Сабақ: Мектеп: "№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты"



жүктеу 84.32 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі84.32 Kb.
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар



Сабақ:

Мектеп:"№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты" КММ

Күні:

Оқытушының аты-жөні: Қыраубаева Ділдаш Ерғабылқызы

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

§40. Шойын мен болат

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Темірдің аса бағалы өнімдері, оның құймалары- шойын мен болат туралы білім қалыптасады.

Сабақ мақсаттары

(бағалау критерийлері)

Барлық оқушылар: Шойын мен болаттың айырмашылғын біледі;

Оқушылардың басым бөлігі: Шойын мен болат өндірудің химиялық реакция теңдеулерін жаза алады;

Кейбір оқушылар: Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеп, дәлелдей алады;

Тілдік мақсат


Оқушылар не істей алады? Берілген өзгерістерді жүзеге асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жаза алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: темір кендері, темір құймалары, шойын, болат, металлургия

Алдыңғы оқу

Қара металлургия, еліміздегі темір кен орындары туралы біледі

Жоспар

Сабақ кезеңдері,

жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар


Ұйымдастыру 2мин

Үй тапсырмасын тексеру

Білу

13 мин

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сәттілік тілеп, қол шапалақтау

Топқа бөліну.

1-топ. 2-топ

"Неліктен?"

Неліктен темір d элементке жатқызылады?

Неліктен темірді "аспан тасы" деп атайды?

Неліктен қанның түсі қызыл болады?

Неліктен адам анемия ауруына шалдығады?

Неліктен темір (ІІ) гидроксиді тұрақсыз?

Неліктен темір жемірілуге ұшырайды?




доп





Графикалық тест



Менің тұжырымым дұрыс па?

Иә

Жоқ

1

2
3
4

5

6

7


8

9

10


11

12
13


14

15


Темір элементі VIII негізгі топқа жатады

Темір табиғатта минералдар құрамында кездеседі

Темірдің электрондық конфигурациясы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

Темірдің салыстырмалы атомдық массасы 26

Темір адам ағзасына зиянды

Тотығу дәрежесі 0,+2,+3, кейде +6.

Темір тәулігіне адам ағзасында 4-5 г болу керек

Темір электролиз әдісімен алынады

Темір ең жеңіл металл қатарына жатады

Темір 65%-ы қандағы гемоглобиннің құрамында болады

Темір үш түрлі оксид түзеді

Темірдің магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар

Жемірілген темірдің бетін қоңырқай тат басады

Темір табиғатта ең көп таралған металл

Темір орташа белсенді металға жатады

+
+


+

+

+


+
+

+


+

+
+
+

+

+

+





Бағалау критерийі бойынша 14-15 -«5», 9-13 – «4», 5-8-«3», 1-4-"2"

Өзара бағалау жүреді.

Оқушылар "Бағдаршам" көздері арқылы өзін-өзі бағалайды.

Қызыл түс "Мен тақырыпты (сұрақты) түсінбедім, сондықтан сұрақтарға жауап бере алмадым"

Жасыл түс "Мен тақырыпты (сұрақты) толық түсінбедім, сұрақтарға жауап беруім үшін қайта оқып шығуым керек".

Сары түс "Мен тақырыпты түсіндім, сондықтан барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердім"



Интерактивті тақта, слайдтар

Тест


Бағалау критерийлері

"Бағдаршам" көздері



Қызығушылықты ояту

3мин


"Суретті әңгімеле" әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Мақсаты: Өтілетін тақырыптың бір көрінісі бар суретті сипаттау, зейінін шоғырландыру, сол көріністер арқылы не болатынын болжау, әңгіме тыңдауға қызығушылықтарын ояту



Жаңа тақырыпқа байланысты суреттер

Түсіну

10 мин


Оқулықпен жұмыс, топтық, жұптық жұмыс, флипчарт құру, постер қорғау. Тақырып мағынасын ашу

1-топ: Шойын

2-топ: Болат

Ол үшін әр топқа арнайы ресурстар беріп, сол ресурстар төңірегінде оқушылар талдайды, пікір-алмасу арқылы тапсырманы орындап түсінгендері бойынша флипчарт құрастырады.




Оқулық

Плакат


Маркерлер

суреттер


Қолдану

5 мин


Шығармашылық тапсырма

1-топқа: “Қобыланды батыр” жырында:

«Атадан қалған ақсауыт,

Жағасы алтын, жеңi жез,

Шығыршығы торғай көз

Сауыт киер ме екенбiз

Алтын қалпақ дулыға

Шекесiндей жарқылдай” — деген өлең жолдарында кездесетін бұрынғы көшпелi халықтың тiршiлiк болмысында әрi киiм, әрi қорғаныс құралы, әрi қару-жарақ болған химиялық элементтiң

қандай қасиетi суреттелген?

2-топқа: Мақал-мәтелдерді химиялық тілде қалай түсінесіңдер?

“Батыр майданда шынығады, болат қайнауда шынығады”.

(Сапалы болат алу үшін темірді басқа да қоспалармен араластырып жоғары температурада балқытады. Себебі, жоғары температурада темір атомдары қоспа элементтерінің атомдарымен кірігіп мықты байланыс түзеді).



Интерактивті тақта, слайдтар

карточкалар




Талдау

5 мин


Есеп шығару. Тақырыптың мағынасы мен идеясын талдау үшін әр топқа оқулықтан есеп беріледі, әр топ өз тапсырмасын орындаған соң араларынан 1 оқушы тақтада орындайды

Жұмыс дәптерінен

1-топқа №65а (87-бетте)

2-топқа №65ә (88-бетте)

Есептер мен жаттығулар жинағынан топтың көшбасшыларына есептер беріледі.

1. 2,8г темір күкірпен әрекеттескенде түзілетін заттың массасын есепте

2. 0,5 моль темір (ІІІ) гидроксидін қыздырғанда түзілетін темір (ІІІ) оксидінің массасын есепте


Жұмыс дәптері
Есептер мен жаттығулар жинағы


Жинақтау

5 мин

Т кестесін толтыру


Флипчарт, плакат

Бағалау

2мин


-Әр топтың жетекшісі топтағы нәтижелі жұмыс бойынша оқушыларды бағалайды.

-Мұғалім бүгінгі сабақ үшін кері байланыс жасап бағалау жүргізеді, сабақты қорытындылайды.



Бағалау парағы

Рефлексия

2 мин

Оқушылар "Кері байланыс күнделігін" толтырады.

Бүгінгі сабақта

Қиындықтар кездесті

Өзіме қойған бағам

Топтың бағалауы

Өз ойымды толық жеткізе білдім










Алған білімімді практикада қолдана алдым.










Химиялық тілді дұрыс қолдандым










Реакция теңдеулерін жаза алдым










Заңдылықтарды сандық есептерде қолдана алдым













Кері байланыс күнделігі

Үйге тапсырма

1 мин

§40. Шойын мен болат (оқу)

-№5,6-есептерді шығару (175-бетте)

-Еліміздегі қара металлуургия өндірісі туралы реферат дайындау


Оқулық

Химия 9сынып




Қызылорда қаласы

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет