Сабаќ жоспарыныѕ картасы



жүктеу 182.54 Kb.
Дата07.04.2019
өлшемі182.54 Kb.
түріСабақ


Сабақ жоспарының картасы.

Сабақтың бағдарламасы ЖКО кезіндегі алғашқы көмек
Сабақтың тақырыбы: Жол-көлік оқиғасы кезіндегі адам өміріне қауіпті жағдайлар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырыпты өмірмен байланыстыра

отырып, сыни тұрғыда талдау Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін,ойлау қабілетін

арттыру

Тәрбиелік: Жаман қасиеттерден жиреніп, адами

қасиеттерді бойына сіңіруге баулу



Сабақтың түрi: Аралас

Әдiстер мен әдiстемелiк Айту, түсiндiру, көрсету, жазу.

қолданулар

Оқулықтар: “Машина құрылысы”, «Ж.Ж.Е»

Сабақтың өту барысы




  1. Ұйымдастыру

-сыныппен амандасу

-сабақтың мақсатымен таныстыру





  1. Өткен сабақты тексеру

  1. Жүк түсіру-тиеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары

  2. Қойылатын талаптар мен нұсқаулар.

  1. Жаңа сабақ өту.

  1. Жол-көлік оқиғалары

а). Жол-көлік оқиғаларының түрлері

б). Жол-көлік оқиғаларының алдын алу

в). Жол-көлік оқиғаларының болу себептері

г). Жол-көлік оқиғаларына талдау жасау

д). Жол-көлік оқиғасы кезіндегі алғашқы көмек


  1. Жаңа сабақты бекiту

-жол-көлік оқиғасы неше топқа бөлінеді?

-алдын-алу шараларына қандай жұмыстар жатады?

-оқиғалардың болу себептері қандай?

-бірінші дәрігерлік көмек туралы не білеміз?



  1. Қортынды. Сабақты қортындылап ,оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма:
Жол-көлік оқиғасы кезіндегі адам өміріне қауіпті жағдайлар



МЕКТЕПАРАЛЫҚ ОҚУ ӨНДІРІСТІК КОМБИНАТЫ



Ашық сабақ



Тақырыбы:
Жол-көлік оқиғасы кезіндегі адам өміріне қауіпті жағдайлар

Көлік iсi” мамандығы

Оқытушы: Омаров З.К.




Арқалақ қаласы

Зардап шегушінің өмірін құтқаруда дұрыс көрсетілген алғашқы көмек жиі түрде шешуші сәтке айналады. Әрбір адам өзінің қабілеті мен мүмкіншілігіне қарай алғашқы медициналық көмек көрсете білуі керек.

Зардап шеккен адамның өмірі мен денсаулығы әдетте арнайы медициналық білімі жоқ тұлғалардың алғашқы көмек көрсетуіне байланысты болады.

Алғашқы көмектің мәні жарақаттау факторының одан әрі әсер етуін тоқтату, қарапайым іс-шаралар жүргізіп, зардап шегушіні жылдам емдеу мекемесіне жеткізу болып табылады. 

Алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде келесі қағидаларды басшылыққа алу қажет: дұрыстық, мақсаттылық, жылдамдылық, байыптылық, шешімшілдік пен ұстамдылық.

Зардап шегушіні қараған кезде жарақаттың түрі мен ауырлылығын, зарарсыздандыру әдісін, мүмкіншілік пен жағдайға қарай алғашқы көмек көрсетуге қажет құралдар анықталады.

Қиын  жағдайларда (артериядан қан ағуы, ессіз жағдай, тұншығуы) алғашқы көмек шұғыл түрде көрсетіледі. Егер көмек көрсетушіде қажетті құралдар болмаса, оларды көмекке шақырылған кез-келген адам табуға көмектесуі керек.

ЗАРДАП ШЕГУШІМЕН БАЙЛАНЫС. Алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде жараланған адамдарды дұрыс ұстай білу керек, атап айтсақ зардап шегушінің киімін шеше білу қажет. Бұл көбінесе сүйек сынғанда, қан аққанда, есінен танғанда, температуралық және химиялық күйік алғанда өте маңызды. Зардап шегушінің шыққан немесе сынған қол-аяғынан тарту, денесін аудару – ауруды үдетіп, ауыр жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін.

Әсіресе температуралық және химиялық күйік алған зардап шегушіге алғашқы көмек көрсеткенде алдымен шешіндіру қажет. Қол жарақаттанған кезде алдымен сау қолын шешіндіреді. Кейін жарақаттанған қолды төмен қаратып ұстап жеңін шешеді.

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ҚҰРАЛДАРЫ. Алғашқы көмек көрсеткен кезде  таңу материалдары мен келесі алғашқы көмек құралдарынсыз жұмыс бітпейді: аптечка, шкафчик, санитарлық сөмке.

Кейде осы стандартты құралдардың орнына қолда бар: таза қол орамалы, төсек жаппасы, орамал мен түрлі маталар қолданылады.

ЖАРАҚАТТЫ ТАЗАЛАП, ӨҢДЕУ. Жарақатты өңдеу үшін марля, мақта, бинт және кез-келген дезинфекциялайтын құрал қажет. Кейін таңу жүргізіледі. Егер дезинфекциялайтын құрал болмаса, жарақаттың бетіне таза марля жауып, оған мақта төсеп жарақаттың бойын бинтпен таңып тастау керек.

Егер марля, бинт болмама жарақаттың бетін пластикалық бинт –акутинмен жауып, оны таза, ұсталмаған орамалмен таңып тастау қажет.

ЖҮРЕК МАССАЖЫ. Жүрек тоқтап қалғанда оның сығылуы мен созылуын жасанды түрде жасау қажет. Ол келесі жолмен жүзеге асырылады: зардап шеккенді тегіс, асты қозғалмайтын жерге жатқызып: жер, үстел және кеуде сүйегінің төменгі жағын минутына 60 рте басқылау қажет. Кеудені бір қолдың алақанымен, дұрысы сол қолмен басып, оң қолмен оның үстінен көмектеседі. Осының арқасында кеуде сүйегі мен омыртқаның арасында тұрған жүрек сығылады. Кеудені омыртқаға қарай 5-6 сантиметр жақындататын күшпен басу қажет.

Жүрекке массаж жасау жасанды дем алдырумен үйлескен кезде тірілтудің нағыз қажетті шарасы болып табылады. Жүрек тоқтаған кезде адамның демалысы да тоқтайды, сондықтан жасанды дем алдыру қажеттігі туындайды. Егер адамды бір адам ғана тірілтетін болса, ол бір уақытта жүрекке массаж және жасанды демалдыруды жасауы қажет. 15 рет кеуде сүйегін басқан кезде үш рте жасанды дем беріледі.

Жүрекке массаж жасау – бұл өте абайлылықты қажет ететін шара, сондықтан мұндай әрекет қысылтаяң кезде ғана жасалады.



Алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Алғашқы медициналық  көмек қалай көрсетіледі?



Адам  қайғылы жағдайға кез келген жерде: үйде, көшеде, жолда, көлік апаттары кезінде немесе т.б. ұшырауы мүмкін. Көбінесе адамдар алғашқы медициналық  көмек көрсету жөніндегі білімінің  жоқтығынан жанындағы адамдарға, кейде  тіпті туысы, танысы немесе досына көмек  көрсете алмай жатады.

Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты  – адам өмірін құтқару.  Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу. Келесі кеңестер өзіңізге, жолдасыңызға басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.

Ең алдымен  адамды қайғылы жағдай болған жерден алып шығыңыз, оның өміріне қауіпті  жағдайды (талып қалу, бастырылып немесе қысылып қалу, қан тоқтамау) жойыңыз; жарақатының қандай дәрежеде екенін, көлікпен немесе жаяу тасымалдауға келетін-келмейтінін  көріңіз; қауіпсіз, медициналық көмек көрсетуге қолайлы жерге апарыңыз; алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.

Көз қарашығының жарық сезгіштігін  анықтау тәртібі. Бас бармақпен үстіңгі қабақты көтеріп, қарашыққа қараңыз. Егер қарашық жарық түскеннен кейін де үлкен күйінде қалса, онда ол жарықты сезбейді деген сөз. Қараңғы кездерде қарашықтың жарық сезгіштігін электр қолшамының көмегімен байқауға болады.

Ұйқы  артериясындағы тамыр соғысын байқау тәртібі. Төрт саусағыңызды жарақаттанған  адамның мойнына қойыңыз. Саусақтарыңызды  кеңірдек пен мойын бұлшық етінің ортасына қойып, тамыр соғысын байқау үшін аздап батырыңқыраңыз.

Қолдан  немесе аяқтан қан ағатын (капилярлық немесе тамырлық) болса, зақымданған  жерді таза дәкемен қаттырақ байлаңыз (бастырып байлау) немесе лейкопластырьдың көмегімен мақта-дәкеден бірнеше  қабат етіп жасалған тампон қойыңыз. Алайда жарақатты өте қатты байлап тастауға да болмайды (қан жүрмей, мүше көгеріп қалуы да мүмкін).  Бастырып байлау кішірек артериялардың қанауын  тоқтатады.

Артериялық қанау кезінде артерияны қолмен басып тұрады, қан тоқтатушы жгут көмегімен немесе  қолды не  аяқты бүгу арқылы тоқтатады. Артерияны қолмен немесе жұдырықпен басқан кезде қан бірден шамамен 10-15 минутқа тоқтап қалады, содан соң қол шаршап, қысым әлсірей бастайды. Сондықтан артериядағы қан тоқтай салысымен қан тоқтатушы жгутты пайдаланыңыз. Жгутты жалаңаш денеге байлауға болмайды. Адам терісі қатпарланбай, тегіс болуы керек, жгут байланатын жерді орамалмен немесе дәкемен ораңыз. Жгутты аяқ немесе қолдың астынан алып, үстіне қарай байлаңыз, алғашқы екі байламды қатты етіп, үшіншісін тартпай сәл ғана байлаңыз. Егер қан тоқтамаса, жгутты алып, қайтадан одан да жоғарырақ жерден байлаңыз. Байлауыңыздың қаттылығы қанды тоқтатуға болатындай, бірақ мүлдем қан жүргізбей тастамайтындай болуы керек. Жгутты байлап болған соң  жгут салынған уақыт, құтқарушының аты-жөні, лауазымы жазылған қағаз қыстырып қоюды ұмытпаңыз. Жгут әдетте 1,5 - 2 сағатқа ғана, ал суық күндері 0,5 - 1 сағатқа қойылады. Ал әрбір 30 - 60 минут сайын жгутты босатып отыру керек, яғни бірнеше минутқа босатып, сол кезде жгуттың жоғарғы жағынан саусақпен басып отыру керек, жгут тұрған жердегі ізге ақырын ғана массаж жасау керек. Жгутты 2 сағаттан артық ұстауға болмайды.

Фабрикалық  жгут болмаған жағдайда оны қолда  бар нәрсемен (резина түтік, галстук, белдік, белбеу, орамал, бинт және т.б.) алмастыруға болады, тек сым темірді  қолданбаңыз.

«Ауыздан ауызға» тәсілімен  өкпеге жасанды түрде ауа жіберу:

1) Оң  қолыңызбен аурудың иегінен, саусақтарыңыз  оның жағын ашатындай астыңғы  ернін төмен тартып  ұстаңыз;

2) Сол  қолыңызбен мұрнын қысып, аурудың  басын артқа қарай шалқайта  ұстаңыз және осы қалыпта дем  жібергенше ұстаңыз;

3)  Еріндеріңізді  аурудың ерніне қатты басып,  оның ішіне қарай қатты дем  шығарып, үрлеңіз. Үрлеу жиілігі  минутына 18-20 рет.

Екінші  рет үрлегеніңіз нәтижесіз болса, бірден жүректің тұсына массаж жасауға  кірісу керек.

Жүрек тұсына массаж жасау. Жасанды демалдырудың алдында басты артқа шалқайту арқылы жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету керек.



  1. Иықтың астына орама қою (киімдерден оралған);

  2. Саусақты матамен орап алып, аурудың аузын ұйыған қан, сілекей және басқа да заттардан (сынған тіс, тіс протездері) тазартыңыз. Алақаныңызды бас бармағыңыз аурудың иегіне немесе ішіне қарап тұратындай етіп орналастырыңыз;

  3. Салмағыңыз кеудеге түсетіндей етіп орналасыңыз да қолыңызды тік ұстап, жүрек тұсына массаж жасауды бастаңыз; аурудың кеудесін 3-4 см-ге дейін салмағыңызбен басып, көтеріңіз, минутына 80–100 рет жиілікте жасай беріңіз;

  4. Әрбір  келесі басуды тек кеуде қуысы орнына келген соң ғана жүзеге асыру қажет.

Жан сақтауға қатысушы адамдар қанша  болса да, кеуде қуысын басу мен  үрлеудің ең тиімді қатынасы 30х2 болуы  тиіс.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.emer.kz/survival/methods/index.php/ - төтенше жағдайлар кезінде аман қалу әрекеттері бойынша әдістемелер мен нұсқаулықтар;

2) www.1st-aid.ru - «Правила оказания первой медицинской помощи» мақаласы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз интернет арқылы бұл тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «алғашқы медициналық көмек», «алғашқы медициналық көмек көрсету» және т.б. кілт сөзді сөздерді теру керек.

Улы газбен уланғанда не істеу керек?

Улы газ – иісі жоқ уландырғыш газ, оны көру немесе иісі арқылы тану мүмкін емес және одан адам бірнеше  минут ішінде-ақ өліп кетуі мүмкін.

Улы газ кез келген отынды, мысалы, газ, мұнай, керосин, ағаш отын немесе көмірді  жаққанда шығады. Әдетте, от жағатын  құрал (мысалы, пеш) дұрыс жұмыс істеп  және  пайдаланылып тұрса, қауіпті  емес.

Улы газ дем арқылы ішке кеткенде:


  • қанның оттегін тасымалдау қабілетін төмендетеді;

  • миға орны толмас  зақым келтіруі мүмкін;

  • жүрек ауруы бар адамдардың кеуде тұсы ауыруы немесе жүрек қысылуы мүмкін.

Улану белгілері:

  1. бұлшық еттердің әлсіреуі;

  2. бас айналу;

  3. құлақ шуылы;

  4. жүрек айну;

  5. құсу;

  6. ұйқы келу; кейде, керісінше, аз уақытқа белсенділіктің артуы; соңынан, жүру тепе-теңдігінің жоғалуы, теңселу;

  7. сандырақтау;

  8. елес қуу (галлюцинация);

  9. есінен тану;

  10. талу;

  11. кома және тыныс алу орталығының семуінен болған өлім. Тыныс алу тоқтағаннан кейін де жүрек біраз уақыт соғып тұруы мүмкін.  Кейде адамдардың осындай уланудан кейін 2-3 аптадан соң ғана қайтыс болғаны туралы жағдайлар да болған.

Улы газбен уланғанда улы газдың келуін тоқтатыңыз; жапа шегушіні таза ауаға шығарыңыз; жатқызыңыз, тыныштандырыңыз да таза ауамен дем алдырыңыз (газетпен желпіңіз, желдеткіш немесе кондиционер қосыңыз);

Егер зардап шегуші есінен танған болса, жүрегіне жабық массаж жасаңыз  және жедел жәрдем келгенше немесе есін жиғанша жасанды демалдырыңыз.

Есіңізде болсын, зардап шегушіні қауіпті аймақтан шығару кезінде, алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңізді, өзіңіз уланып қалмауды ойлаңыз. Ол үшін тез қимылдау керек және қол орамал немесе дәкемен мұрынды байлап алу керек.

Ең көп тараған көздері — бұл газ және май пештері, ағаш пеші, газ құралдары, бассейндердегі жылыту құралдары және қозғалтқыштар, жанып біткен газ шығарушы құбыр. Пештегі жарықтар, мұржалардың толып қалуы, бітеліп қалған құбырлар – бұлар улы газдың тұрғын үйлерге, бөлмелерге тарауына әкеліп соғады. Пешке таза ауаның жеткіліксіздігінен де үй ішіне улы газ жиналып қалуы мүмкін. Үйдегі бөлмелердің тар болуынан ауа алмасуы нашар болады да,  улы газбен улану қаупі күшейе түседі.

Улы газбен улануды болдырмау  үшін:


  • ешқашан, тіпті, есіктері ашық болса да, қозғалтқышы қосулы машинаны гаражда қалдырмаңыз;

  • генераторды ешқашан үйде, гаражда, жертөледе (подвал) қоспаңыз. Ашық құрған терезе, есік немесе желдеткіш үйдегі улы газды ШЫҒАРА АЛМАЙДЫ.

  • генераторды далада қосқан күнде де оның ашық терезе мен есіктің қасында тұрмағанына көз жеткізіңіз;

  • ағаш көмірді үйде, палаткада, машинада немесе гаражда ешқашан жақпаңыз;

  • ешқашан білмей, дағдыланбай және құралсыз от  жаққыш құралдарды орнатпаңыз және қолданбаңыз;

  • ешқашан газ плитасын, пісіру шкафын немесе кептіру құралын бөлмені жылыту мақсатында қолданбаңыз;

  • ешқашан пісіру шкафының түбіне фольганы қоймаңыз, себебі ол газдың қалыпты жануына кедергі келтіреді;

  • ешқашан желдетілмейтін газ құрылғысын жабық бөлмеде немесе жатын бөлмеде пайдаланбаңыз.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.emer.kz/survival/methods/index.php - төтенше жағдайлар кезінде аман қалу әрекеттері бойынша әдістемелер мен нұсқаулықтар;



2) www.polismed.ru/f-a-gaz-intoxic-post001.html/ - «Первая помощь при отравлении угарным или бытовым газом» мақаласы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз интернет арқылы бұл тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы  www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «газбен улану», «газбен уланбау үшін не істеу керек» және т.б. кілтті сөздерді теру керек.
Каталог: uploads -> konspekt -> drygie-materiali -> raznoe
raznoe -> «Ә. Марғұланның ауыз әдебиті мұралары» тарих мұғалімі Мекебаева Жанара Болатовна
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: «Қараш-қараш оқиғасындағы»
raznoe -> Формальді түрде берілген және оны сақтау, өңдеу және таратуды қамтамасыз ететін ақпарат
raznoe -> «Мақал сөз мәйегі» і-жүргізуші
raznoe -> Vi халықаралық білім беру және біліктілікті көтеру жүйесінде педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі
raznoe -> Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Барақ батыр негізгі орта мектебі «Имандылық, мейірімділік дәстүрлері»
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері Мақсаты
raznoe -> Без өйдә бөтен эшне дә бергә эшлибез
raznoe -> Сабақ № Сабақ жоспары Күні Тобы Сабақтың тақырыбы: Қауіпті жүктерді тасымалдау Сабақтың мақсаты
raznoe -> Сабақ мақсаты : Оқушылардың рухани- адамгершілік туралы түсініктерін кеңейте отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет