Сабақ Күні: Сабақтың тақырыбы: Бейнелеудің қасиеттері. Қисықпен жұмыс жүргізу Сабақтың мақсаты



жүктеу 184.14 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі184.14 Kb.
түріСабақ

25-сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеудің қасиеттері. Қисықпен жұмыс жүргізу





Сабақтың мақсаты:

CorelDRAW векторлық редакторында объектілермен жұмыс: ерекшелеу, көшірмесін алу, дубликатын жасау, клонировать ету, бекіту, бұру, теріс қарату, топтау, бұрмалау. PowerClip объектілерін құру, бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру. Редакторда объектілерге эффектілер жасап үйрену.

Объектілермен жасалатын жұмыс түрлерін меңгерту



өз беттерінше бейнелер салып, оларды безендіре білуге үйрету, эстетикалық талғамын қалыптастыру, әсемдікке тәрбиелеу




Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өткен сабақты қайталау

  3. Жаңа сабақты меңгерту

  4. Тірек конспект жаздыру

  5. Практикалық жұмыс

  6. Білім тиянақтау

  7. Оқушылар білімін бағалау

  8. Қорытынды, үйге тапсырма

Сабақтың түрі:

Практикум элементтері қамтылған түсіндірмелі-демонстрациялық




Сабақтың типі:

Аралас




Пән аралық байланыс:

Бейнелеу өнері, сызу, геометрия




Өткен сабақты қайталау:

  1. Тіктөртбұрышты қандай әдістермен салуға болады?

  2. Көпбұрыш, эллипс, дөңгелек, тіктөртбұрыш салудағы ұқсастықтарды атаңдар

  3. Фигураның барлық жақтары пропорциялы өсу үшін қандай әрекет орындалады?

  4. Доғаны, секторды қалай салады?

  5. Стандартты фигуралар қалай салынады?

  6. Стандартты фигураға мәтінді қалай енгізеді?

Сабақтың мазмұны:

Объектілермен жұмыс

Объект – кез-келген элементті белгілейтін, суретте жасалатын немесе суретке енгізілетін жалпы термин. Объектке: сызықтар, фигуралар, графика, мәтін ... жатады.

Объектілерді ерекшелеу


Объектіні өзгерту үшін алдымен оны ерекшелеп алу керек. Бір ғана объектіне немесе бірнеше объектінің тобын ерекшелеуге болады. Ерекшеленген объектінің айналасында шектейтін блок, ал оның центрінде «Х» белгісі көрінеді.

Объектіні қиып алу, көшірмесін алу және қою

Объектіні қиып алғанда немесе көшірмесін алғанда, ол алмасу буферіне орналасады. Ол жерден оны басқа да қосымшаларға қоюға болады. Қиып алғанда объект суреттен алынып басқа жерге қойылады. Ал, көшірмесін алғанда түпнұсқа орнында қалады, тек көшірмесі ғана алмасу буферіне орналасады.
Объектінің дубликатын жасау

Дубликат жасағанда объект алмасу буферіне түспей тікелей сурет салу терезесінде пайда болады. Дубликат жасау көшірмесін алғаннан және қиып алғаннан тез орындалады. Онан басқа, объектіге дубликат жасағанда оның х және у осьтері бойында бастапқы қалпы мен дубликат жасалған ара қашықтығын көрсетуге болады, Бұл арақашықтық орын ауыстыру деп аталады.

Объектілерді клонировать ету

Объектіні клонировать еткенде оның түпнұсқасымен байланысқан көшірмесі пайда болады. Бастапқы объектіге қандай өзгеріс жасалса да, ол клонға автоматты түрде әсер етеді. Ал, клонда жасалған өзгеріс бастапқы объектіге әсер етпейді. Клонда жүргізілген өзгерісті жойып, бастапқы объектіге қайта оралуға болады. Клонирование арқылы объектінің бірнеше көшірмесіне объектінің шаблонын өзгерте отырып, өзгеріс жасауға болады. Суретте жұлдыз екі рет клонировать етілген. Оған әр түрлі бояу және абрис қасиеті қолданылған. Сонымен қатар клонның формасы өзгерген. Ол үшін адымен объектіні ерекшелеп, Правка –Клонирование командасын орындау керек. Клонның шаблонын таңдау үшін клонның үстінде оң батырманы басып, Выбрать шаблон командасын орындау керек. Клон жасалған объектілердің шаблонын таңдау үшін шаблонның үстінде оң батырманы басып, Выбрать клоны батырмасын басу керек.

Бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру





  1. мәзірін және құралын таңдаңыз.

  2. Қасиеттер панелі тізімінен Объектілер атрибуттарын таңдаңыз

  3. Эффекті мәзірін шертіп, келесі жалаушалардың кез-келгенін орнатыңыз:



  1. Эффект жасайтын объектінің шетін шертіңіз

  2. мәзірін және құралын таңдаңыз.

  3. Эффект көшірілетін объектінің шетінен шертіңіз



Объектілерді бекіту

  1. Соңғы объектіге бекітілетін обьъектіні ерекшелеп алыңыз.

  2. Бекіту нүктесі ерекшеленгенше курсорды объект бойынша жылжытып отырыңыз.

  3. Бекіту нүктесі көрінбей қалғанша объектіні соңғы объектке жылжытыңыз.


Объектілерді бұру
  1. Объектіні ерекшелеу


  2. Окно—Окна настройки---Преобразования---Поворот командасын орындаңыз

  3. Преобразование-дегі Относительно центра жалаушасын алып тастаңыз

  4. Угол өрісінде бұру бұрышын көрсетіңіз


Объектіні теріс қарату
  1. Объектіні ерекшелеу


  2. Окно—Окна настройки---Преобразования---Масштаб командасын орындаңыз

  3. Преобразование-дегі келесі батырмалардың біреуін басыңыз:

    • Көлденеңінен теріс қарату – объектіні солдан оңға қаратады

    • Тігінен теріс қарату – объектіні жоғарыдан төмен қаратады

Объектілерді топтау

Бір немесе бірнеше объектілерді топтау уақытында бұл объектілер тұтас қарастырылады. Топтастырылған объектілердің барлығына бірдей параметрлер қолданылады. Объектілерді топтау үшін оларды ерекшелеп, Упорядочить---Сгруппировать командасын орындау керек. Объектіні топқа қосу үшін, Окно—Окна настройки—Диспетчер объектов командасын орындап, объект атын топ атына алып бару керек.


PowerClip объектілерін құру


CorelDRAW-да векторлық объектілер мен растрлық бейнелерді орналастыруға болады. Мысалы, суреттерді басқа объектілердің немесе контейнердің ішіне орналастыруға болады. Контейнер ретінде кез-келген объект алына береді. Мысалы фигуралық мәтін немесе тіктөртбұрыш. өлшемі контейнердің өлшемінен үлкен объект контейнерге кіргізілгенде сол контейнердің өлшемін қабылдайды. Ол контейнердің ішіндегі заты деп аталып, PowerClip объектісі жасалады. PowerClip объектісін жасайтын объектілер: фигуралық мәтін және растрлық бейне.

  1. Объектіні ерекшелеу керек.

  2. Эффекты PowerClip--Поместить в контейнер командасын орындау керек.

  3. Контейнер ретінде қолданылатын объектіге шерту керек.

Объектіні бұрмалау

Объектілерге үш түрлі бұрмалау эффектілерін қолдануға болады: сығу және созу, молния-застежка, бұрау.

бастапқы бейне застежка-молния және бұрау созу

Ол үшін:


  1. Интерактивные инструменты мәзірін ашып, құралын таңдау

  2. Қасиеттер панелінде келесі батырмалардың бірін басып, қажетті параметрді орнатыңыз.

  3. Бұрмалау центрі орналасатын жерді таңдап, объек қажетті формаға келгенше курсорды жылжытыңыз.



26-сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты:

CorelDRAW векторлық редакторында объектілермен жұмыс: ерекшелеу, көшірмесін алу, дубликатын жасау, клонировать ету, бекіту, бұру, теріс қарату, топтау, бұрмалау. PowerClip объектілерін құру, бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру.



Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың типі : Практикум элементтері қамтылған түсіндірмелі-демонстрациялық

Сабақтың көрнекілігі: ДК, таратпа құралдары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Практикалық сабаққа тапсырма:

Сызықтарды тұрғызу.

Еркін форма құралының көмегімен сызықтар салу.

