Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру



жүктеу 1.64 Mb.
бет4/10
Дата22.10.2017
өлшемі1.64 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Адаптер немесе контроллердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

ПРоцессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырылады, оны кеңарна немесе шина деп атайды.

Ал енді компьютердің ішкі құрылғыларымен жақын танысайық.

Жүйелік блок.

Жүйелік блок ішінде ең маңызды құраушылар орналасқан негізгі торап болып табылады. Жүйелік блоктардың корпусы әр түрлі пішінде болады. Олар қоректендіру блоктарымен (блок питания) бірге қоыйлады.

Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі деп атайды.

Жүйелік блоктың сыртында орналасқан құрылғыларды сыртқы (перифериялық) деп атайды.

Компьютердің ішкі құрылғылары:

Аналық тақша (материнская плата) – ДК-нің негізгі тақшасы.



Оған мыналар енгізілген:

    • Жедел жад (ЖЖҚ-жедел жадтайтын құрылғы) – компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.

    • ПРоцессор – көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.

    • ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы) – деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема.

    • Микропроцессорлық комплект (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.

    • Қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратпалар (слоттар)

    • Шиналар – олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны.

Тапсырма Кестені толтыру.

Құрылғылар

Орналасуы

Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде

Жүйелік блоктың ішінде

Жүйелік блоктың артқы панелінде

Монитор порты










Қатқыл диск










Компьютердің қосу/өшіру батырмасы










Аналық тақша










Микрофон мен колонкаларға арналған кірістер










Бейнетақша










Дискіжетек










Процессор










Электрмен қоректендіргіш бауы










CD-ROM










Модем мен сканерге арналған порттар










Қоректендіру блогы










Дыбыс тақшасы










Компьютерді қайта жүктеу батырмасы










ПРинтер порты










Маус пен пернетақта порттары










Жедел жады










Желілік тақша порттары.











Процессор.

Процессор – компьютердің негізгі микросхемасы. Ол ЭЕМ миы. Онда ақпаратты өңдеу мен барлық құрылғылардың бірлесіп істейтін жұмысын басқару жүргізіледі. Құрылысы бойынша процессор жедел жадтың ұяшықтарына ұқсас ұяшықтардан тұрады, бірақ бұл ұяшықтарда деректер тек сақталып қана қоймай, өзгертіледі де. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады.

Ең көп тараған процессрдың түрі: Пентиум. Мұндай процессорлар орнатылған компьютерлерді Пентиум деп атайды.
Жедел жад.

Жедел жад бұл деректерді уақытша сақтауға қабілетті кристалды ұяшық сілемі. Жадтың әрбір ұяшығының өзінің адресі болады. Бір ұяшықта 1 байт ақпарат сақталады.

Жедел жад компьютерде модульдер деп аталатын стандартты тақталарда орналасады. Жедел жадтың модульдерін аналық тақшадағы сәйкес ажыратпаларда қондырады.

Жедел жадтың сипаттамасы – оның сыйымдылығы. Қазіргі уақытта жедел жадтың көлемі 128 МБ, 256 МБ, 512 МБ, 1ГБ болып келеді.


ТЖҚ микросхемасы мен BIOS жүйесі.

Компьютерді қосқан кезде оның жедел жадында ештеңе – деректер де, бағдарламалар да болмайды. Бірақ процессорға әуелі алғашқы қосу кезеңінен кейін командалар керек. Ал жедел жады әзірге бос болғандықтан одан басқару жүрмейді, процессор ТЖҚ-ға қатынасады. ТЖҚ компьютер өшіп тұрғанда да ақпаратты ұзақ уақыт сақтай алады. ТЖҚ-дағы бағдарламалар компьютерді дайындау кезінде жазылады.

ТЖҚ-ға кіретін бағдарламалар комплекті енгізу шығару базалық жүйесін (BIOS – Basic input output system) құрады.

Бұл пакеттік бағдарламалардың міндеті – компьютерлік жүйенің жұмысқа қабілетілігін тексеру және пернетақтамен, монитормен, дискілермен өзара байланысын қамтамасыз ету.


Тақырып бір компьютердің жүйелік блогын ашып, құрылғыларды көрсету арқылы түсіндірледі.

Тақырыпты бекіту сұрақтары:



  1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?

  2. Сыртқы және ішкі құрылғылардың айырмашылығы қандай?

  3. Шина дегеніміз не?

  4. Контроллер немесе адаптердің атқаратын қызмеі не?

  5. Компьютердің ең негізгі тақшасы?

  6. Процессордың атқаратын қызметі қандай?

  7. Жедел жад пен тұрақты жадтың айырмашылығы қандай?

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар




Топ :













Күні:













Тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер.

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен: монитормен, пернетақтамен таныстыру. Олардың арналуын түсіндіру.


Б) Монитор мен пернетақта сипаттамаларын үйретіп, пернетақтада жұмыс жасауды пернетақталық тренажер арқылы меңгерту.
В) Оқушыларды компьютерде жұмыс жасатып, ұқыпты жұмыстануға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: «Аленка», «Babytape» пернетақталық тренажерлары, Информатика 3,4 электронды оқулығы.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Баяндау, көрсету, практикум

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырма

(компьютерде пернетақталық тренажермен жұмыс жасау)

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасын тексереміз. Үйге берілген тапсырма ЭЕМ-нің даму тарихы және компьютердің ішкі құрылғалары бойынша берілген кестені толтырып келу. Оқушылардың жұмысын қарап, бағалаймын.

Жаңа сабақ Компьютердің сыртқы құрылғылары.

Өткен сабақта біз компьютердің ішкі құрылғыларымен таныстық. Олар негізінен компьютердің жұмысын басқарып отырады. Бірақ компьюттер сыртқы ортамен қатысуы үшін, басқа қосымша құрылғылар керек.

Бұлар:


Деректерді енгізу құрылғылары;

Деректерді шығару құрылғылары;

Деректерді сақтау құрылғылары;

Деректерді алмасу құрылғылары:

Бүгінгі сабақта біз енгізу және шығару құрылғыларын қарастырамыз.

Енгізу құрылғылары көмегімен компьютерге өңделетін ақпарат енгізіледі, ал шығару құрылғылары арқылы машинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелері адам түсінетін түрде шығарылады.

Енгізу құрылғыларына: пернетақта, маус, джойстик, сканер, т.б. жатады.

Шығару құрылғыларына: принтер, монитор (дисплей), графиксалғыштар, т.б. жатады.



Монитор.

Монитор ақпаратты экранға шығаратын құрылғы. Ол компьютер жұмысы туралы барлық ақпаратты адамға беріп отырады.



Монитор бейнелеу түсі бойынша: Монохромды және түрлі-түсті болып бөлінеді.

Монохромды тек ақ-қара түстерді көрсете алады.



Монитор шығаратын ақпараты бойынша: Символдық және графикалық болып бөлінеді.

Символдық монитор тек мәтіндік ақпарат шығара алады. Ал, графикалық монитор символдық ақпараттан басқа әртүрлі графиктер мен суреттерді де кескіндей алады.

Мониторда кескін кішкентай нүктелерден тұрады. Мұндай нүктелерді пиксельдер деп атайды. Яғни пиксель дегеніміз – монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер. Түрлі түсті монитор экранында әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған үш ұсақ нүктелерден тұрады.

Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Монитор экранында орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, монитор да жақсы болады.

Алғашқы түрлі түсті монитор 1982 жылы жасалды, оны CGA-320x200 (Color graphic adapter-түрлі түсті графикалық адаптер) пиксельді монитор деп атады.

Ал 1984 жылы ЕGA-640x350 (Enhanced graphic adapter-жетілдірелген графикалық адаптер) пиксельді монитор шықты.

Қазіргі компьютерлерде VGA-640x480 (Video graphic adapter-Графикалық бейне адаптер) немесе SVGA-(800x600 – ден 1248х1024-ке дейін) (Super video graphic adapter-Графикалық супер бейне адаптер) мониторлар қолданылады.

Монитор сонымен бірге құрылысына қарай: электронды-сәулелі түтікшелі (ЭСТ) монитор және сұйық кристалды монитор болып бөлінеді.

Экран алдында көп отыруға болмайды, себебі:


  1. Көз тез шаршайды.

  2. Дисплей жұмысы кезінде электр магниттік және ультракүлгін сәулелері таратылады.


Пернетақта.

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріп немесе цифр пернелері көмегімен компьютерге кез келген ақпараты беруге мүмкіндік жасайды. Пернетақталарда 100-дің үстінде пернелер орналасады.

Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:

-басу пернетақтасы, , (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернелер: бос орын, 0-9 дейін цифрлар, A-Z латын әріптері, А-Я кириллица символдары, тыныс белгілері, «+», «-», «*», «/», арнайы символдар және т.б.)

- функционалдық пернелер: Ғ1, Ғ2, ..., Ғ12.

- арнайы операциялар пернелері, олар: Enter, Esc, Tab, Ctrl, Alt, Backspace, Caps Lock, Shift, Windows.

-меңзерді экран бетінде басқару және редакциялау пернелері, олар: Insert, End, Home, PageUp, PageDown, Left, Right, Up, Down, Delete

- сандық пернетақта, олар оң жақта бөлек орналасқан.
-басу пернетақтасы, олар пернетақтаның ортасында орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі блогы. Оның көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Бұл блокта латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдар орналасқан.

- функционалдық пернелер: Олар Ғ1, Ғ2, ..., Ғ12 әріптерімен белгіленген. Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі программада олар әртүрлі қызмет атқарады.

- арнайы операциялар пернелері, олар:

Enter-ең негізгі перне, операцияның аяқталғандығын көрсетеді.

EscБағдарламаны аяқтау пернесі, операцияны болдырмау немесе операциялар тізбегіне кері қайтуды орындайды.

Tab – Меңзерді бір басқару позициясынан басқасына ауыстырады.

Ctrl – арнайы әрекеттер үшін қолданылады.

Alt –арнайы әрекеттер үшін қолданылады.

Backspace – меңзердің сол жағындағы қате символды өшіреді.

Caps Lock – бас әріптер режимін іске қосады және айырады.

Shift – перненің қосалқы мәнін алу үшін қолданылады.

Windows – Пуск менюін ашу шін қолданылады.

-меңзерді экран бетінде басқару және редакциялау пернелері, олар:

Insert – символдарды ауыстыру және енгізу режимін қосады.

End – меңзерді жол соңына жылжытады.

Home – меңзерді жол басына жылжытады.

PageUp – меңзерді бір бетке жоғары жылжытады.

PageDown – меңзерді бір бетке төмен жылжытады.

Left – меңзерді бір орынға солға жылжытады.

Right – меңзерді бір орынға оңға жылжытады.

Up – меңзерді бір жолға жоғары жылжытады.

Down – меңзерді бір жолға төмен жылжытады.

Delete – меңзердің оң жағындағы символды өшіреді.

- сандық пернетақта, олар Num Lock пернесі қосылып тұрса сандарды енгізуді, айыруыл тұрса меңзерді басқару операцтяларын іске асырады.
Пернетақтамен жұммыс істеу техникасы.

Жеке пернені басқанда күш қолданбай, жай басу керек. Егер бір перне көп басылып тұрса, машина оны көп рет басылды деп түсініп, бірнеше символ салынады. Кейбір операцияларды орындау үшін екі немесе үш пернелер комбинациясын қолданады. Мысалы, Ctrl+L, бұл сендерге алдымен Ctrl пернесін басып, содан соң оны жібермей тұрып, L пернесін басу керек екенін білдіреді. Содан соң Ctrl-ды босатуға болады.


Меңзер.

Меңзер – экранда жыпылықтап тұратын белгі. Меңзер экранда алфавитті-цифрлық пернені басқанда символ қай жолға енгізілетінін көрсетеді. Символды енгізгеннен соң, меңзер оңға қарай бір қадам жылжиды. Меңзердің экранда пайда болуының мәні – алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге шақыру. Enter пернесін басу арқылы ақпаратты енгізу аяқталады.

Сабақтың соңғы 20 минутында компьютерде оқушылар пернетақталық тренажермен жұмыс жасайды.

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу, пернелердің атқаратын қызметін жаттау.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.


Топ :













Күні:













Тақырыбы: Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы.
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен: мауспен, принтермен жақын таныстыру. Олардың арналуын түсіндіру.
Б) Маус мен принтер сипаттамаларын үйретіп, принтер түрлерін таныстырып, мауспен жұмыс жасап жаттықттыру. Принтер таңдай алуға үйрету.
В) Оқушыларға компьютерде жұмыс жасатып, ұқыпты жұмыстануға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: Информатика 3,4, Компьютерлік сауаттылық электронды оқулықтары.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Баяндау, көрсету, практикум

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырма

(компьютерде электронды оқулықтармен жұмыс жасау)

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасын тексереміз. Үйге берілген тапсырма Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер.

Сұрақтар:



  1. Монитор не үшін қажет?

  2. Мониторлар қалай жіктеледі?

  3. Монитордың айыру мүмкіндігі дегеніміз не?

  4. Пиксельдегеніміз не?

  5. Түрлі-түсті мониторлардың қашан, қандай түрлері шығарылғаны жөнінде не айтасың?

  6. Қазіргі компьютерлерде қандай мониторлар қолданылады?

  7. Пернетақта не үшін қажет?

  8. Пернетақттаның негізгі блоктарын ата?

Аталған пернелердің қызметін айт: Enter, Esc, Tab, Ctrl, Alt, Backspace, Caps Lock, Shift, Windows, Insert, End, Home, PageUp, PageDown, Left, Right, Up, Down, Delete.

  1. Қандай пернетақталық тренажерлерды білесің?

Жаңа сабақ Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы.

Маус – манипулятор типті басқару құрылғысын Маусты кілемшенің бетінде жылжыту маус нұсқағышының экран бетінде жылжуымен үйлестірілген.

Оның пернетақтадан айырмашылығы, ол стандартты басқару құралы емес. Ол арнайы жүйелік бағдарлама – маус драйверінің қолдауын қажет етеді.

Маустың батырмаларының санына қарай екі батырмалы және үш батырмалы болып бөлінеді. Маустың көп қолданылатын батырмасы сол жақ батырмасы.

Маустың оң және сол жақ батырмаларын тез басуды шерту деп атайды.

Маус құрылысына қарай үш түрлі болады.



Оптикалы-механикалық маустың ішінде резинамен қапталған, темір шаригі болады. Ол маустың дөңгелеуі керек. Кейбір беттерде ол дөңгелемей сырғанап кететін болғандықтан, мұндай маустардың арнайы кілемшесі болады. Кілемше беті тұтқыр болып келеді де, шариктің сырғанап кетуіне жағдай туғызбайды.

Ал, оптикалық маустарда мұндай қозғалыс бөлігі жоқ. Бұл маустар айнадан өзге беттерде жұмыс жасай береді. Мұндай маус үшін кілемшенің қажеті жоқ. Ол механикалық маусқа қарағанда қымбаттау, бірақ қазіргі уақытта көп қолданушылар осы маусты қолданады.

Ал жұмыс жасауға провод кесел келтірсе, онда инфрақызыл маустарды қолдануға болады. Тек олардың батареясын ауыстырып отыру керек.

Маустан басқа да манипулятор түрлері бар, олар трекболдар, пенмаус.



Трекбол – бұл маус функцияларын орындайтын және портативті компьютерлерде қолданылатын құрылғы.

Пенмаус – шарикті автоқаламға ұқса, оның ұшындағы жазу түйірінің орнына жылжу мөлшерін тіркейтін түйін орналастырылған.

Ал компьютерлік ойындарда джойстиктер, джойпадтар, геймпадтар, штурвалды-педальды құрылғылар қолданылады.

Графикалық ақпараттарды енгізу үшін, сканерлерді, графикалық планшеттерді (дигитайзерлерді) және цифрлық фотокамераларды қолданады.

Сканер көмегімен таңбалық ақпаратты да енгізуге болады. Бұл жағдайда алғашқы деректер графикалық түрде енгізіледі де, бейне тану бағдарламалары көмегімен өңделеді.



Сканер – графикалық немесе символдық ақпаратты қағаз тасуыштан компьютер жадына енгізу үшін қолданылады.

Графикалық планшеттер (дигитайзерлер) – көркемдік графикалық ақпараттарды енгізуге арналған.

Цифрлық фотокамералар – бұлар ақпаратты сканер сияқты қағаз бетінен емес, тікелей қоршаған ортадан қабылдайды.
Басу құрылғысы.

Принтерлербасу құрылғылары, олар деректерді шығару құрылғылары ретінде қолданылады және көшірмесін қағаз бетінде алуға мүмкіндік береді. Әрекеттерінің принциптері бойынша олар: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік болып бөлінеді.

Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болатын оттисктер түрінде шығарылады.

Сия бүріккіш принтерлер – кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде пайда болған дақтардан қалыптасады. Басу сапасы лазерліккке қарағанда төмен, және сапа тамшы көлеміне, оның пішініне, бояғыштың қоюлығына және қағаз сапасына тәуелді. Бұлар түрлі-түсті баспада кең қолданылады.

Лазерлік принтерлер – полиграфиялық баспадан кеме емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып, оған жабысады.
Компьютерде оқушылар Компьютерлік сауаттылық электронды оқулығымен жұмыстанады.

Компьютерлік сауаттылық

компьютер құрылымы бөлімі

дербес компьютердің шалғай құрылғылары

басқару командасының құрылғысы,

графикалық деректерді енгізу құрылғысы,

деректерді шығару құрылғысы бөлімдерін ашып қарайды.

ЭО-пен өздері жұмыстанады.


Содан соң қалған уақытта мауспен жұмыстанып үйрену үшін Информатика 3,4 ЭО-ғын ашып, Работа с мышью бөлімінен жаттықтыру программаларымен жұмыс жасайды.
Үйге тапсырма тақырыпт оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.


Топ :













Күні:













Тақырыбы: Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискжетек. CD-ROM.

Сабақ мақсаты: а) Ақпарат тасуыштар жөнінде түсінік беру. Дискжетек пен CD-ROM жұмыстарымен таныстыру.


Б) Ақпарат тасуыштардың қолданылу мақсатын, түрлерін, негізгі параметрлерін түсіндіру.
В) Оқушыларды құрылғылармен жете таныстырып, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: Плакаттар

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Көрсете-түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы.

Сұрақтар:


  1. Маустар қалайша жіктеледі?

  2. Трекбол деген не?

  3. Пенмаус деген не?

  4. Компьютерлік ойындарда қандай манипуляторлар қолданылады?

  5. Графикалық ақпараттарды компьютер жадына енгізу үшін не қолданылады?

  6. Принтердің қандай түрлері бар?

Жаңа сабақ Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискжетек. CD-ROM.

Сендер өткен сабақтан білесіңдер компьютер жады не үшін қолданылады? Әрине ақпаратты сақтау үшін. Компьютер жады екіге бөлінеді. Сыртқы және ішкі. Сыртқы жады ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға, ал ішкі жады уақытша сақтауға қолданылады. Ішкі жадының өзі жедел (ЖЖҚ) және тұрақты (ТЖҚ) болып бөлінеді. Жедел жадыдағы ақпарат компьютер өшкендк тазарып отырады. Ал ТЖҚ-дағы ақпарат өзгертілмейді және үстіне жазылмайды. Онда прораммалық және анықтамалық ақпараттар компьютерді шығарған жерде жазылып жіберіледі.

Ал сыртқы жады мынадай тасуыштарда орналасады: магниттік дис, магнитттік таспа, лазерлік диск.

Магниті дискілерге қатқыл диск (винчестер) мен иілгіш диск (дискета) жатады.

Схема тақтада көрнекі түрде ілінеді.

Сұрақ: Адамның ішкі және сыртқы жадын компьютер жадымен салыстырып оқушылардан айтып шығу сұралады.



Иілгіш дискілер. (дискеттер, флоппи дискілер).

Иілгіш диск – төзімділігі жеткілікті және өлшемі тұрақты, арнайы пленкадан жасалған тегіс диск. Оның ферромагнитттік қабаты бар және қорғаушы конвертке салынған.

Құрылымы: Тығыздығы жоғары идентификатор, Жазудан қорғау терезесі (ол маңызды ақпаратты абайсыз жоюдан сақтауға арналған) , Жұмыс алаңының қорғаушы пердесі (қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғау үшін), Дискет таңбашасы (дискет мазмұнын жазып қоюға арналған).

Иілгіш дискіден оқу және жазу үшін дискжетек қолданылады. Ол компьютерде тұрақты түрде қолданылмайтын ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге тасужәне сақтау үшін қолданылады. Қазіргі кезде үшдюймді дискжетектер 1,44/2,88 МБ жазуға мүмкіндік береді. Дискетаны бірінші рет қолданар алдында оны форматтау керек. Бұл арнайы программа көмегімен орындалады. Кейбір өндірушілер дискетті форматтап шығарады.


Қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар немесе винчестер - бұл дискілер жиыны бар (екі жақ бетіне де ақпарат жазылатын, жылтыратып тегістелген ферромагнитті қабаты бар мүлтіксіз жазық бірнеше пластина), жетекпен бірге жинақталған (сәйкес электронды басқару схемасымен оқу-жазу механизмінің үйлесуі) жадтайтын құрылғы.Қатқыл магнитті дискілерде бір блокқа жиналған магнитті бастиектер тобы жұмыс істейді. ЭЕМ қосылып тұрғанда дискілер пакеті үзіліссіз және үлкен жылдамдықпен айналады, сол себепті юастиектер мен дискілердің механикалық түсйісуі мүмкін емес. Жинақтауыштың электромагниттік бөлігі шаң тимеуі үшін, герметикалық корпусқа салынған. Винчестер әдетте жүйелік блоктың ішіне орналастырылған және ақпараттың өте үлкен көлемін тұрақты сақтауға арналған.

Магнитті дискіде ақпараттар магниттік бетке, концентрлік шеңбер тәрізді жолдарға орналасады.

Яғни жолшықтар дегеніміз – бұл концентрлі шеңберлер, онда ақпарат орналасады.

Радиусы бірдей жолшықтар дискінің екі жағында орналсады да, цилиндр деп аталатын деректер аймағын құрайды.

Жол нөлден бастап нөмірленеді. Әр жолда ақпарат порция түрінде сақталады. Әр жолдағы порция саны бірдей болады. Әр түрлі жолдардағы бірдей нөмірлі мәліметтер жиыны сектор деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет