Сабақ Музыка 4-сынып Пән мұғалімі: Әкімтаев Бауыржан №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі 2010 2011 оқу жылы Тақырыбы: Жыр және опера Мақсаты



жүктеу 25.82 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі25.82 Kb.
түріСабақ


Ашық сабақ




Музыка
4-сынып

Пән мұғалімі: Әкімтаев Бауыржан

№113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі
2010 – 2011 оқу жылы

Тақырыбы: Жыр және опера
Мақсаты:

Білімділігі: Опера өнері және операның жырмен байланысы туралы түсінік беру. Музыканы талдатып, әнді жүйелі түрде үйрету;
Дамытушылығы: Эстетикалық талғамын, музыкалық қабілетін,

ой-танымын дамыту;


Тәрбиелігі: Өнерді құрметтеуге, әсемдікті тануға, патриоттық

сезімін және ұлттық намысын оятуға тәрбиелеу.


Типі: Аралас сабақ
Түрі: Интерактивті сабақ
Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративтік, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Портреттер, мультимедиалық құрылғы, аспап

және техникалық жабдықтар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

а) Сәлемдесу, түгендеу.

ә) Сабаққа назар аударту:

Биді билеп аламыз,

Біз өнерлі боламыз.

Бәрін білу үшін тек,

Сабаққа назар саламыз.
Мұғалім сөзі:

- Ал, балалар, сабаққа назар салсақ, кітап-құрал алсақ,

бәріне дайын болсақ, үй тапсырмасынан бастаймыз.


ІІ. Үй тапсырмасы:

Үйге не берілді?

“Халық музыкасы және опера”

Сұрақ-жауап:



  1. Бұлар қандай аспаптар және олар неден жасалады?

  2. Суреттегі тұлға кім? Оның қандай шығармалары бар?

Музыкалық тест
ІІІ. Жаңа білімді хабарлау

  • Балалар қандай жырларды білесіңдер?


ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

«Қыз Жібек» операсының мазмұнын түсіндіру
Музыкалық сауат

Опера – сахнада қойылу үшін жазылған көлемді музыкалы-драмалық шығарма. Операдағы барлық сөз бен қимыл музыка арқылы жеткізіледі. Оны орындауға жеке орындаушы да, ансамбль де, хор да, оркестр де қатысады.

Либретто – опера, балет және оратория-ның әдеби-поэтикалық мәтіні.

Лейтмотив – музыкалық шығарманың негізгі әуені және әуеннің бүкіл шығарма бойына жүріп отыруы. Ол операда негізгі ойды білдіріп, бірнеше рет қайталанатын музыкалық тақырып.

Увертюра – опералық шығарманың орындалу алдындағы музыкалық кіріспесі.

Ария – белгілі бір кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.

Ариоза – арияның шағын түрі.
Күләш Байсейітова шығармашылығы жайлы мағлұмат беру
Музыка тыңдау:

Гәкку. Ыбырай
Ән үйрену:

Гәкку. Ыбырай
V. Сергіту сәті

Ноталар орны


V. Жаңа сабақты бекіту
Тақырыпты ашу

Біз жаңа заманның өрендеріміз. Біз бейбіт өмірде қуанышты сәттерді

бастан өткерудеміз. Өмірде зұлымдық болмасын, аспанымыз ашық

болсын, қара бұлт төнбесін деп тілейміз. Оған біз де үлес қосқымыз

келеді. Мына күннің көзі біз сұраққа жауап берсек қана ашылады.

Олай болса, сұрақтарға жауап берейік.



  1. “Қыз Жібек” операсындағы басты кейіпкер кім?

  2. Операның негізгі лейтмотиві қай ән?

  3. Қандай ән үйрендік?

  4. Операға қатысты қандай терминдер бар?


VI. Үйге тапсырма

«Жыр және опера» тақырыбын оқу. Терминдермен жұмыс. «Гәкку» әнін жаттау


VIІ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет