Сабақ мақсаты Барлығы: Жер бедері түрлерін жіктеу, жоспар бойынша сипаттау



жүктеу 72.82 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі72.82 Kb.
түріСабақ

Имашева Гуляим Хамзиновна

Жоғарғы санатты география пәні мұғалімі.

Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кенті

Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ

Тақырыбы: «Жер бедерінің жіктелуі». 8 сынып


Оқу мақсаты

8.3.1.2- жер бедері түрлерін жіктейді

8.3.1.3- жер бедері түрлерін жоспар бойынша сипаттайды



Сабақ мақсаты

Барлығы: Жер бедері түрлерін жіктеу, жоспар бойынша сипаттау

Көпшілігі: Жер бедері түрлерін ажыратып, картадан көрсету

Кескін картаға тиісті нысандарды жазу



Кейбіреуі: Сарыарқаның профильін құрастыру

Жер бедері түрлерінің өзгеруіне болжам жасау, шешу жолдарын қарастыру.



Бағалау критерийлері


Жер бедері түрлерін жіктейді;

Жоспар бойынша сипаттайды;

Жер бедері түрлерін картадан көрсетеді;

Кескін картаға түсіреді;

Сарыарқаның профильін құрастырады;

Жер бедері түрлерінің өзгеруіне болжам жасайды;

Шешу жолдарын қарастырады.


Тілдік мақсаттар

 


Оқылым: географиялық дерек көздерін оқу, талдау.

Тыңдалым: Топтық жұмыстарда басқалардың айтқандарын тыңдап, өзі саралап қорытындылайды Айтылым: Топпен жұмыста тақырыпты бір - біріне түсіндіру арқылы білім жинақтау. Жазылым:топтық, жеке жұмыста берілген тапсырмалар бойынша дәптерлеріне жазып,кескін картамен жұмыс жасайды.



Құндылықтарды қалыптастыру

Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық атмосфера құруға баулу, жұптық жұмыс арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйрену, жеке жұмыс арқылы жауапкершілікті сезініп өз бетімен білім алуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану пәні 5 сынып «Жер ғаламшар» тарауы бойынша ұғымдарды еске түсіреді.

Экология табиғатты қорғау, тиімді пайдалану жолдарын карастыру.



Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Бағалау тәсілдері

Сабақ басы

 5 мин




Мақсаты:

Сыныптың ахуалын, уәжін айқындау, топқа бөлу



Психологиялық ахуал.

  1. Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлайық.

  2. Топқа бөлу кезеңінде «Дос таңдау» ойыны арқылы, үш топқа бөлініп, жылы лебіздерін білдіріп, өз топтарына жиналады.

  3. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді.

Алдыңғы оқу. «Тарсия» әдісі арқылы

Мақсаты:

5-6 сыныпта өткен тақырыптардан білімдері нақтылау.



«Ой қозғау»

Мақсаты: Жаңа тақырыпты ашу, сабаққа мақсат қою.

Нәтижесінде шыққан сурет арқылы тақырыпты ашып, ойларын ортаға салады. Әр топ 1 мақсат қояды.

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жер бедерінің жіктелуі


Әр топ сабаққа мақсат қояды


Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

Ұпаймен бағалау


5 мин


1. Өтілетін тақырып бойынша BilimLand.kz сайтынан бейнеролик көреді.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Бейнематерилды көріп, оған талдау жасай алады

Бейнематериалмен танысады

Топта талдайды, ақпарат алмасады

Оқулық пен мәтінмен жұмыс.

Мақсаты:

«Түртіп алу» стратегиясы арқылы оқулық мәтінінен негізгіні табу.

- Географиялық терминдердің астын сызып оқиды

- Дәптерге анықтамаларын жазады




Ауызша бағалау

Сабақ ортасы

25 мин
Жеке жұмыс

Топтық жұмыс


Тендер” ойыны

Мақсаты: Оқушыларды сыни ойлауға баулу, шығармашылық қабілетін дамыту

А деңгейі

Жергілікті жер бедері Сарыарқаны жоспар бойынша сипаттайды.

  1. Жер бедерінің түрлері;

  2. Қандай бағытта орналасқаны;

  3. Абсолют биіктігі;

  4. Қандай тау жыныстарынан тұрады;

  5. Шаруашылыққа пайдалану.

В деңгейі

  1. Сарыарқаның жер бедері түрлерін ажыратып, картадан көрсетеді.

  2. Кескін картаға тиісті нысандарды жазады.




С деңгейі

  • Сарыарқаның профильін (көлденең қимасын) құрастыру




«География тілі – карта» тапсырмасымен жұмыс.

Географиялық номенклатура нысандарын картадағы жер бедерін жіктеп, картадан тауып көрсету.



Географиялық номенклатура

нысандары


Материктер

Биіктігі

Амазонка ойпаты







Бразилия таулы қыраты







Анд таулары







Кордильера







Гималай







Сарыарқа







Тұран жазығы







Дескриптор. Географиялық номенклатура нысандарының картадағы географиялық орнының ерекшеліктеріне сәйкес талқылап, себептерін түсіндіреді, картадан тауып көрсетеді

 

Саралау әдісі (дифференциация)
Қиындық деңгейіне қарай саралау

Өзара бағалау жүргізіледі

1-3 аралығынды
Бағалау:

Жеке және жұптық, топтық бағалау жүреді.




Сабақ соңы

5 мин






Оқушылар смайликтерге мәләметтердә жазып рефлексиялық талдау жүргізеді

Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

-Көбірек қолдау көрсету үшін пікірімен келісу. Қабілеті жоғары оқушылардың тапсырмаларын күрделендіру.



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Оқушыларды критериалды бағалау жүйесі арқылы бағалаймын. Сабақ барысында өзара бағалайды, өз-өзін бағалайды. Топтағы жұмысты бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Денсаулық сақтау және қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру

Денсаулықты және қауіпсіздікті тексеру











Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет