6 сәуір күні 05 сағат 00 мин. бастап таңғы 10-ға дейін "Mega Silk Way" сауда үйінің жағдайында (Қабанбай батыр даңғылы, 62) терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік әрекетке шұғыл әрекет ету бойынша оқу-жаттығуларын өткізу жоспарлануда.

Сауда орталығының айналасында шектеулер бар.

“Осыған орай, азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, қатысы бар мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз”, – делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб хабарламасында.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.