  1. Саймандар тақтасындағы «Сызық» мәзірін ашыңыз

  2. Еркін форма құралының көмегімен мынандай фигура салыңыз.



  1. Безье қисығын қолданып, келесі фигураны салыңыз





  1. Пероны қолданып мынандай фигура салыңыз





  1. құралын қолданып, мына суретті салыңыз





  1. Енді бес суретті бес түрлі түспен бояңыз

ІУ. Сабақты қорытындылау, бағалау Жасалынған жұмыс нәтижесі бойынша және теорияны ұштастыру мақсатында ауызша сұрақтар қою

1. Сызық салу панелінің саймандарын атаңыз (еркін форма, безье, перо, 3 нүктесі бойынша қисыз салу, көркемдік безендіру, сынық сызы, қосатын сызы, өлшенген сызық)



  1. Безье құралының көмегімен қандай фигура салуға болады? (түзу, қисық сызықтар)

  2. Еркін форма құралының атқаратын қызметі

  3. Перо мен безье қисығының айырмашылығы

  4. Көркемдік безендіру құралы қай кезде жұмыс жасайды?

  5. 3 нүктесі бойынша қисық салу қандай кезде қолайлы?

У. Үйге тапсырма. Трек конспектіні оқу, мазмұндау

27- сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Мектеп эмблемасын жасау»

Сабақтың мақсаты: PowerClip объектілерін құру, бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру. Редакторда объектілерге эффектілер жасап үйрену.

Объектілермен жасалатын жұмыс түрлерін меңгерту өз беттерінше бейнелер салып, оларды безендіре білуге үйрету, эстетикалық талғамын қалыптастыру, әсемдікке тәрбиелеу



Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың типі: Практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ДК, таратпа құралдары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Практикалық жұмыс «Мектеп эмблемасын жасау»


  1. батырмасын пайдаланып шеңбер сызыңыз.




  1. «Заливка» батырмасын таңдап шеңберді градиентті түспен бояңыз.




  1. Текст жазу батырмасын таңдап, мектептің толық атын теріңіз.




  1. Тексті батырмасын таңдау арқылы белгілеп, Текст-


Преобразовать в фигурный текст командасын орындаңыз

  1. Тексті Шеңбер ішіне орналастырыңыз.

  2. Файл—Импорт—Диск С—ProgramFales—MS Office –ClipArt бумасын ашып мектепке сәкес сурет таңдап алыңыз.

  3. Суретті шеңбер ішіне орнатыңыз.



ІУ. Сабақты қорытындылау, бағалау Жасалынған жұмыс нәтижесі бойынша және теорияны ұштастыру мақсатында ауызша сұрақтар қою

  1. Тіктөртбұрышты қандай әдістермен салуға болады?

  2. Көпбұрыш, эллипс, дөңгелек, тіктөртбұрыш салудағы ұқсастықтарды атаңдар

  3. Фигураның барлық жақтары пропорциялы өсу үшін қандай әрекет орындалады?

  4. Доғаны, секторды қалай салады?

  5. Стандартты фигуралар қалай салынады?

  6. Стандартты фигураға мәтінді қалай енгізеді?

У. Үйге тапсырма: трек конспектіні оқу, мазмұндау

28-сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

CorelDRAW векторлық редакторында фигуралар: тіктөртбұрыш, шаршы, эллипс, доға, сектор, көпбұрыш, жұлдызша, спираль, тор, стандартты фигуралар салу және оларға мәтін енгізу







Сабақтың мақсаты:

Редакторда геометриялық фигураларды салудың әдістерін және оларға өзгеріс енгізуді үйрету;

геометриялық фигуралармен түрлі бейнелер салуға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

өз беттерінше бейнелер салып, оларды безендіре білуге үйрету, эстетикалық талғамын қалыптастыру, әсемдікке тәрбиелеу








Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өткен сабақты қайталау

  3. Жаңа сабақты меңгерту

  4. Тірек конспект жаздыру

  5. Практикалық жұмыс

  6. Білім тиянақтау

  7. Оқушылар білімін бағалау

  8. Қорытынды, үйге тапсырма

Сабақтың түрі:

Практикум элементтері қамтылған түсіндірмелі-демонстрациялық







Сабақтың типі:

Аралас







Пән аралық байланыс:

Бейнелеу өнері, сызу, геометрия







Өткен сабақты қайталау:

  1. Сызық салу панелінің саймандарын атаңыз (еркін форма, безье, перо, 3 нүктесі бойынша қисыз салу, көркемдік безендіру, сынық сызы, қосатын сызы, өлшенген сызық)

  2. Безье құралының көмегімен қандай фигура салуға болады? (түзу, қисық сызықтар)

  3. Еркін форма құралының атқаратын қызметі

  4. Перо мен безье қисығының айырмашылығы

  5. Көркемдік безендіру құралы қай кезде жұмыс жасайды?

  6. 3 нүктесі бойынша қисық салу қандай кезде қолайлы?

Тіктөртбұрыштар мен шаршылар салу

CorelDRAW-да тіктөртбұрыштар мен шаршылар салу мүмкіндігі бар. Ол үшін тіктөртбұрыш құралын таңдап, курсорды таңдап алынған сайманның диагоналы бойынша жылжыта отырып, немесе 3 нүктесі арқылы салуға, базалық сызығын салып, белгілі бір бұрышқа қисайта салуға болады.




Курсорды диагоналы бойынша жылжыта отырып, шаршы немесе тіктөртбұрыш салу


Тіктөртбұрыш мәзірін ашып, тіктөртбұрыш сайманын таңдаңыз. Сурет салу терезесінде қажетті тіктөртбұрыш өлшемі пайда болғанша курсорды жылжытыңыз. Егер осы уақытта CTRL пернесін қоса бассаңыз, шаршы салынады. Сондай-ақ курсорды центрінен шетіне қарай тарту әдісімен де тіктөртбұрыш немесе шаршы салға болады. Егер тышқанмен бірге CTRL пернесін қоса бассаңыз, онда тіктөртбұрыш, ал егер CTRL+SHIFT пернелерін бірге бассаңыз шаршы салынады.

Енді салынған фигуралардың бұрышын дөңестетуге болады. Ол үшін фигураны ерекшелеп, қасиеттер панеліндегі сол жақ және оң жақ бұрышын дөңестету құралдарын пайдалынып, шаршыны немесе тіктөртбұрышты дөңес етіңіз.




Эллипс, дөңгелек, доға және секторлар салу

Эллипс салғанда мына құралды таңдау керек. Салу әдісі тіктөртбұрышты салумен бірдей. Егер салынған дөңгелекті немесе эллипсті доғаға немесе секторға айналдыру керек болса, онда фигураны ерекшелеп, қасиеттер панеліндегі батырмаларды басу керек.



«Эллипс» құралының көмегімен салынған жаңа объектілердің үнсіз келісім бойынша қасиеттерін өзгерту

  1. Мәзір қатарынан Инструментыпараметры командасын орындаңыз.

  2. Категориялар тізімінен Рабочее пространство, сонан соң Набор инструментов, келесі ашылған тізімнен эллипсті таңдаңыз.

  3. Жаңа объектілердің формасын өзгерту үшін сектор немесе доғаның біреуін таңдау керек

  4. Бастапқы және соңғы бұрышын көрсету

  5. Сағат тілімен бағыттас немесе қарама-қарсы екеуінің біреуін таңдаңыз. Сонан соң фигураға әрекеттерді орындауға болады.

Көпбұрыштар мен жұлдызшалар салу

CorelDRAW-да дұрыс және күрделі көпбұрыштар мен жұлдызшалар салуға болады. Дұрыс жұлдызшалар – ол кәдімгі жұлдыздар, оларды бояуға болады. Ал, күрделі жұлдызшалардың қиылысатын жақтары болады, оларды бояғанда керемет нәтиже беруі мүмкін. Төменде градиентті боялған фигуралар:


көпбұрыш дұрыс жұлдызша күрделі жұлдыз
Көпбұрыштар мен жұлдыздарды өзгертуге болады, мысалы, жақтары мен төбелерінің санын, төбелерін үшкірлеу етуге болады.

Көпбұрыш салу


Көпбұрыш мәзірін ашып, көпбұрыш сайманын таңдаңыз.

SHIFT батырмасын басып тұрып, көпбұрышты центрінен бастап салуға болады. Ал CTRL пернесін басып тұрып, симметриялы көпбұрыш салу мүмкіндігі бар.


Көпбұрышты өзгерту


Көпбұрыштың жақтарының санын өзгерту – ол үшін қасиеттер панелінде көпбұрыштың, жұлдыздың, күрделі жұлдыздың жақтарының немесе төбелерінің санын енгізіп, Enter пернесін басу керек. Көпбұрышты жұлдызға ауыстыру үшін, көпбұрышты және форма сайманын таңдап, көпбұрыштың түйінінде тышқан батырмасын жылжыту арқылы қажетінше жұлдызша жасау керек.

Спираль салу

Спираль салудың екі түрі бар: симметриялы және логарифмдік. Симметриялы спираль біркелкі оралымдардан тұрады, ал логарифмдік орам айналған сайын оның қадамдары үлкейе түседі.



Тор салу

Торды бағаны мен қатарының санын көрсетіп салуға болады. Тор – тіктөртбұрыштардың тобы, оларды ажыратуға болады.

Саймандар қатарынан таңдап, қасиеттер панелінде жоғарғы сан – бағандар санын, төменгі сан – қатарлар санын көрсетіңіз. Егер торды центрінен бастап салу керек болса, SHIFT батырмасын басып тұрып, ал торлардағы ұялар өлшемі бірдей болу керек болса, онда CTRL пернесін басып тұрып салыңыз. Ал егерде, торды алып тастау керек болғанда, сайманын таңдап, Упорядочитьотменить группировку командасын орындау керек.

Стандартты фигуралар салу

Дұрыс фигуралар коллекциясын пайдаланып, стандартты фигуралар салуға болады. Белгілі бір фигуралар, мысалы, негізгі фигуралар, бағыттауыш фигуралар, баннер фигураларын және ескертпе фигураларында глифтер бар. Глифті жылжыту арқылы фигураны өзгертуге болады. . Глиф – ромб түріндегі маркер, оны жылжыту арқылы фигураны өзгертуге болады.


Стандартты фигураға мәтін қосу


  1. мәтін сайманын таңдаңыз.

  2. Курсорды мәтін жағдайына өзгеретіндей етіп фигура абрисінің ішіне орналастырыңыз.

  3. Мәтінді енгізіп, қарібін таңдап, форматтаңыз.

Фигураларды тану функциясын қолданып, фигура немесе сызық салу


  1. Интеллектуалды сурет салу сайманын таңдаңыз

  2. Қасиеттер панелінен Уровень распознавания және Урофень сглаживания көрсетіңіз

  3. Терезеде сызық немесе фигура салыңыз.


Тіктөртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, стандартты фигуралар, тор, жұлдызша, дөңгелек, доға салу

Практикалық сабаққа тапсырма:

  1. Тіктөртбұрыштың көмегімен үйдің негізін салыңыз.

  2. Көпбұрыштың көмегімен шатырын салыңыз.

  3. Тіктөртбұрыштың көмегімен терезелерін салып, оның бұрыштарын дөңестетіңіз.

  4. Енді есікті салыңыз.

  5. Интеллектуалды сурет салу сайманының көмегімен бұлттарды салыңыз.

  6. Тордың көмегімен шахмат тақтасын салыңыз

  7. Спиральдың көмегімен бірнеше түсті орамдар салыңыз

  8. Көркемдік безендіру құралының көмегімен үйдің айналасына шөптер салып, гүл отырғызыңыз.

  9. Күрделі жұлдыздың көмегімен шуағын шашып тұрған күнді бейнелеңіз.

  10. Баннер фигурасын салып, оған құттықтау мәтінін жазыңыз.

  11. Эллипстің көмегімен аулада балалар ойнайтын айналдырғыш (карусель) салыңыз.


Жұмысыңызды өзіңіздің қалауыңыз бойынша безендіруге болады.


29- сабақ



Күні:

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Медальон»

Сабақтың мақсаты: PowerClip объектілерін құру, бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру. Редакторда объектілерге эффектілер жасап үйрену.

Объектілермен жасалатын жұмыс түрлерін меңгерту өз беттерінше бейнелер салып, оларды безендіре білуге үйрету, эстетикалық талғамын қалыптастыру, әсемдікке тәрбиелеу



Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың типі: Практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ДК, таратпа құралдары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Практикалық жұмыс «Мектеп эмблемасын жасау»

Практикалық жұмыс №1

Медальон

  1. Эллипс (Ғ7 батырмасы) құралын пайдаланып шеңбер сызыңыз.



  1. Еркін форма (F5-"свободная рука") құралын пайдаланып, «Лавр» жапырағы формасын салыңыз.




  1. Оны белгілеп алып, градиент(F11-диалог градиентная заливка) батырмасын басып, жапырақты «gold» түсімен бояңыз.


4. Лавр жапырағы алтын түске боялған соң, оны белгілеп алып , Правка –Копировать және Правка-- Вставить командасын орындап, жапырақ көшірмесін алыңыз. Оны белгілі бағытқа бұру үшін суретке барып тышқанды екі рет шертіңіз. Қалауыңызша жапырақты бұрыңыз. Осы әрекетті бірнеше рет орындаңыз.

  1. Пайда болған гүл шоғын толық белгілеп алып, Изменение—Групп командасын орындаймыз.

  2. Екінші дәл осындай гүл шоғын алу үшін, белгілеп көшірмесін алыңыз

  3. Оны қарама-қарсы бағытта бұру үшін Қасиеттер панеліндегі бұру батырмасын басыңыз

  4. Шеңбердің ішкі бөлігіне заливка жасаймыз. Заливка түсі алтын түспен болуы қажет.

  5. Құралдар қатарындағы текс енгізу батырмасын таңдап, шрифт өлшемін 120пт қойып, Қалың қою түрін таңдап «KZ kazakstan» сөзін жазыңыз.

  6. Оны Шеңбер ішіне орналастырыңыз.



ІУ. Сабақты қорытындылау, бағалау. Жасалынған жұмыс нәтижесі бойынша және теорияны ұштастыру мақсатында ауызша сұрақтар қою

  1. CorelDRAW векторлық редакторында объектілермен жұмыс: ерекшелеу, көшірмесін алу, дубликатын жасау, клонировать ету, бекіту, бұру, теріс қарату, топтау, бұрмалау үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?

  2. . PowerClip объектілерін құру, бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?.

У. Үйге тапсырма: Трек конспектіні оқу, мазмұндау

30- сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Күнтізбе жасау»

Сабақтың мақсаты: PowerClip объектілерін құру, бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру. Редакторда объектілерге эффектілер жасап үйрену.

Объектілермен жасалатын жұмыс түрлерін меңгерту өз беттерінше бейнелер салып, оларды безендіре білуге үйрету, эстетикалық талғамын қалыптастыру, әсемдікке тәрбиелеу



Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың типі: Практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ДК, таратпа құралдары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Практикалық жұмыс «Күнтізбе жасау»

Практикалық жұмыс

  1. Парақты «Альбомная» түрге келтіріңіз

  2. Жүмыс бетіне батырмасы көмегімен тіктөртбұрыш сызыңыз

  3. Тіктөртбұрышты белгілеп батырмасының көмегімен Заливка—Текстурой—«Текстурная библиотека» бөлімінен Clouds Midday --ОК командасын орындаңыз

  4. Тіктөртбұрышты белгілеп Компоновать—Заблокировать объект командасын орындаңыз.

  5. батырмасын таңдап, баған санын -7, қатар санын-5 деп алып таблица сызыңыз

  6. батырмасын таңдап, таблица ішіне ай күндерін жазып шығыңыз.

  7. Әрбір жазылған цифрды, белгілеп, ТЕКСТ—Преобразовать текст фигурный текст командасын орындаңыз.

  8. Файл—Импорт---Диск С---Папка «Астана» кезкелген суретті таңдап—импорт командасын орындаңыз.

  9. Кестенің жоғарғы жағына бас әріптермен «Ай атын жазыңыз» Мысалы, Қыркүйек деп.

Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы:: § 41. Тынысалудың маңызы. Тыныс алу мүшелері Сабатың мақсаты: : Білімділік
uploaded files -> 1. Өсімдіктердің қай мүшесінде мынадай ұлпалар кездеседі: қабықша
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік
uploaded files -> Сабақ Тақырыбы: «Кеңсе тауарлар дүкенінде»
uploaded files -> Сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: «Иықты киімдер, оның түрлері»
uploaded files -> Мамандыќќа баулу курсы
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Суретті басуға дайындау
uploaded files -> Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет