Сабақ математика «7 санына көбейту және бөлу кестесі»



жүктеу 43.12 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі43.12 Kb.
түріСабақ

№3 Қарауылкелді орта мектебі


АШЫҚ САБАҚ
МАТЕМАТИКА

«7 санына көбейту және бөлу кестесі»

Өткізген: Қожабаева Айнұр

Сыныбы: 3 «Б»

2016-2017 оқу жылы

24.10.16ж

Математика. Ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: 7 санына көбейту және бөлу кестесі.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды 7-ге көбейту және бөлу кестесімен таныстыру. Көбейту, бөлу амалдарын шығаруға машықтандыру. ә)Оқушылардың ақыл-ойын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өз бетімен жұмыс жасауын дамыту. б) Сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: АКТ, жұппен жұмыс, топтастыру.



Көрнекілік: слайд, суреттер, плакат, оқулық.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.

Сабақты бастамас бұрын ережемізді еске сақтайық.



  • Психологиялық сәт.

  • Балалар, 1 таңбалы сандардың ішінде өздеріңе ұнаған санды айтыңдаршы.

  • Дұрыс, олай болса менің де ұнататын саным бар. Ол 7 саны.

  • Балалар, 7 саны дегенде ойларыңа не түседі?

  • Балалардың жауабы.

  • Олай болса, бүгінгі сабағымызда мен әлемнің жеті кереметімен таныстырғым келіп отыр. Балалар, танысқыларың келеме?

  • Олай болса видеосюжет тамашалайық. Әлемнің 7 кереметі.

  • Балалар, көріп отырғандарыңыздай әлемде көп керемет бар екен.

  • Жаңа көргенімізді енді мен жеке – жеке таныстырамын. Ол үшін әр кереметті таныстыру үшін мен сендерге тапсырма беремін, тапсырманы жақсы орындасаңыздар мен барлық 7 кереметпен таныстырып шығамын.

  • 1 тапсырма үй тапсырмасын бекіту.

  • Үйге берілген есепті 2 балаға беріп тақтаға шығартам.

  • Кесінділердің үлесін анықта.

  • 7 санына топтастыру 3 қатардан 3 балаға берем

Топтастыру

Нан Қазына




Ата Керемет




Күн Ру


  • 1 кереметі

  • Мысыр пирамидасы — осыдан 5000 жыл бұрын тұрғызылған. Ол суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан.

  • Жаңа сабақ.



  • «Дүкен» ойыны.

Қалам 7 тенге. 6 қалам сатып алды. Қанша теңге төледі?

Өшіргіш 8тенге. 7 өшіргіш сатып алды, қанша теңге төледі?

Дәптер 9 тенге. 4 дәптер сатып алды, қанша теңге төледі?


  • 2 кереметті көру үшін 7ге көбейту және бөлу кестесін жазу.

  • Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

  • 3 кереметті көру үшін:

  • Оқулықпен жұмыс №2

  • 21 конфет берілген осы конфетті 3 қорапқа теңдей бөліп сал.

  • Неше конфеттен салдың? 21 : 3

  • Кері есеп құрастыр.

  • 7 конфетті 3 қорапқа салғанда барлығы 21 конфет болады. 7 * 3

  • 35 өрікті 5 шелекке теңдей бөліп сал.

  • Неше өріктен салдың?

  • Кері есеп құрастыр.

  • 7 өрікті 5 қорапқа теңдей бөліп салғанда барлығы 35 өрік болды.

  • Эфестегі Артемида ғибадатханасы – ІІІ-ІҮ ғасырда Артемиданың құрметіне салынған, Грек жұртының мақтанышы.

  • 4 кереметті көру үшін тапсырма:

  • Тақтамен жұмыс №3 Салыстыр

3 х 7 * 7 х 3 3 х 7 + 24 * 7 х 3 +73

7 х 7 * 8 х 7 7 х 7 + 20 * 7 х 8 + 20



  • Олимпиядағы Зевс мүсіні – классикалық Грек өнері тарихынан келіп жеткен ескерткіш. Грек мүсіншісі Фидий алтын мен пілсүйегінен жасаған.

  • 5 кереметті көру үшін:

  • Жұппен жұмыс.

Берілген кесінділердің үштен бір бөлігіне тең болатын кесінді сыз.

15 см : 3 = 5 см. 9 см : 3 = 3см.

  • Галикарнас кесенесі – VI ғасырда аты сирек естілетін шағын ғана Галикарнас қаласында салынған. Ол 356-жылы дүние салған осы елдің патшасының құрметіне салынған.

  • 6 кереметті көру үшін:

  • Сергіту сәті

  • Родос алыбы - Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың құрметіне тұрғызылған. Оны тұрғызу 12 жылға созылған. Биіктігі 45 м.

  • 7 кереметі

  • Оқулықпен жұмыс №7 Есепте.

(650 + 85) – 480 = 255 500 – (609 – 452) = 343

175 + (900 – 465) = 610 850 – (360 + 185) = 305

  • Александрия шамшырағы – Мысырда. Заңғар тау мен телегей теңыздің ортасында көкпен тілдесіп тұрған ғимарат. Биіктігі 160 м.

  • Бағалау. Қазақстанның жеті кереметімен таныстырып, солардың суретін сыйға берем.

  • Кері байланыс.

  • 7 Нан – өте жақсы

  • 7 Керемет – жақсы

  • 7 Қазына – орташа

  • Қорытынды. Үйге тапсырма. №8

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.



Өнер – білім көп болып,

Өсе берсін санамыз – дей келе сабағымызды аяқтаймын.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет