Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру


ASCII коды. Есептеуіш техникада ең көп қолданылатын код – ASCII



жүктеу 1.64 Mb.
бет2/10
Дата22.10.2017
өлшемі1.64 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ASCII коды.

Есептеуіш техникада ең көп қолданылатын код – ASCII американдық ақпарат алмасудың стандартты коды. (Кесте тақтаға ілініп қойылады) Кесте 16 жол 16 бағаннан тұрады. Кестедегі символдың орны он алтылық коды арқылы анықталады.

Ол екі бөліктен тұрады: стандартты және баламалы.

Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0-ден 127- ге дейінгі кодтар: цифрлар, датын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.

Баламалы бөліктегі – екінші 128 символ, 128-ден 255-ке дейінгі кодтар, бұлар ұлттық алфавиттер әріптерін (орыс, қазақ, т.б.), псевдографикалық және кейбір арнайы символдарды орналастыруға арналған. Ондық, екілік, он алтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі кітаптарыңда 2-суретте келтірілген.

Осы кесте негізінде жұмыс жасап көрейік. Алдымен он алтылық жүйеде сандарды жазу үшін, 16 цифр қажет екендігіне көңіл аударайық. Оның бірінші он цифры ондық жүйе цифрлары да қалғандары латын алфавитінің әріптері.

«ПАРТА» сөзін кодтап көрейік. Ол үшін ASCII кестесінен әр әріпке сәйкес кодтарды табамыз.

П – 8Ғ, А – 80, Р – 90, Т – 92, А – 80.

ПАРТА сөзінің коды 8Ғ80909280.

Ал 2-ші кесте бойынша. 8Ғ – 10001111, 80 – 10000000, 90 – 10010000, 92 – 10010010

Бұларды тізбектеп жазсақ:

10001111 10000000 10010000 10010010 10000000

Сонымен, мәтіндік ақпаратты сегіз разрядты екілік кодта жазу үшін:


  1. Мәтіннің әр символының кодын ASCII кестесінен табу керек. Оның коды екі он алтылық сан, біріншісі осы символ орналасқан жол номерін, екіншісі баған номерін көрсетеді.

  2. Алынған он алтылық кодта сәйкестендіру кестесі бойынша санның он алтылық жүйеде көрсетілуін оның екілік жүйеде ұсынылуына ауыстыру керек.

Бұл процесті керісінше жүргізіп екілік код бойынша мәтінді таубға да болады.

Мысалы, мына код бойынша мәтінді табу керек.

0100 0011 0100 1111 0100 1101 0101 0000 0101 0101 0100 0100 0101 0101 0010

Ол үшін солдан оңға қарай кодты төрт-төрттен бөліп шығамыз.

0100 0011 0100 1111 0100 1101 0101 0000 0101 0101 0100 0100 0101 0101 0010

Сәйкестендіру кестесі бойынша әрбір төрттікті он алтылық ұсынылуымен ауыстырайық. Әр санды екіге бөліп және әр жұпты ASCII кестесіндегі символдар координаты ретінде қарастыра отырып, COMPUTER мәтінін табамыз.


Тапсырма

PRINTER сөзін екілік кодта кодтаңдар.

«490А9АВА» мәтінін кері кодтаңдар.
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға әртүрлі табиғаты бар нақты физикалық әрекет ретінде келіп түседі. Бұл әрекеттерді сигнал деп атайды.

Сигнал дегеніміз – оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс.

Сигнал – ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу – сигналдар тізбегін жеткізу.

Сигналдар аналогты (үздіксіз) және дискретті (үзілісті) болуы мүмкін.

Аналогты сигналдар: температура, кернеу, ток, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс.

Кез келген аналогтық ақпаратты дискретті түрде ұсынуға болады. Мысалы электр тогы кернеуінің (U) уақыт (t) бойынша өзгеруі үздіксіз процесс. Бұл аналогтық процесті U-дың t-дан тәуелді өзгеру мәндерінің сәйкес жиынтығы сияқты, дикретті түрде ұсынуға болады.

Керісінше дискретті процесті аналогтық түрде ұсынуға болады. Мұндай айналдырудың маңызы зор, себебі адам сезім мүшелері арқылы сигнадарды аналогтық түрде қабылдайды, ал ЕТ-лары негізінде дискретті сигналдармен жұмыс істейді. Аналогты сигналдармен жұмыс жасайтын машиналарды аналогтық машиналар, ал дискретті сигналдармен жұмыс жасайтын машиналар цифрлық деп аталады.

Аналогтық процесті дискретті түрге, және керісінше айналдыруға тақтаға тапсырма ілінеді.


Тақырыпты бекітуге сұрақтар:

  1. Бит, байт деген не?

  2. 8 0 мен 1-лердің көмегімен неше символы кодтауға болады?

  3. Кодтау мен кері кодтау деген не?

  4. Сигнал дегеніміз не?

  5. Аналогтық сиганлдарға мысал келтір.

  6. Цифрлық техника дегеніміз не?

Үйге тапсырма 9-16 бб. Тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар




Сынып :













Күні:













Тақырыбы: Адам ақпаратты қалай алады. Ақпарат және оны бағалау.

Сабақ мақсаты: а) Оқушылардың ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қанадй мән берілетінімен таныстыру.


Б) Ақпаратты бағалай алу мен оның көлемін есептеуге үйрету. Ақпараттың өлшем бірліктерін үйрету.
В) Ойларын ашық айту мен ақпаратты бағалай білуге үйрету.
Сабақ көрнекілігі: Өлшем бірліктері жазылған плакаттар, ASCII коды кестесі

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақ әдісі: Пікірлесіп-түсіндіру.

Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар мА

Біз өткен сабақта ақпаратты кодтау және ASCII кодымен таныстық. Үй тапсырмасы бойынша мынадай сұрақтарға кім жауап береді?



  1. Бит, байт деген не?

  2. 8 0 мен 1-лердің көмегімен неше символы кодтауға болады?

  3. Кодтау мен кері кодтау деген не?

  4. Сигнал дегеніміз не?

  5. Аналогтық сиганлдарға мысал келтір.

  6. Цифрлық техника дегеніміз не?

  7. Енді ASCII кодымен мәтінді кодтау тәсілі қандай?

  8. Ток сөзін кім кодтап береді?

Енді партада отырған көршілер бір-біріңе бір сөзден тұратын мәтін беріңдер де, соны кодтаңдар. Жауаптарыңды бір-біріңдікін тексересіңдер.
Бүгінгі жаңа сабағымыз Ақпарат және оны бағалау.

Біз осыған дейін ақпарат деген не, ол қайда кездеседі деген сұрақтардың жауабын бердік. Енді ақпаратты қалай бағалайды, оны өлшеудің тәсілдері бар ма деген сұрақтарға жауап беріп көрелік.

Ақпаратты бағалаудың маңызы өте зор. Оны түсіндіру үшін ақпаратты қолданудың «адам» және «техника» деген екі бағытын қарастырамыз.

Адам үшін ақпарат бір нәрсені хабарлау, мәлімет беруді білдіреді. Олай болса кез келген хабар ақпарат бола ма, соны қарастыралық.

1-мысал, Егер біреу «Күндіз – жарық, түнде – қараңғы» десе, бұл хабар тек бізді таң қалдырар еді. Себебі ол белгілі нәрсе.

Демек хабар ақпарат болуы үшін ол жаңа, адам үшін белгісіз болуы керек.

2-мысал, «Каузалды схема - әлеуметтік қабылдауда талдау, себептілік принциптерін белгілеу үшін қолданылатын ұғым». Бұл «Каузалды схема» ұғымы әлеуметтік психологиядан алынған. Біз бұл ұғымды бірінші рет кездестірсек те, ол біз үшін ақпарат емес, себебі біз әлеуметтік психологиямен таныс емеспіз, және оның терминдерін түсінбейміз.

Демек, хабар ақпарат болуы үшін, ол түсінікті болуы керек.

Сонымен ақпарат алу деген бізге жаңа, түсінікті бір нәрсені білуді, яғни білім алуды білдіреді. Мысалы сендер күнделікті сабақта ақпарат аласыңдар. Себебі оқытушы жаңа тақырыпты сендердің алдыңғы білімдеріңе сүйеніп, түсіндіреді.

Адам үшін ақпарат тек нұсқаулар мен фактілер емес, ол бізді қуанышқа бөлейтін, қайғыртатын да нәрсе. Сөйлесу барысында алынған мәліметтің жартысынан көбі әңгімелесушінің дауыс ырғағына, оның бет-әлпетінің құбылуына, қолының қимыл қозғалысына, яғни сөйлесудің жалпы жағдайына байланысты бағаланады.

Сонымен ақпарат толық, обьективті, жаңа, пайдалы әрі нақты болса, ол біз үшін бағалы болады.

Мысал: хабардың ақпарат болатынынемес болмайтынын анықтау керек.




Ертең математикадан бақылау жұмысы болады.

Периодтық жүйедегі элементтің номері оның ядросындағы протондардың санына тең.

Әлемдегі ақпарат мөлшері әр он жыл сайын екі есе өсіп отырады.

Жаңа жыл 1 қаңтарда келеді.

Түнде кенет суық түсуі күтіледі.

Үздік оқушылар емтиханнан босатылады.

Шілдеде орташа температура 5-10 градус


Тісті екі рет жуу керек – таңертең және кешке

Пингвиндер Антарктидада өмір сүреді.

Жұма күні сабақтан кейін 7а мен 7в сыныптары арасында футбол ойыны болады.

HGJFGH GHGHFF

TYT



Егер бір жерде біреу жоқ болса, онда біреу бір жерде бар болғаны. Бірақ бұл біреу қайда және ол қайда кіріп кетуі мүмкін.

Кешенді сандардың анықтамасына олармен жүргізілетін операцияларға қатысты келісімдер де кіреді.

Помпей – бұл Италияның ең құнарлы әрі әсем бөлігі, ежелгі Кампанияның көптеген қалаларының бірі.

Ағылшын тіліндегі мәтін

Ал ең күрделісі – ақпаратты саны жағынан бағалау мәселесі.

Ақпаратты техникалық жағынан өлшеуге болады. Себебі, ақпараттың қанша мөлшері хабар жіберу жүйесі арқылы өтетінін, алдыңғы ақпарат жадыдан қанша орын алғанын, келесі ақпаратқа жадыдан қанша орын бөлінуі керек екенін анықтап отыру керек.

Техникада ақпаратты мағынасы жағынан бағаламай, оын тек сандық жағынан бағалайды.

Техникада сақталатын, өңделетін немесе жіберілетін таңбалар, символдар тізбегі ақпарат деп саналады. Бұл ретте берілетін ақпарат көлемі нақты хабардағы символдар санын санау арқылы анықталады.

Демек хабардың ақпараттық көлемі деп – хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.

Есептеуіш техникада кез келген хабар екілік алфавитте жазылады. Ендеше сндағы сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы екілік таңбалар санына тең. Осылай қарастырғанда хабардың ең кіші өлшемі бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Одан үлкен өлшем бірлігі – 1 байт. Ол 8 битке тең.

Сонымен хабардың ақпараттық көлемі бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

Сонымен бірге мынадай үлкен өлшем бірліктері де қолданылады.

1 байт 8 бит

1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт

1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт

1 Гбайт (гигабайт) = 1024 Мбайт



Мектеп білім бұлағы. Қанша символ, қанша байт, қанша бит бар.

Мысалы осы оқулықта 200-дей бет бар, бір бетте 38 жол, ал жолда 68 символ бар делік, егер мұнда сурет жоқ деп есептесек, онда кітапта 200*38*68 = 440800 символ болғаны, яғни 440800 байт немесе 441 Кбайт ақпарат бар.

Ақпаратты өлшеу бірлігі белгілі болғаннан кейін, ол қандай жылдамдықпен берілетінін, яғни бір секундта ақпараттың қандай көлемі берілетінін анықтауға болады. Ақпараттың жылдамдығы

Бит/сек, байт/сек, Кбайт/сек, Мбайт/сек, Гбайт/сек

өлшем бірліктерінің біреуімен өлшенеді.


Тақырыпты бекіту сұрақтары:

  1. Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеуге болады?

  2. Ақпараттың қандай қасиеттері бар?

