Сабақ жоспары Тақырыбы: Волейбол. Допты алу-беру әдісін жетілдіру



жүктеу 59.68 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі59.68 Kb.
түріСабақ

Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: Волейбол. Допты алу-беру әдісін жетілдіру.

Шабуыл әдісін үйрену.

Екі жақты ойын.


Сабақтың мақсаты:


  1. Оқушылардың волейбол ойыны бойынша допты алу-беру әдісін жетлдіру. Оқушыларды волейбол ойынын ойнауға қызықтыру.

  2. Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

  3. «Волейбол» спорт ойынында күш пен ептілікті дамыту. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас

Құрал – жабдықтар: волейбол доптары, ысқыруық, волейбол торы.


п/п

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Ұйымдастыру – әдістемелік нұсқаулары

1

Сабақтың кіріспе бөлімі

25-30мин







1. Сапқа тұру

  • амандасу;

  • түгендеу

  • сабақтың мақсатымен таныстыру.



1-2 мин

Оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару, бір қатарға тұруын қадағалау.

Түзу тұруына ,спорттық киіміне назар аудару, бұйрықтың дұрыс орындалуын қадағалау.

Кеуде алдыға, бағыттаушыға бұрылу, төртінші адамның кеудесін көру.





2. Саптағы жаттығулар:

  • оңға;

  • солға;

  • кері айнал.

4-5 реттен



Оң иықпен оң аяқтың өкшесімен, сол аяқтың басымен бұрылу.

Сол иықпен сол аяқтың өкшесімен, оң аяқтың басымен бұрылу.

Сол иықпен сол аяқтың өкшесімен, оң аяқтың басымен 180 градусқа бұрылу.





3. Жүру және жүрістің түрлері:

а) қолды көтеріп,аяқтың ұшымен;


б) қолды белге қойып, өкшемен жүру.
- екі қолды бүгіп иыққа қойып, табанның сырт жақ қырымен жүру

- екі қолды бүгіп иыққа қойып, табанның ішкі қырымен жүру

- қолды белге қойып, жартылай аяқты бүгіп жүру

- қолды тізеге қойып, толық отырып жүру



1-2 мин

Алақандарды бір біріне қаратып қолды жоғарыға көтеріп, денені түзу ұстау.

Аяқты түзу қою, денені түзу ұстау, басты еңкейтпеу.

Денені түзу ұстау және аяқтардың түзулігіне мән беру.

Жартылай аяқты бүгіп журуде басты төмен түсірмеу.






4. Жүгіру:

-оң, сол, бүйірмен;


-тізені жоғары көтеру;
-өкшені биік көтеріп;
-артпен.



2-3 мин

Қалыпты демалып, мұрын арқылы демалу, тыныс алуды ішіңде сақтамау, жүгіру қалпын сақтау.




  1. Тыныс алуды реттеп жүру:

1-2- қолды жоғары көтеріп, тыныс алу;

3-4-қолды төмен түсіру, демалу.



30-40 м

Терең тыныс алу, шұғыл демалу, мұрын арқылы тыныс алу, ауыз арқылы демалу.




6. Жалпы дамыту жаттығу:

а) Б.қ. – негізгі.



  • 1,2-қолды көтеріп, аяқтың ұшына тұрамыз, тартыламыз;

  • 3,4- Б.қ.

б) Б.қ. – аяқты алшақ, қолды белге.

  • 1,2,3,4-басымызды оңға айналдырамыз;

  • 5,6,7,8- солға.

в) Б.қ. –аяқты алшақ,қолды иыққа.

  • 1,2,3,4- қолды алдыға айналдырамыз;

  • 1,2,3,4- артқа.

г) Б.қ. –аяқты алшақ,қолды кеуденің алдына.

  • 1,2- оң жаққа бұрылу;

  • 3,4- солға.

д) Б.қ. –аяқты алшақ, қолды белге.

  • 1-оңға еңкею;

  • 2- алдыға;

  • 3-солға;

  • 4-артқа.

е) Б.қ. – аяқты алшақ, қолды белге.

  • 1-оң аяққа еңкею;

  • 2-Б.қ.

  • 3,4-сол аяққа.

ж) Б.қ. – негізгі, қолды бастың артына.

з) Б.қ. – негізгі, қолды белге.

  • 1,2,3,4- оң аяқпен секіру;

  • 1,2,3,4-сол аяқпен секіру;

  • 1,2,3,4- екі аяқпен секіру.

Доппен жаттығулар:
- допты жоғарыдан екі қолымен бастан асыра беру;
- допты оң және сол қолы мен беру;
- допты екі қолымен еденге соғып беру;

- доптыжоғарыкөтеріп, оңжәнесолқолыменеденгесоғып беру.




8 жаттығу
4-6 рет

4-6 рет


4-6 рет

4-6 рет


4-6 рет

4-6 рет

4-6 рет

4 рет



10 рет
10 рет
10 рет

10 рет



Қолды түзу, арқаңды тік, басыңды жоғары, тік ұстау.

Аяқты түзу, арқаңды тік ұстау.
Басыңды тік, аяқты түзу ұстау.
Аяқты түзу, басыңды тік, жауырынды тік ұстау.
Аяқты түзу, басыңды түзу ұстау.

Аяқты түзу, бас-белді түзу, қолды түзу ұстау.

Бас-белді түзу, қолды түзу ұстау.

Бас-белді түзу, аяқты түзу ұстау.


Қолдың басымен ғана беруді қадағалау;

Тізені жартылай бүгіп бір қолымен көтеріле беру;

Допты жоғары көтеріп, артқа қарай шалқая екі қолдың басымен жылдам соғып беру;

Допты жоғары көтеріп, артқа қарай шалқая оң және сол қолының басымен кезекпен жылдам сермеп соғып беру.


2

Сабақтың негізгі бөлімі

50мин







  1. Допты алу-беру әдісін жетілдіру.

– допты алу:







  • - допты беру






  1. Шабуыл әдісін үйрену.




  1. «Волейболдан» екі жақты ойын.



7 мин


7 мин

10 мин


26 мин

Қауіпсіздік ережелерін орындау техникасын көрсету және ескерту.

Негізгі орындау ережелеріне назар аудару.

Дұрыс орындауды бақылау, қажет болғанда нұсқау беру.


Орындау техникасындағы қателіктерге көңіл бөлу.



3

Сабақтың қорытынды бөлімі

10мин







  • Оқушыларды сапқа тұрғызу;
    Денені босаңсыту жаттығулары;

  • Залдың шетімен тыныс алу жаттығуларын жүргізу;

  • Саптағы бой сергіту жаттығуы (көзді жұмып бір минутта 60 рет санау);




  • Сабақ қорытындысы.

5 мин

3 мин

2 мин


Кеуде алдыға, бағыттаушыға бұрылу.

Жаттығуды еркін орындау.



Жақсы дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау.
Жіберген қателіктерін айту.
Ынтасыз оқушыларға ескерту.
Оқушыларды бағалау.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет