Сабақ мақсаты: Білімділік: Дисперсия құбылысын тұжырымдап, табиғаттағы дисперсия құбылысын түсіндіру



жүктеу 53.77 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі53.77 Kb.
түріСабақ

Сабақ тақырыбы: Жарық дисперсиясы

Сабақ мақсаты: Білімділік:Дисперсия құбылысын тұжырымдап, табиғаттағы

дисперсия құбылысын түсіндіру.



Тәрбиелік:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық:Тақырып бойынша материалдарды табуға,

ізденімпаздыққа баулу.



Сабақтың көрнекілігі: Компьютер , слайдтық презентациялар, интерактивті

тақта ,оқулық



Қолданылатын әдістер: Түсіндірмелі сұрақ–жауап ,тест

Сабақтың типі : Жаңа сабақ материалын меңгерту.

Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабақ материалдарын еске түсіру

ІІІ. Жаңа сабақ материалын түсіндіру

ІV. Жаңа материалды бекіту.

V. Сабақты қорытындылау,бағалау

VІ. Үй тапсырмасын беру

III Жаңа сабақ материалын түсіндіру:

1.И.Ньютон ашқан тәжірибелер.


  Сыну көрсеткіші жарық шоғының түсу бұрышына тәуелді емес, алайда, шоқтың түсіне тәуелді. Мұны ашқан Ньютон болатын.

Ньютон телескоптарды жетілдіру жұмысымен шұғылдана отырып, объективтен шыққан кескіннің шеттері боялғанына көңіл аударады. "Ол бұл құбылысты тамашалады да, тұңғыш рет жарық сәулелерінің алуан түрлі екендігін және бұған дейін ешкім ойламаған, жарық түстерінің ерекшелігін зерттеді" (Ньютон қабірінің басына жазылған сөз). Линзадан шыққан кескіннің кемпірқосақ түсіне боялатыны әрине, Ньютонға дейін де байқалған. Призма арқылы қараған нәрселердің шеттері де кемпірқосақ түсті болатыны байқалған. Призма арқылы өткен жарық сәулелері шоғының шеттері боялған болады.

Ньютонның негізгі тәжірибесі даналықпен жасалған қарапайым тәжірибе еді. Ньютон призмаға көлденең қимасы кішкене жарық шоғын түсіруді ойлап тапты. Күннің жарық сәулесі терезе қақпағындағы кішкене тесік арқылы, қараңғылаған үй ішіне жіберілді. Жарық шоғы шыны призмаға түсіп сынды да, қарсы қабырғаға кемпірқосақ түстерімен кезек боялған ұзарған кескін түсті.

2.Спектр түстері

Ньютон тәжірибесінің айқындалған кескіні берілген 3-суретте көрсетілген. Кемпірқосақ негізгі жеті түстен құралады деген ғасырларға созылған дәстүр бойынша, Ньютон мынадай жеті түсті бөліп алды: күлгін, көк, көгілдір, жасыл, сары, қызғылт сары және қызыл. Түсті жолақтың өзін Ньютон спектр деп атады.

Тесікті қызыл шынымен жауып қойып, Ньютон қабырғадан тек - қызыл дақ, көк шынымен жауып - көк дақ т.с.с. байқады. Бұдан бұрын жорамалдағандай, ақ сәулені призма боямайтындығы анықталды. Призма жарықты өзгертпейді, оны тек құрамды бөліктеріне жіктейді (2-сурет). Ал жарықтың кұрылымы күрделі, одан әр түсті шоқтар бөліп алуға болады. Олардың тек бірлескен әрекеті ғана бізге ақ түс әсерін туғызады. Шынында да, егер біріншіге қарағанда 180°-қа бұрылған, екінші призманың көмегімен спектрдің бүкіл шоқтарын жинасақ, онда тағы ақ жарық шығарып аламыз (1- сурет). Спектрдің кез келген бір бөлігін, мысалы, жасылын бөліп алып, жарықты тағы бір призмадан өтуге мәжбүр етсек, енді боялуда өзгеріс болмайды. Ең көп сынатын — күлгін сәулелер, барлығынан аз сынатын қызыл сәулелер.

3.Жарық дисперсиясы,оның түрлері

Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігін Ньютон дисперсия (латынның dispersio шашамын деген сөз) деп атады. Сыну көрсеткіші жарықтың зат ішіндегі жылдамдығына тәуелді.

Сынудың абсолют көрсеткіші: . Қызыл жарықты қызыл түсті сәуле зат ішіндегі жылдамдығы үлкен болғандықтан, аз сынады, ал күлгін жарықтыкі ең кіші болғандықтан, күлгін түсті сәуле көп сынады. Міне сондыктан да призма жарықты жіктейді. Бостықта әр түсті жарықтың жылдамдықтары бірдей. Егер олай болмаса, онда мысалы, Рёмер бақылаған Юпитер серігі Ио көлеңкеден шыққан кезде - қызыл болып көрінер еді. Бірақ ол байқалмады. Бертін келе түстің жарық толқындарының физикалық сипаттамаларына (тербеліс жиілігіне немесе толқын ұзындығына) тәуелділігі айқындалған болатын. .

Дисперсия деп жарықтың сыну көрсеткішінің тербеліс жиілігіне (не толық ұзындығына) тәуілділігін айтады. Ақ жарық құрылымының күрделі екендігін біле отырып, табиғаттағы неше түрлі тамаша бояуларды түсіндіруге болады. Егер нәрсе, мысалы, парақ қағаз, өзіне түсетін әр түсті сөулелердің барлығын шағылдырса, онда ол ақ сияқты болады. Қағазды қызыл бояумен боясақ, біз басқа бір түсті жарық шығармаймыз, бірақ бар түстің біразын қағазбен ұстап қаламыз. Енді тек қызыл сәулелер ғана шағылады, қалғандарын қағаздағы бояу жұтып алады. Шөп және ағаштардың жапырақтары жасыл болып көрінетін себебі, өздеріне түскен Күн сәулелерінің ішінен олар тек жасылдарын ғана шағындырады, қалғандарын жұтып алады. Егер шөпке, қызыл сәулелерді ғана өткізіп, қызыл шыны арқылы қарасақ, онда шөп қарауытып көрінеді.

4.Толықтауыш түстер

Бір – біріне қосқанда ақ жарық беретін түстерді толықтауыш түстер деп атады.



5.Алғашқы түстер

Қызыл,жасыл ,көгілдір түстерді Юнг алғашқы түстер деп атады. Алғашқы түстердің ешқайсысын басқа түстерді араластыру арқылы алу мүмкін емес.



6.Заттардың түстері

Егер зат ақ жарықтың барлық құрамды бөлігін біркелкі шашыратса ол ақ болып көрінеді.Ал зат өзіне түскен барлық түсті жұтса, ол қара түсті береді.

Сондықтан мөлдір денелерді жарық жолына ұстаса , олар әр түрлі түске боялған тәрізді көрінеді.Мұндай заттар жарық сүзгісі деп аталады.

7.Түстердің бір-бірінен ерекшелігі

Түстер ерекшелігі: қызыл-күш-қуаттың символы;қызғылт сары- қызу қанды;сары-күн шуағы ,жылу символы,жасыл-тіршілік түсі,жағымды түс,көк- ашық аспан,өмір,өсу;көгілдір- сенімділікті,білгірлікті;күлгінбайлықты,жеңісті бейнелейді;ақ-тазалық,пәктіктіңм белгісі ; қара-қайсарлықты білдіреді.
Жаңа материалды бекіту:

1.Тест тапсырмасы

1. Жарық Күннен жерге дейін қанша уақытта жетеді?

а) 8 мин б) 8 мин 20 сек в) 20 сек



2. Вакуумдағы жарық жылдамдығы қаншаға тең?

а) 3*108 м/с б) 3*105 м/с в) 3*106 м/с



3. Дисперсия қай тілден енген:

а) грек б) латын в) ағылшын



4. Қай түстің таралу жылдамдығы үлкен:

а) қызыл б) көк в) күлгін



5. Ньютон спектрды қандай заттың көмегімен жүзеге асырады:

а) призма б) линза в) айна



6. Жарық жылдамдығын өлшеудің лабораториялық әдісін кім ашты:

а) О.Ремер – 1676 ж б) И.Физо – 1849 ж в) Т.Юнг – 1800 ж



7. Ортаның абсолютсыну көрсеткіші қандай бірлікпен өлшенеді:

а) атаусыз шама б) люкс, люмен в) генри, фарад



8.Жарықтың толқын ұзындығын немен анықтайды:

а)дифракциялық тор б)микроскоп в)оптикалық аспап



9.Жарықтың қай түсі көп сынады:

а)қызыл б)күлгін в)көгілдір



10.Дисперсия нешеге бөлінеді: а)2 б)3 в)4

2.Дисперсия құбылысының анықтамасы:

Дисперсия – заттың сыну көрсеткішінің түсетін жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігі.

3.Табиғатта кездесетін құбылыстар ,логикалық сұрақтарға жауап

1. Кемпірқосақтың пайда болуы. Жарық жаңбыр тамшыларына түсіп, шағылып аспанда жарық шоқтарының жіктелуінен кемпірқосақ пайда болады.

2.Шөп пен жапырақтың түсі жазда жасыл боп, күзде сары боп көрінеді. Жазда жапырақ жасыл түстен басқасын шағылдырады, ал күзде сары түсті шағылдырады.

3.Логикалық сұрақтар:



  1. Күн батарда немесе шыққанда қызыл арай неліктен көрінеді?

  2. Жарық түсі жарық толқын ұзындығына тәуелді ме?

  3. Аспан түсі неге көк?

  4. Қандай жағдайда беті жылтыр емес дененің көлеңкесі толық түседі?

  5. Біртекті ортада жарық қалай таралады?

  6. Күн сәулесі қандай жылдамдықпен таралады?

  7. Кепірқосақтың пайда болу себебі неде?

4.Карточкамен жұмыс: Есептер шығару.

Сабақты қорытындылау: Сұрақ – жауап арқылы тақырыптың негізгі

материалын қорытындылау.



Оқушыларды бағалау: Сабаққа белсене қатысқан , сұраққа дұрыс жауап

берген оқушыларды бағалау.



Үй тапсырмасы:

§4.6 Жарық дисперсиясы оқу



Жарықтың түстері туралы реферат жазу
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет