Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру


Есептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі ролі. ЭЕМ-ді қолдану аймақтары



жүктеу 1.64 Mb.
бет3/10
Дата22.10.2017
өлшемі1.64 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі ролі. ЭЕМ-ді қолдану аймақтары.

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды ЕТ-нің даму тарихы мен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру.


Б) ЭЕМ-нің даму кезеңдерін, буындарын түсіндіру, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.
В) ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі ролін түсіндіру. ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту.
Сабақ көрнекілігі: ЕТ-ла суреттері, кроссворд

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Пікірлесіп-түсіндіру

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгрету сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар, тапсырмалар

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Информатика дегеніміз не? Компьютер ақпарат өңдеу құралы. Компьютердің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары. Ақпаратты компьютерде сақтау.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:


  1. Компьютер дегеніміз не?

  2. Аппараттық құралдар неден тұрады?

  3. Бағдарламалық құралдар ұғымына не кіреді?

  4. Компьютерде қандай мәліметтер түрлері өңделеді?

  5. Компьютердің бағдарламалық жасақтамаларына не кіреді?

  6. ОЖ-нің негізгі функцияларын ата?

  7. Интерфейс деген не?

  8. Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?

  9. Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

  10. Драйвердің ролі не?

  11. Компьютер ішкі жадта қалай орналасады?

  12. Сыртқы жадтың қандай құрылғыларын білесіңдер?

  13. Файл дегеніміз не?

  14. Файлдармен қандай операциялар жүргізуге болады?

Ж

Есепшот суреті


аң сабақ Есептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі ролі. ЭЕМ-ді қолдану аймақтары.

Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралдары есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болған уақытын ешкім де дәл айта алмайды. Деректерге қарағанда есепшоттың жасы 2000-5000 жыл болуы мүмкін. Ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Европалықтар «Абак», қытайлықтар «Суанпан», жапондықтар «Серобян» деп атаған. Бұл құралды оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын араластыру және жылжыту арқылы пайдаланған. Тастар піл сүйегінен, түрлі-түсті әйнектерден, металдан жасалған. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.


Х

Логарифмдік сызғыш суреті


ҮІІ ғасырдың басында Шотландиялық математик Джон Непер «логарифм» түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жылжымасы бар әр түрлі есептеулер жүргізуге арналған логарифмдік сызғышын жасады.

Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылы Исаак Ньютон ұсынған болатын.

Паскаль машинасы суреті

1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзі бойынша бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын жасады. Мұнда көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.

Арифмометр суреті

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасы – арифмометрді құрастырды

Е
Бэббидж машинасы суреті
септеуіш машиналардың қарқынды дамуы ХІХ ғасырдан бастау алды.

«Адамсыз есептеулер автоматының» авторы ағылшын оқымыстысы Чарльз Бэббидж еді, оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.

1833 жылы ол программа арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады

Бұл машинада қазіргі компьютердің құрылғылары: деректер мен нәтижелерді сақтауға арналған жад, сандар мен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген программаларды есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, енгізу және шығару құрылғысы болды. Дүние жүзі бойынша бірінші рет1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Дж.Байронның қызы Ада Лавлейс болды.

ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холерит есепші-перфорациялық машина құрастырды.


Холлерит машинасы суреті

Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын санауға пайдаланылды.

Өз машинасының көмегімен Холерит көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындауға мүмкіндік алды. Холерит есепші-перфорациялық машина жасайтын фирма құрды, ол қазір дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды.

1
Марк-1 суреті
944 жылы американ математигі Говард Айкен «Гарвард» университетінде программамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген «Марк-1» автоматты есептеуіш машинасын құрастырды.
Х
ENIAC ЭЕМ-і суреті
Х ғасырдың І жартысында радиотехника қарқынды дамыды. Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың негізі болды. Бірінші электрондық есептеуіш машинасы 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады
Оның салмағы 30 т. және оның 18 000 электрондық шамдары болды, ол бір секундта 15 мың қосу, азайту амалын, 3000 көбейту амалын орындай алды.Жұмыс кезінде өте тез қызатын болғандықтан ол арнайы суытылуды талап етті. Релелі машиналарға қарағанда оның амал орындау жылдамдығы мың есе жоғары болды.

Б

БЭСМ суреті


ұрынғы КСРО-да бірінші ЭВМ 1947-48 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды., оны МЭСМ (Малая электронная Счетная Машина) деп атады. Ал 1952-53 жылдары оның жетілдірілген түрі БЭСМ (Большая Электронная Счетная Машина) өндіріске қосылды, ол секундына 10000 амал орындай алды.


ЭЕМ буындары.

ЭЕМ-нің даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. Буындардың ауысуы электрондық техникалардың дамуымен, ЭЕМ-нің элементтік базасының ауысуымен байланысты.

Оларда ээлектрондық шамдар пайдаланылған ENIAC және барлық басқа ЭЕМ-дер - ЭЕМ-нің бірінші буынына жатады. (1940-1955 жылдар.) Оларды қазіргі ЭЕМ-нің аталары деп атауға болады.

Егер Бэббидж машинасын еске алсақ, оны ЭЕМ-нің арғы атасы деуге болады. Бірінші буындағы машиналар бірнеше жүздеген шаршы метр орын алатын және мыңдаған электрондық шамдар бар алып құрылғылар еді. Оларға бағдарламалар мен мәліметтерді енгізу үшін, перфоленталар мен перфокарталар пайдаланылды. Бұл машиналар үшін бағдарламалар машиналық командалар тілінде құрылды, сондықтан сол кездерде кез келген адамдарға онда бағдарламалау мүмкін болмады. Ең жылдам машиналардың есептеу жылдамдығы секундына 20000 операция еді.

1955 жылдан бастап келесі, екінші буындағы ЭЕМ-дер пайда бола бастады. Оларда электрондық шамдардың орнына жартылай өткізгіштер-транзисторлар пайдаланылды.

Сонымен, ЭЕМ-нің көлемі бірнеше есе кішірейді, пайдаланатын электр қуаты да азайды, сонымен қатар олардың жылдамдығы секундына бірнеше ондаған мың операциларға жетті. Сол кездерде жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдері: Фортран, АЛгол, Кобол қолданыла бастады. Бағдарламаларды құру машинаның модеінен тәуелсіз бола бастады.

Біраз уақыттан кейін электрондық өндіріс орындары интегралдық схемелер жасай бастады. Интегралды схема – бұл шағын жартылай өткізгіш кристалдар, оларда бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған транзисторлар бар. Сонан кейін, бірнеше жүздеген мың транзисторлардан тұратын жартылай өткізгіш кристалл – үлкен интегралдық схема (ҮИС) пайда болды.

Интегралдық схема негізінде құрастырылған ЭЕМ-дер - бұл үшінші буындағы ЭЕМ-дер. Бұл машиналардың жады үлкен , ал орындау жылдамдығы секундына бірнеше миллион операцияға жетті. Магниттік таспаларда жинақтауыштарға қарағанда әлдеқайда жылдам жұмыс істейтін және ақпараттың шексіз мөлшерін сақтауға қабілетті сыртқы есте сақтау құрылғыларының жаңа түрі - магниттік дискілер пайда болды.

Үшінші буындаға ЭЕМ-дер бір иашинада бірнеше бағдарламаларды қатар орындау мүмкіндігін берді. Мұндай режим мультипрограммалық режим деп аталды. Осы кездерде деректер базасы, өндірсті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жасалып, ЭЕМ-дер халық шаруашылығында кеңінен қолданыла бастады.

1971 жылы АҚШ-тың «Интел» фирмасы компьютердің негізгі блогы - процессордың жұмысын орындауға қабілетті өте үлкен интегралдық схеманы – алғашқы микропроцессорды жасады. Микропроцессордың жасалуы - бұл информатикадағы революция болды. Осының нәтижесінде үстелдеріңде кішкене ғана ЭЕМ тұр, ол дербес компьютер ДК – деп аталады.

Қазіргі кездегі ЭЕМ-дер - бұл төртінші буындағы ЭЕМ-дер. Олар 70-жылдардан бастап өндіріске енді. Бұл ЭЕМ өзінің жадының көлемі мен есептеу жылдамдығы бойынша бірінші буындағы ондаған ENIAC типті ЭЕМ-дерге тең.

1980 жылдан бастап АҚШ-тың IBM фирмасы дербес компьютерлер шығару бойынша дүние жүзілік нарықта жетекші орын алды. Ал 90-шы жалдардың басынан бастап Apple Corporation фирмасының Macintosh маркалы машинасы көпшілікке таныла бастады. ҚР-ның Ұлттық радиоэлектроника және байланыс орталығы Германияның Siemens фирмасымен бірлесіп, мектептерге арналған дербес компьютерлерді шығару ісін жолға қойды.

Біз ЭЕМ-нің төрт буынын қысқаша қарастырдық. Олардың бір-бірінен айырмашылықтары көп, бірақ барлығының бірдей бір кемшілігі бар. Олармен жұмыс істеу үшін, арнайы тілді қолдану керек, әйтпесе олар сендерді түсінбейді. Бұл үшін сендер оны белгілі бір бағдарламалау тілінде жазуларың керек.

Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін , яғни «жасанды интеллект» ЭЕМ-дері болуы керек. Бұл идея толығымен іске асқанда, ЭЕМ-ге кәдімгі сөзбен мәселені ттүсіндіріп, айтасыңдар, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені шешетін болады.

Тақырыпты бекітуге тапсырма:

КРОССВОРД

Тігінен:

1. КСРО-дағы бірінші ЭЕМ.

2. Бірінші электрондық компьютер.

3. Гректердің ежелгі санау құрыл.

4. Санау-перфорациялық машинасын жарыққа шығарушы.

6. Компьютер ойындарындағы дисплей экранында жылжымалы обьектілерді басқаратын құрылғы.

9. ЭЕМ-нің І буынының элементік базасы.

Көлденеңінен:

5. Бағдарламамен басқарылатын аналитикалық машинаның авторы.

7. Қосатын машинаны ойлап тапқан адам.

8. Лейбництің механикалық санау машинасы.



10. ЭЕМ-нің ІІ буынының элементтік базасы.
























4







3

а







6
















1







х

5

б

э

б

б

и

д

ж













м







о










а







ж
















э







л










к

9




о







7

п

а

с

к

а

л

ь










ш




й
















м







е













а




с













2




8

а

р

и

ф

м

о

м

е

т

р

10







э










и



















и




т

р

а

н

з

и

с

т

о

р













к













и














































а














































к






































Үйге тапсырма: Кестені толтыр:



НЕ?

КАЙДА?

ҚАШАН?

1

Қол саусақтары, тастар, белгілеулер, түйіншектер

 Барлық жерде

Көне заманда 

2

Абак

 Ежелгі Қытай немесе Египет

2000-5000 жыл бұрын. 

3

Логарифмдік сызғыш

Англия Д.Робертсон 

1761 ж.

4

 Паскаль машинасы

Франция Блез Паскаль

 1642 ж.

5

Арифмометр

 Германия Лейбниц

 1694 ж.

6

 Аналитикалық машина

Англия Чарлз Бэббидж

1833 ж. 

7

Бэббидж машинасына арналған бағдарлама

 Анлия Ада Лавлейс

 1833 ж.

8

 Есепші-перфорациялық машина

Герман Холерит Америка

 19 ғасырдың аяғы

9

"Марк-1" электро-механикалық санауыш машинасы

 Америка Говард Айкен

 1944 ж.

10

 ENIAC

АҚШ Моучли, Эккерт

 1946 ж.

11

EDSAC-Нейманның архитектурасымен жасалған ЭЕМ

 АҚШ

1949 ж. 

12

 МЭСМ

КСРО С.А.Лебедев

 1947-1948 жж.

13

 БЭСМ

 КСРО С.А.Лебедев

1952-1953 жж.




ЭЕМ

буындары

Элементтік

базасы

ЭЕМ-нің

негізгі сипаттамалары

І буыны 1940-1955 жж.

Элементтік шамдар

Жылдамдығы төмен, абажадай, енгізу үшін перфокарталар қолданылған программалар машина командаларының тілінде құрылған, санау жылдамдығы секундына 20 000 операция.

ІІ буыны 1955 жылдан бастап

Жартылай өткізгіштер, транзисторлар

Өлшемі кішірек, электроэнергиясын азырақ жұмсайды. Жылдамдығы – секундына бірнеше мыңдаған операция, жоғары деңгейлі программалау тілдері дами бастады.

ІІІ буыны

Интегралдық схемалар

Үлкен жад, жылдамдығы секундына бірнеше миллиондаған операцияға дейін, магниті дискілер пайда болды. Мультипрограммалық режим.

ІҮ буыны

Микропроцессорлар

Үлкен жад, жоғары жылдамдық, шағын өлшем, жоғары деңгейлі программалау тілі.

Ү буын құру талаптары




Жасанды интеллект. Қарым-қатынас тілі табиғи тілге жақын.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар


Топ :













Күні:













Тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы. Мүкіндіктерін көрсету. Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылымы.

Сабақ мақсаты: а) ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу.


Б) Компьютердің ішкі құрылымдарымен, және олардың міндеттерімен таныстыру.
В) Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, қоғам мүлкіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Кестелер, компьютер құрылымдары.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Көрсете түсіндіру

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Компьютердің даму тарихы.

Тапсырма келесі сабақта сұралады.

Бүгінгі тақырып, Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы. Мүкіндіктерін көрсету. Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылымы.

Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютер тек бір адамға жұмыс жасауға арналған. Бүгін біз ДК құрылымы мен олардың жұмыс істеу принциптерін қарастырамыз.

ДК-дің құрылғыларының ішіндегі маңыздылары мыналар: жүйелік блок, монитор, пернтақта. Себебі бұларсыз компьютер жұмыс жасамайды. Басқа құрылғылар да пайдалы, бірақ оларсыз компьютер жұмыс жасай алады.

Компьютердің барлық құрылғылары бір-біріммен шнурлар арқылы жалғастырылады.

ДК-дің процессоры мен жедел жады ішкі құрылғысы болып табылады.

Басқалары: монитор, пернетақта, маус, модем, т.б. сыртқы құрылғылар болып табылады.

Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет