Сабақ жоспары «Тексерілді»



жүктеу 87.27 Kb.
Дата24.04.2019
өлшемі87.27 Kb.
түріСабақ

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Тексерілді»

Оқу ісі-жөніндегі орынбасары

22.12. 2016ж ___________________

Пән аты: Информатика

Сыныбы 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Модельдің түрлері және модельдеу

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға модельдерді жіктеуді, модельдеуді орындауды, анықталған кезеңдерге сәйкес міндеттерді рәсімдеуді үйрету;

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК,электронды оқулық, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар, заттардың моделі.
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру - 5мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (модельдер) – 5 мин

ІІІ. Жаңа сабақ – 10мин

ІV. Сергіту сәті – 5мин

V. Тәжірибелік жұмыс – 10мин

VІ. Сабақты бекіту- 5 мин

VІІ.Үйге тапсырмасы-2мин

VІІ. Қорытындылау-3мин
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру - 5мин.

/оқушылармен амандасу, модельдер бойынша топқа бөліну, ынтымақтастық ортасын құру, топ басшысын ,ережесін таңдау, бағалау парақшасын топ басшысына беру/



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру(модельдер) – 5 мин.

/үйден жасап келінген модельдер бойынша миға шабуыл жасау/



ІІІ. Жаңа сабақ – 10мин.

/Модельдер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу/

1. Жаңа сабақты бейнетаспа арқылы түсіндіру. / bilimland.kz сайтына қосылу/

2 . Модель жіктелуіне постер құрау./Оқушыларға оқулық, интернет, қосымша парақшалар беріледі/



Модельдің жіктелуі

Модельдер келесі белгілер бойынша жіктеледі:



І топ

  • Қолдану аймағы (оқулық, ойындық, тәжірибелік, имитациялық және т.б.);

Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірибелік, ғылыми - техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.

Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

Тәжірибелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.

Ғылыми - техникалық модельдер – процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш – синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.
Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.

Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірибе нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады.

ІІ топ

  • Уақыт факторларын ескеру (статикалық және динамикалық);

Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.

Оқу моделіне оқыту программаларын жатқызуға болады. Ал іскерлік немесе әскери ойындардағы қарсыластары мен одақтастарының мүмкін болатын іс-әркеттерінің моделі ойындық модельге мысал бола алады. Ядролық зымыранның тәжірибелік моделі оның болашақтағы сипаттамасын және экологиялық мәселелерін болжауға мүмкіндік береді.

Динамикалық модель уақыттың өтуіне байланысты нысан қасиеттерінің өзгерісін көрсетеді. Мысал ретінде оқушының оқу үлгірімін көрсететін сынып журналын айтуға болады.

Статистикалық модель деп оқушының бақылау жұмысының нәтижесі бойынша алған бағасы, яғни, сол уақыттағы үлгірімін айтады.

ІІІ топ

  • Көрсету немесе ұсыну тәсілі

Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі.
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.

Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.

Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модель – объект немесе процесстің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т. б.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс - әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.

ІV. Сергіту сәті – 5мин

/туған жеріміздің қалаларына билеп қыдырып қайтайық/



V. Тәжірибелік жұмыс – 10мин

/Paint бағдарламасында модельді бейнелеу/

1 топ /компьютер, үй/

2 топ /глобус, ұялы телефон/

3 топ /машина, байтерек/

VІ. Сабақты бекіту- 5 мин

/ bilimland.kz сайтына қосылып 2-3 жаттығуларды орындау/



VІІ.Үйге тапсырмасы - 2мин

14 тақырып, б, Өзіңді тексер.



VІІ. Қорытындылау - 3мин

/Оқушыларды бағалау, рефлексия/



Бағалау парағы

1 топ





Оқушының

аты -жөні

Үй жұмысы

Постер құрау

Тәжірибелік жұмыс

2-3 жаттығу

Тәртібі

Жалпы

баға

1






















2






















3






















4






















5
























Бағалау парағы

3 топ





Оқушының

аты -жөні

Үй жұмысы

Постер құрау

Тәжірибелік жұмыс

2-3 жаттығу

Тәртібі

Жалпы

баға

1






















2






















3






















4






















5
























Бағалау парағы

2 топ





Оқушының

аты -жөні

Үй жұмысы

Постер құрау

Тәжірибелік жұмыс

2-3 жаттығу

Тәртібі

Жалпы

баға

1






















2






















3






















4






















5























Каталог: uploads -> doc -> 061d
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
061d -> Н. Алшынов атындағы Жалаулы орта мектебі Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында Тарих пәнінің мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет