Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 1-бөлім: Қазақстанның көрікті жерлері



жүктеу 153.99 Kb.
Дата26.10.2018
өлшемі153.99 Kb.
түріСабақ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 1-бөлім: Қазақстанның көрікті жерлері

Мектеп: Ақсу НОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Күзембай Қорлан Серғазықызы

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

1-сабақ. Бурабай ұлттық саябағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.4.1 мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

6.4.1.1 тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу



Сабақ мақсаты

  1. Тыңдалған мәтіннің құрылымдық ерекшелігін түсіндіру;

  2. Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

  3. «Ұлттық саябақ» тақырыбы бойынша орфографиялық нормаға сай эссе жазу

Бағалау критерийі

  • «Бурабай» мәтінін ой бөліктеріне бөлу арқылы түсіндіреді;

  • Жетекші сұрақтар арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

  • «Ұлттық саябақ» тақырыбы бойынша орфографиялық нормаға сай эссе жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: «Бурабай» мәтінін аудиожазбадан тыңдайды, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды, «Ұлттық саябақ» тақырыбы бойынша орфографиялық нормаға сай эссе жазады;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: солтүстік, Астана, Көкшетау, Бурабай, Жұмбақтас, Оқжетпес, тау, аңыз,орман, көл, шипажай, климат, шығанақ...

Диалог кезінде қолданылатын тіркестер: «Меніңше ..., Қазақстандағы ең сұлу жер..., себебі ол ..., ерекше емдік климат...,»

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бурабай аймағында қандай тау, өзен-көлдер кездеседі?

  • Бурабай өлкесінің ең көрікті жерлерін қалай сипаттар едіңдер?

  • Бурабай аймағындағы жер-су атауларына байланысты қандай аңыздарды ортаға салар едіңдер?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары. Зайырлы қоғам және жоғары руханият:

  • мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты екенін ұғынуға;

  • туған еліміздің табиғатын қорғауға;

  • өзара жауапкершілікті нығайтуға;

  • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Сабақта бейнежазба көрсетіп, аудиомәтінді тыңдату арқылы АКТ, яғни информатика, жер-су, тау атаулары арқылы география, Қазақстанның көрікті жерлерін жырлаған ақын-жазушылардың шығармаларын атап, жер-су атауларына байланысты аңыздарды жырлау арқылы әдебиет пәндерімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

Қазақстанның көрікті жерлері туралы түсініктері бар, өздерінің туған өлкесіндегі жер-су атауларымен байланыстыра біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы – 5 минут

Оқушылармен сәлемдесу.

«Амандасу түрлері» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнату

Мақсаты: жағымды ахуал және ынтымақтастық орта орнату.

Орындалуы: оқушылар кезек-кезек көршісінің бірінші иық, екінші шынтақ, үшінші тізесіне өзінің иық, шынтақ, тізесін кезекпен тигізу арқылы амандасады.

«Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушылар кассадан билеттер алып, «1, 2, 3 вагондарға» бөлініп отырады. Бірлескен әрекетте саяхат барысында атқарар істерін жоспарлайды.

Ширату жаттығулары: «Бес қадам» әдісі

Мақсаты: Қазақстанның көрікті жерлері туралы алдыңғы білімді еске түсіру, шағын саяхатқа шығу.

Орындалуы: табан бейнеленген іздерімен жүріп, жазылған сұрақтарға жауап береді.

  • Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер...(Көкшетау, Көктөбе, Баянауыл, Марқакөл, Алатау, Балқаш, Қарқаралы...)

  • Аталған аймақтар несімен көрікті? Қандай дәлелдемелер ұсынар едіңдер?

  • Демалыс орындарында болғандарың бар ма? Қай өңірлерде?

  • Бұл өлкелер ақын-жазушы шығармаларында қалай көрінеді? Кімдердің еңбектерінде? (С.Сейфуллин «Көкшетау», «Бурабай», М.Бәпиұлы «Қарқаралы», Қ.Аманжолов «Балқаш», С.Қабылдаұлы «Туған жердің түтіні»(Шет ауданы))

  • Қазақстанға әлем көз тігуде... Неліктен?

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Сабағымыздың тақырыбы – «Бурабай ұлттық саябағы».

Мақсаты: тыңдалған мәтіннің құрылымдық ерекшелігін түсіну, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау және орфографиялық нормаға сай эссе жазу.

«Амандасу түрлері» әдісі

«Билеттер арқылы» топқа бөлу

1-вагон: Жұмбақтас

2-вагон: Оқжетпес

3-вагон: Бурабай
«Бес қадам» әдісі.

Қағаздан қиылған табан іздері.






Сабақтың ортасы –

26 минут



Мәтін алды тапсырмасы

СЖ. 1-тапсырма. Интербелсенді тақтадан «Бурабай» бейнежазбасын көріп, сауалдарға жауап беріңіз.

Мақсаты: бейнежазба бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы ой қозғау және ойды жинақтау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бейнежазбадан кейін қандай әсерге бөлендіңіздер?

  • Қазақстанның қандай өңірлері бейнеленген?

  • Бурабай өлкесінде бұрын-соңды болдыңдар ма?

  • Бурабай аймағында орналасқан жер-су атауларымен байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?

  • Өз туған жерлеріңмен қалай байланыстырар едіңдер?

ҚБ. «Тамаша бастау!», «Керемет!», «Ғажап!», «Бұл бір таңғажайып оқиға!» сөздері арқылы ауызша бағаланады.
Мәтін ортасы тапсырмасы

СЖ. 2-тапсырма.

Аудиомәтінді мұқият тыңдап, сұрақтар негізінде мәтіннің құрылымдық ерекшелігін түсіндіріңіз.



Орындалуы:

  1. аудиомәтінді тыңдайды;

  2. талқылау сұрақтарына жауап береді;

  3. мәтінді құрылымдық ерекшелігіне қарай талдайды, графикалық органайзерге түсіреді.

1-қадам. Аудиомәтінді мұқият тыңда.

Мәтін – «Бурабай»

Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан – Бурабай бар. Бұл аймақта көлдердің саны көп. Ормандардың жасыл бетінде Шортанды, Бурабай, Үлкен Шабақты және Кіші шабақты, Қотыркөл жарқырап жатыр. Көкшетау қырынан тағы да кіші көлдер – Ашық, Табан, Таулы, Аққулы көлдері көрінеді. Бурабайдың ең көрнекі орны – Бурабай атаулы көгілдір шығанақ. Шығанақ суынан Жұмбақтас, орманды қыраттардың алдынан Оқжетпес көтеріледі, оның шыңы пілге ұқсайды. Осы жердегі әр таумен байланысты өзінің аңызы бар.

Таулар, қылқан жапырақты ормандар мен көлдер жер бедерінің қайталанбас сұлулығын тудырып қана қоймай, ерекше емдік климат береді. Бұл жерде көптеген шипажайлар, туристік базалар орналасқан.



2-қадам. Талқылау сұрақтарына жауап бер.

  1. Мәтін қанша бөлімнен тұрады? (ІІ)

  2. Мәтіннің кіріспе бөлімінде не туралы баяндалған? (Еліміздің солтүстігінде орналасқан ұлттық саябақ туралы)

  3. Мәтіннің негізгі ойы туралы не айтасыңдар? (көрікті өлке Бурабайдың әсем табиғаты мен қайталанбас сұлулығын паш ету, жанға жайлы шипажайлары мен өзектілігі жоғары туризм саласын таныту.)

3-қадам. «Бурабай» мәтінін құрылымдық ерекшелігіне қарай талдап, графикалық органайзерге түсір.

Мәтін және оның типі

Ой бөліктері




Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды














Бағалау критерийі:

  • «Бурабай» мәтінін ой бөліктеріне бөлу арқылы құрылымдық ерекшелігін түсіндіреді.

Дескриптор:

  • аудиомәтінді тыңдайды;

  • талқылау сұрақтарына жауап береді;

  • мәтінді құрылымдық ерекшелігіне қарай талдайды, графикалық органайзерге түсіреді;

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі

Оқушы тапсырма барысында түсінгенін жасыл белгі арқылы көрсетсе, толықтыруды қажет ететінін сары белгі, түсінбегенін қызыл белгі арқылы көрсетіп, өзін-өзі бағалайды.


ТЖ. 3-тапсырма

Жетекші сұрақтар арқылы «Бурабай» мәтінінің негізгі ойын анықтаңыздар.



Орындалысы: оқушыларға деңгейлеріне қарай 3 түрлі тапсырма ұсынылады.

А деңгейіндегі оқушылар «Бурабай» мәтіні бойынша берілген сұрақтарға «иә», «жоқ» деп жауап беру арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

В деңгейіндегі оқушылар Блум түймедағының сұрақтарына жауап беру арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

С деңгейіндегі оқушылар пирамида кестесіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

А деңгейінің сұрақтары:

1.Қазақстанның оңтүстігінде Бурабай ауданы орналасқан ба? (жоқ)

2.Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан бар ма? (иә)

3.Бұл аймақта көлдер саны аз ба? (жоқ)

4.Бурабай атаулы көгілдір суынан Тарбағатай көтеріле ме? (жоқ)

5.Оқжетпес тауының суы пілге ұқсайды ма? (иә)

6.Бурабай ауданы Алматы облысында орналасқан ба? (жоқ)

7.Бурабайдың ең көрнекі орны – Бурабай атаулы көгілдір шығанақ па? (иә)



В деңгейіндегі оқушылар төмендегі сұрақтарға «Блум түймедағы» әдісі бойынша жауап береді:

1.Бурабай ауданы қайда орналасқанын атаңыз?

2. «Мен қателесуім мүмкін, бірақ меніңше, сендер Қазақстанның танымалдылығы демалуға қолайлы ел ретінде күн санап артып келеді,-деп айттыңдар ма?»

3.Неліктен Бурабай аймағында көптеген шипажайлар, туристік базалар орналасқан деп есептейсіз?

4.Қалай ойлайсыңдар, егер де Қазақстанның көрікті жерлерінде шипажайлар мен қонақүйлер салынбаса, республикамызда туризмнің барлық түрлері қалай дамитын еді?

5.Бұрабай ұлттық саябағының басқа көрікті жерлерден айырмашылығы қандай?

6.Қазақстанның көрікті жерлеріне ұқсас әсем табиғатты өмірде қай жерде кездестірер едіңіз?

С деңгейіндегі оқушылар «Фрайер» моделі бойынша

«Республикамыздың шипажайларында ем қабылдау қолжетімділігі» тақырыбында көтерілген мәселені анықтайды:



Графикалық органайзер

Тақырып


Түйінді идея

Ой-пікір


Көтерілген мәселе


Бағалау критерийі:

  • жетекші сұрақтар, көтерілген мәселе арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

Дескриптор:

  • «иә», «жоқ» жауабына береді;

  • сұрақ қою арқылы негізгі ойды анықтайды;

  • түйінді идеяны, мәселені және себептерін түсіндіреді;

  • тақырыпқа сәйкес ойды тұжырымдайды.

ҚБ. «Кері байланыс бутерброды» әдісі арқылы – Маған ұнады ......, Себебі ..... Енді/келесі жолы ..... деген үлгі бойынша, бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру арқылы бір-бірін өзара бағалайды.
Мәтін соңы тапсырмасы

Ж. 4-тапсырма. «Туған елдің түтіні» тақырыбы бойынша орфографиялық нормаға сай эссе жазыңыз (Оқушыларға туған өлкесіндегі ауыл өмірі туралы сыр шерту тапсырмасы ұсынылады).

Орындалысы: оқушыларға деңгейлеріне қарай 3 түрлі тәсілмен эссе жазу үлгісі ұсынылады.

А деңгейіндегі оқушылар «Попс формуласында» ұсынылған сөйлемдерді берілген реті бойынша жалғастырып, тақырып бойынша орфографиялық нормаға сай эссе жазады.

1-сөйлем. «Менің ойымша, …»

2-сөйлем. «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…»

3-сөйлем. «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын…»

Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен мынадай …қорытынды шешімге келдім»

В деңгейіндегі оқушылар дайын жоспарды пайдаланып, берілген тақырыпқа орфографиялық нормаға сай эссе жазады.

Жоспар:


Кіріспе: Таңғажайып өлке

Негізгі бөлім: Табиғаты жан сүйсіндіреді.

Қорытынды: Жаңға жайлы өмір...

C деңгейіндегі оқушылар «Еркін жазу» әдісі арқылы «Ел іші – жұмақ мекенім!» тақырыбына орфографиялық нормаға сай эссе жазады.

Бағалау критерийі:


  • «Туған елдің түтіні» тақырыбы бойынша орфографиялық нормаға сай эссе жазу.

Дескриптор:

  • «Ұлттық саябақ» тақырыбы бойынша орфографиялық нормаға сай эссе жазады.

ҚБ. «Стикердегі хат» әдісі арқылы оқушылар жазбаша жұмыстарын оқығаннан кейін, «Меніңше... тапсырманы толық орындады, себебі ол...», «Жақсы

жазылған, бірақ... қайта қарап толықтырса», – деп өзіндік

пікір білдіру арқылы бір-бірін өзара бағалайды.


«Бурабай» бейнежазбасы

https://youtu.be/Sv7gUe9coSA

Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. /Ермекова Т.Н., Отарбекова Ж.К., Токтыбаева Г.Б., - Астана: «Арман ПВ» баспасы, 2018/208 бет.


Интербелсенді тақта.

Аудиомәтін «Бурабай»




..\Documents\БУРАБАЙ АУДИОМӘТІН\БУРАБАЙ.m4a
Мәтін «Бурабай»

(https://bes-asyl.kz//қазақстан-бойынша-саяхат)


МАН, 25-бет

ҮМ, 2-күн, 4-ҮМ
Графикалық органайзер

«Бағдаршам»



Үм,4 күн, 4-үм


«Иә», «жоқ» жаттығуы

«Блум түймедағы» әдісі

Үм, 9-күн, 4-үм

«Фрайер моделі» кестесі

«Кері байланыс бутерброды»

4-күн, 4-үм


«Попс формуласы» тәсілі


«Еркін жазу» әдісі

ҮМ, 9-күн, 1-ҮМ

«Стикердегі хат» әдісі ауызша кері байланыс





Сабақтың соңы – 7 минут

Оқушылар рефлексиясы: «Бес саусақ» әдісі

Мақсаты: «Бурабай ұлттық саябағы» сабағы барысында игерген білімдеріне кері байланыс жасайды, жұптық, топтық жұмыстағы әрекеттеріне ой-тұжырым жасайды, өз-өздерін өзара бағалау.

Бас бармаққа – басты мәселе, яғни бүгінгі сабақта ең маңызды жаңалық қандай тұжырым екендігін;

Балаң үйрекке – бірлескен жұмыс, яғни оқушы өзінің топта қалай жұмыс істегенін;

Ортан терекке – ойлану, яғни бүгін қандай білім алғанын;

Шылдыр шүмеккешынайылық, бүгінгі сабақ ұнаған-ұнамағанын;

Кішкене бөбекке – оқушы өзінің көңіл-күйін, яғни сабақта өзін қалай сезінгенін жазады.
Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Оқушылардың сабақ барысында жасаған жұмыстарына қысқаша талдау жасап, қорытынды ой-пікір айтады.

Үйде өз бетінше іздену тапсырмасын орындайды:

  • Бурабай туралы мәліметті газет-журналдан оқу.

  • Ғаламтор желісінен Бурабай туралы қосымша деректер оқып, әңгімелеп беру.

  • «Менің елім осындай...» атты шағын презентация жасап келу (3-4 беттен тұратын)

Бес саусақ бейнесіндегі қима қағаздар




Дереккөздер арқылы саралау

Каталог: wp-content -> uploads -> online -> статьи%20на%20Teach-in -> Өлкетану
uploads -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
uploads -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы
Өлкетану -> Тақырыбы: Ж.Қарасаеваның «Елге оралу» хикаяты бойынша кітап оқушылар конференциясы Мақсаты: Жерлес ақын Ж.Қарасаеваның өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, «Елге оралу»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет