Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Сурет саламын. Қайталау. Сабақтың мақсаты



жүктеу 35.78 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі35.78 Kb.
түріСабақ

Қазақ тілі


Сынып :

1 «Б»

Күні:

19.01.2016ж

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сурет саламын. Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаңа тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.

Дамытушылық: Практикалық тапсырмалар арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Тақырыпқа байланысты оқушылардың тілдік қорын байыту, өз ойларын жеткізе білуге үйрету, орыс тіліне аударуды дамыту.

Табыс критерийлері:

Ресурстар: оқулық, суреттер, интерактив тақта..

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)

 Амандасу. Сабаққа психологиялық әзірлік. Бір-бірімізге, сабаққа сәттілік тілеу.



ІІ. Өткен материалды қайталау: (7 мин)

Дұрыс балалар. Ал балалар бүгін бізге сабаққа кім келгенін қараңдаршы. Бұл «Дымбелмес» екен. Балалалар тақтаға қараңдаршы тақтада ненің суреті тұр. Дұрыс бұл таудың суреті. Таудың аяқ жағында кім тұр? Дымбелмес тұр. Таудың басында не тұр? Дұрыс жалау тұр. Сол жалауға сендер Дымбелмеспен бірге жетулерің керек. Ол үшін сендер бірнеше тапсырманы орындауларың керек.



  1. Балалар сендердің бірініші тапсырмаларың үй тапсырмасы.

1 слайд: үй тапсырмасы оқу құралдар туралы тақпақ

Балалар өткен сабақта біз оқу құралдарын өттік. Үй тапсырмасына мен оқу құралдары туралы тақпақ жаттауға бердім. Кім дайын? Қане мәнерлеп айтып шығайық. Жақсы, жарайсыңдар.



2 слайд оқу құралдарының суреттері. Балалар тізбектеп айтып шығады. Ал балалар мына слайдқа қарайықшы және оқу құралдарын айтып шығайық. Жақсы міне сендер бірініші тапсырмадан өттіңдер.

ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау: (15 мин)

Жарайсыңдар балалар. Ал енді дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық.



3 слайд: күн, көркем жазу жазылып тұрады. Балалар қандай сөз берілген.

Т-дауыссыз,қатаң дыбыс «Тау» - гора, фонетиалық талдауды ауызша жасайық. Бірінші біз дыбыстық талдау жасаймыз. Тау – 3 ә, 3 д, 1 дауысты,

2 дауыссыз, 1 буын.

Т-д-з, қатаң дыбыс

А-д-ы, жауан дыбыс

У-д-з, үнді дыбыс



4 слайд: Тақтаға қараңдаршы, мынау ненің суреттері. Балалар айтады. Бір-бірден тақтаға шығып жазады, қалғандары көшіреді. Бұлар не үшін керек? Дұрыс сурет салу үшін керек. Ал осының ішінде артық затты тауып беріңдерші «кітап» ол неге артық қалай ойлайсыңдар? Дұрыс ол оқу құралы. Балалар кітапқа сурет салуға бола ма? Жоқ. Парақтарын жыртуға, жазуға бола ма? Жоқ. дұрыс болмайды. Кітап бізге не үшін қажет? Ол бізге оқу үшін, білім алу үшін керек.

 сөздік жұмысы.

Сурет - рисунок

Түрлі түсті қарындаш – цветные карандаши

Бояу – краски

Қылқалам - кисточки

Жаңа сөздерді хормен айтып шығайық.

Міне балалар сендер екінші тапсырмадан да өттіңдер. Жарайсыңдар.

Сергіту сәті Ал енді сендер шаршаған боларсыңдар сергіту сәтін жасайық.

Бала. бала, балақан

Қане, қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

ІҮ. Кітаппен жұмыс:

Мәтін: Әлібек бірінші сыныпта оқиды. Әлібек сурет салғанды жақсы көреді. Бүгін сурет сабағы болады. Әлібек сурет сабағына дайын. Ол қарындаштарын ұштап қойды. Әлібек таудың суретін салды. Мұғалімге сурет ұнады.

Берілген мәтінді оқытқызу. Сұрақ қою. Балалар сұраққа жауап береді?



  1. Баланың аты кім? Әлібек

  2. Ол нешінші сыныпта оқиды? 1 сынып.

  3. Ол не жақсы көреді? Сурет салғанды.

  4. Ол ненің суретін салды? Таудың.

  5. Мұғалімге ұнады ма? Ия.

Ал енді балалар мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемді дәптерлеріңе көшіріп жазып, қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызып шығыңдар. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталап шығайық:

  1. Неше дыбыс бар? 9

  2. Олар қандай дыбыстар? Ә,ө,қ,ұ,ү,ғ,ң,і,һ

Жарайсыңдар, бұл тапсырмадан да өттіңдер.

Ал енді соңғы тапсырма. Балалар таудың суретін шығарайық. Тау қандай түсті болады? Дұрыс қоңыр. Ал оның етегінде не өседі? Шөп. Шөп қандай түсті болады? Жасыл. Таудың басында не жатады? Қар. Қар қандай түсті болады? Ақ. Міне балалар таудың суреті де шықты. Сендерде Дымбілмеспен бірге таудың басына шықтыңдар. Жарайсыңдар. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Ия.



V. Бағалау : (5 мин)

Жарайсыңдар сабаққа бәрің жақсы қатыстыңдар.



VІ.Үй жұмысын беру: (1 мин)

1) Мәтінді дәптерге көшіру.



2)Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет