Табыстың ммаңыздылығы

- Тәуекелділікті басқару

6. Үйге берілген тапсырма: «Сіз банкорт деп танылғанқандай мекемелерді білесіз?» тақырыбы бойынша қосымша дайындалу.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет