Нью-Йорк соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты Трамп ұйымының активтерін бағалау кезіндегі алаяқтық жасады деп азаматтық іс бойынша айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокурордың айтуынша, экс-президент банктерден несиелеудің тиімді шарттарын алу үшін өзінің байлығын 10 жыл бойы үстемелеп көрсеткен. Енді саясаткер 355 миллион доллар төлеуі керек.

Сонымен қатар, Трампқа Нью-Йоркте тіркелген кез келген корпорацияда басшылық қызметтерді атқаруға үш жылға тыйым салынды.

  • Навальныйдың өлімі, Газа мен Мысыр шекарасында қақтығыс, Пашинян Әзірбайжанды айыптады: Әлемдегі саяси жаңалықтарға апталық шолу

  • Еуропадағы ең діни мемлекет бір жынысты некені заңдастырды

Оның ұлдары Дональд пен Эрик те әрқайсысы 4 миллион доллардан төлеуге міндеттелді. Олар 2017 жылы Трамп ұйымын басқарған.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.