  3. Ақпараттың көлемі деп нені айтады?

  4. Ақпарат көлемінің өлшем бірліктері қандай?

  5. Ақпараттың берілу жылдамдығының өлшем бірліктері қандай?


Оқу жылдамдығын анықттауға тапсырма. Бір оқушы тақтаға шығып, мәтінді оқиды. Бір минутта оқыған ақпараттың көлемі есептеледі. Сол арқылы оның оқу жылдамдығы, бит/сек, байт/сек-пен өрнектеледі.
Үйге тапсырма 16-19 бб. Тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар


Топ :













Күні:













Тақырыбы: Информатика дегеніміз не? Компьютер ақпарат өңдеу құралы. Компьютердің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары. Ақпаратты компьютерде сақтау.

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жасақтармен таныстыру.


Б) Компьютердің жұмыс істеу принципін үйрету мен бағдарламалық жасақтама түрлерін ажырат білуді, қажеттіліктерін анықтай алуды үйрету.
В) Адам мен компьютердің ұқсастықтарын көрсету, компьютерде ұқыпты жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Кроссворд, плакаттар

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Пікірлесіп-түсіндіру

Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасын тексеруде мынадай кроссворд беремін. Алғаш аяқтаған бесеуін бағалаймын.

Кроссворд.

Тігінен:

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.

2. Олармен тіл таңбалары көрсетілетін символдар жиыны.

3. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

4. Үздіксіз сигнал

5. Ақпаратпен жасалатын әрекет.


Көлденеңнен:

6. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

7. Айналадағы дүние туралы мәліметтер.(орысша)

8. Ол арқылы адам немесе құрылғы ақпарат алатын физикалық процесс.

9. Сегіз разрядты екілік сан.

10. Белгілі алфавиттің көмегімен ақпаратты көрсету.



























ө































ң































д































е
















с

а

қ

т

а

у













б




л

























и

н

ф

о

р

м

а

ц

и

я




т




а































в




а






















с

и

г

н

а

л










б

а

й

т




а































л




б

























о




е

























г




р
















к

о

д

т

а

у

























ы































қ
















Жаңа сабақ Информатика дегеніміз не? Компьютер ақпарат өңдеу құралы. Компьютердің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары. Ақпаратты компьютерде сақтау.

Информатика – ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында, ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым;

Қысқаша айтқанда ЭЕМ көмегімен ақпаратты өңдеу тәсілдері туралы ғылым.

Бұл ХХ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды, оның дамуы ЭЕТ-ның пайда болуымен байланысты. Компьютер болмаған кезде ақпаратты өңдеу, сақтау, беру жұмыстарын адам атқарды. Негізінен компьютер қрылысы жағынан адам организміне ұқсас. Адамның ең маңызды мүшелері - бас, ми. Бірақ өмір сүру үшін адамға тек бас жеткіліксіз, оған тағы басқа мүшелер керек. Сол сияқты компьютерге де жұмыс істеу үшін көптеген құрылғылар керек.

Адамның кейбір мүшелері мен компьютер құрылғыларының арасындағы ақпаратты процестер кезіндегі сәйкестікті анықтауға тапсырма.





Ақпаратты енгізу

Ақпаратты өңдеу мен сақтау

Ақпаратты шығару

Адам










Компьютер










Ақпаратты білдіру мен есте сақтау қажеттілігі пайда болғанда, тіл, жазу, бейнелеу өнері пайда болды. Телефон, телеграф, радио және теледидар пайда болуы ақпараттың орасан зор көлемін беруге мүмкіндік берді.

Техникалық құралдар мен құрылғыларды пайдаланып ақпараттық процестерді ұйымдастыру ақпараттық технология деп аталады.

Ақпараттық технология үш топқа бөлінеді.

Қағаздық технологиялар - бұл қағаз тасуыштарды (хат, кітап, архив, кітапхана т.б.) пайдаланып, ақпарат жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.

Қағазсыз технологиялар - бұл ақпараттық қағаз тасуыштарды пайдаланбай (радио, теледидар, телефон, телеграф т.б.) арқылы ақпарат жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.

Жаңа ақпараттық технологиялар - бұл ЭЕМ-ді пайдаланып ақпаратты жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.

ЭЕМ адам қатысуынсыз ұзақ және адамның ақпарат өңдеуі жылдамдығынан миллиондаға есе артық жылдамдықпен жұмыс істеуге қабілетті.

Сонымен қазіргі таңда ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы – компьютер.

Компьютер деп – ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешенін айтады.



Ақпаратты автоматты өңдеу – адамның қатысуынсыз өңдеу. Бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді.

Компьютер мынадай ақпарат түрлерін өңдей алады.

Мәтіндік

Сандық


Графикалық

Дыбыстық.

Компьютер өңдеу үшін бұл ақпараттың бәрі де сандық түрге айналдырылуы тиіс. Мысалы: мәтіндік ақпаратты өңдегенде компьютерге енгізілген әрбір әріп белгілі бір санмен (0 мен 1-лерден тұратын) кодталады, ал адамға түсінікті болуы үшін, мониторға немесе принтерге шығарғанда кодтары бойынша әріптердің бейнелері шығарылады.

Компьютердің аппараттық құралдары:

- кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуға арналған енгізу құрылғыларынан;

-ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды сақтауға арналған компьютер жадынан;

- мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы – процессордан;

- өңдеу нәтижелерін кері кодтауға және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған шығару құрылғыларынан;

- бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткіщу қызметін атқаратын ақпараттық кеңарнадан тұрады.

Аппараттық құралдардың орналасу схемасы:


Мәліметтерді бағдарламамен өңдейді. Бағдарлама – нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекеттер жасайды немесе мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді.

Бағдарламалық құралдар - әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Оны бағдарламалық жасақтама деп те атайды.

Олар:

- жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау жұмыстарын басқаратын;



- қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;

- бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде Опреациялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады. Себебі:


  1. ОЖ компьютердің барлық мәліметтерін өңдеу жұмысын ұйымдастырады;

  2. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады.

  3. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырады.

ОЖ түрлері көп. Бірақ біз Windows типті Ож-ді қарастырамыз. Бұл ОЖ-ні әзірлеген американың Microsoft компаниясы.

Компьютерде жұмыс жасау негізінен оның ОЖ-мен жұмыс істеу болып табылады. Сондықтан компьютермен жұмыс жасаудың жеңіл, қиындығы оның ОЖ-нің адаммен қандай қарым-қатынас ұйымдастыруына байланысты. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі – интерфейс деп аталады. Интерфейстің екі түрі бар. Олар:командалық және терезелік.

Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ-нің командалары арқылы қатынасады. Командалар көп және жазылу дұрыстығы сақталу қажет болғандықтан мұндай тәсіл жұмыс жасауға қиын. Командалық интерфейсі бар ОЖ – MS-Dos. Ол Windows-қа дейін қолданылды.

Терезелік интерфейс Windows типті ОЖ-де қолданылады. Мұнда компьютермен қатынас маус арқылы жүзеге асады. Команда жазып қажеті жоқ, тек керек әрекетті маус арқылы таңдап, жұмыс атқарылады.

Сонымен бірге Windows-тың MS-Dos-қа қарағандағы артықшылығы, бір мезгілде бәрнеше мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіні.

Жүйелік бағдарламалық жасақтамаға драйверлер де кіреді. Бұл компьютерге қосымша құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалары. ОЖ қосымша құрылғылармен олардың драйверлері арқыллы қатынасады.

Қолданбалы программалық жасақтама арнайы және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Арнайы бағдарламаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады. Мысалы: бухгалтерлік бағдарламалар, проект жасаушылар, дәрігерлер пайдаланатын программалар.

Әмбебеп бағдарламаларға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер, т.б. адамдардың көбі пайдаланатын бағдарламалар жатады.

Бағдарламалау жүйелерінң құрамына бағдарламалау тілдері және анайы бағдарламалар кіреді, олар көмегімен құрылған бағдарламалар компьютердің жадына енгізіледі, түзетіледі, тестіленеді және орындалады. Бағдарламалау жүйелерін көбінесе прораммистер қолданады.

Ақпаратты компьютерде сақтау.

Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады.

Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады, себебі процессор тек осы жадпен тікелей жұмыс істейді. Оны көп жағдайда оперативті (жедел) жады деп атайды. Компьюттер өшкенде жедел жады тазарады.

Мәліметтер мен бағдарламалар ішкі жадтың ұяшығына байт немесе байттар тобы түрінде орналасады. Олармен ұяшықтың адресі бойынша қатынасады.

Компьютердің сыртқы жады ақпаратты ұзақ уақытқа сақтауға арналған. Ол қатқыл дискіде, иілгіш дискіде, лазерлік дискілерде, магнитті таспаларда орналасады.

Ал сыртқы жадқа ақпарат белгілі бір үлестер (порциялар) түрінде жазылады. Мұндай үлестер файлдар деп, құрылым файлдық деп аталады. Басқаша айтқанда файл – бір типті байттар тізбегі.

Файл деген ағылшын тілінен аударғанда қапшық дегенді білдіреді. Нені файл деуге болады. Файл дегеніміз – бағдарламалар, мәліметтер немесе олардың бөліктері. Файл атауы өзара екі нүктемен бөлінген бөліктерден тұрады. Бірінші бөлігі өз аты, екінші бөллігі кеңейтілуі.

Файлдарды біртұтас обьект ретінде жазуға, көшіруге, жоюға, даярлауға, жылжытуға, қайта атауға болады.

Яғни сыртқы тасуыштағының бәрі де файл ретінде сақталады.
Тақырыпты бекітуге сұрақтар:


  1. Компьютер дегеніміз не?

  2. Аппараттық құралдар неден тұрады?

  3. Бағдарламалық құралдар ұғымына не кіреді?

  4. Компьютерде қандай мәліметтер түрлері өңделеді?

  5. Компьютердің бағдарламалық жасақтамаларына не кіреді?

  6. ОЖ-нің негізгі функцияларын ата?

  7. Интерфейс деген не?

  8. Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?

  9. Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

  10. Драйвердің ролі не?

  11. Компьютер ішкі жадта қалай орналасады?

  12. Сыртқы жадтың қандай құрылғыларын білесіңдер?

  13. Файл дегеніміз не?

  14. Файлдармен қанндай операциялар жүргізуге болады?

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар



Топ :













Күні:













Тақырыбы: Информатика дегеніміз не? Компьютер ақпарат өңдеу құралы. Компьютердің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары. Ақпаратты компьютерде сақтау.

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жасақтармен таныстыру.


Б) Компьютердің жұмыс істеу принципін үйрету мен бағдарламалық жасақтама түрлерін ажырат білуді, қажеттіліктерін анықтай алуды үйрету.
В) Адам мен компьютердің ұқсастықтарын көрсету, компьютерде ұқыпты жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Кроссворд, плакаттар

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Практикалық жұмыс беру, кроссвордтар шешу, сұрақ-жауап

Сабақ типі: Қайталау, пысықтау сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы бойынша тапсырмалар беру

Үй тапсырмасын қорыту

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау




Үй тапсырмасы 1.3 тақырып. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:



  1. Компьютер дегеніміз не?

  2. Аппараттық құралдар неден тұрады?

  3. Бағдарламалық құралдар ұғымына не кіреді?

  4. Компьютерде қандай мәліметтер түрлері өңделеді?

  5. Компьютердің бағдарламалық жасақтамаларына не кіреді?

  6. ОЖ-нің негізгі функцияларын ата?

  7. Интерфейс деген не?

  8. Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?

  9. Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

  10. Драйвердің ролі не?

  11. Компьютер ішкі жадта қалай орналасады?

  12. Сыртқы жадтың қандай құрылғыларын білесіңдер?

  13. Файл дегеніміз не?

  14. Файлдармен қанндай операциялар жүргізуге болады?

Сұрақтарға жауап беріліп болған соң оқущыларға карточка үлестіріледі.

Карточка:




Карточка беріліп, жауап бергеннен кейін тақтаға Ақпаратты компьютерде сақтау тақырыбына арналған плакат ілініп, оқушыларға жеке жұмыстануға тапсырма беріледі.

Оқушылардың бжауаптары бағаланады.

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар





Классы:













Күні:















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет