Сабақ құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте



жүктеу 95.8 Kb.
Дата30.10.2017
өлшемі95.8 Kb.
түріСабақ

Сабақ құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте.


Сабақтың тақырыбы

§ 25. Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға асқабақ және орамжапырақ тұқымдастарының морфoлогиялық ерекшеліктеріне сипаттама бере отырып басқа тұқымдастардан айырмашылықтарын, гүл бөлімдеріндегі ерекшеліктері, жемстері, гүл шоғырларының орналасулары туралы айта отырып ойлау қабілеттерін дамыту. Қоршаған орта қорғау мен табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

  • Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастарының ерекшеліктерін ажырата біледі;

  • Олардың гүл құрылысын сипаттай алады;

  • Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастарының маңызын аша біледі;

  • Қосымша ізденіп өз білімдерін жетілдіре алады;

  • Өз білімдерін бағалауға үйренеді.

Сабақ түрі

Жаңа материалды меңгерту

Тапсырмалар

Сұрақ – жауап, суреттеу, деңгейлік тапсырмалар,

Пәнаралық байланыс

Математика, география

Пәнішілік байланыс

Көкнәр және алабота тұқымдастары

Керекті жабдықтар

Интерак тақта, слайдтар, суреттер,постерлер, маркерлер. зертханалық жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар.

Сабақ барысы:



Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Сәлемдесу,түгелдеу.

Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сергіту сәті: Шеңбер болып тұрғызып. Бүгінгі сабақ сіздердің ойларыңша қалай өтеді деп ойлайсыңдар? Әркім 1 тілек немесе ұсыныс пікір айту керек.

Мыс: Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғы сабақтарымыздан өзгеше өтеді деп сенім білдіремін. Сосын алабота тұқымдасының 3 өкілінің атын айта отырып ІІІ топқа бөлу.

І топ – «Ақ алабота»

ІІ топ – «Сексеуіл»

ІІІ топ – «Бұйырғын»

Топтық ереже құру тапсырылады.

Үй тапсырмасы бойынша әр топқа жеке тапсырма беріледі.

І топ «Ақ алабота» тобына: «Биологиялық диктант»

1. Қазақстанда көкнәр тұқымдастардың ...... түрі өседі.

2. Жапырақтары ................, гүлсидамынан 2-3 есе қысқа.

3. Жапырақтары кезектесіп орналасады................... жапырақшалары болмайды.

4. .........................басым көпшілігі арамшөп түрінде белгілі, біржылдық және көпжылдық шөптекті өсімдіктер.

5. Гүлдері жеке – жеке немесе ............, ......................, ...................... тәрізді гүлшоғырына жиналған.

6. Қазақстанда сексеуілдің ...............түрі өседі.

7. Ақ сексеуілдің жас бұтақтары мүлде ..................... болады.

8. Тұқымбүршігі аналық жатынның ішінде жабық өсетіндіктен, өсімдіктердің бұл тобы ................................. болып аталған.

9. Ақ алабота тұқымдасының гүл формуласы..............

10. Сырдария, Іле, Шу өзендерінің төменгі ағыстарының аңғарларында тоғай болып өсетін алабота тұқымдасының өкілі...................

Жауаптары:

44; Сағақты; Бөбешік; Алабота тұқымдастары

Масақ, шашақ, сыпыртқы; 3; Жапырақсыз

Жабық тұқымдылар; Т4А4Ж1; Қара сексеуіл.

ІІ топ «Сексеуіл» тобына: Суретке қарай отырып көкнәрға тән белгілерді ажыратыңдар.


  • Жапырақтары қарама – қарсы орналасды;

  • Гүлі желдің көмегімен тозағданады;

  • Жапырақтары күрделі;

  • Жапырақтары сағақты;

  • Жапырақтары кезектесіп орналасды;

  • Жемісі - бұршаққын;

  • Жемісі – қауашақ;

  • Гүлдерінің шырыны болады;

  • Сүтті шырын бөліп шығаратын өзегі жақсы дамыған;

  • Тұқымдары ұсақ қоңыр түсті;

  • Біржылдық өсімдік;

  • Көпжылдық өсімдік;

  • Тұқымдары ұсақ, қара түсті болады;

  • Сәндік өсімдік;

  • Гүлі желдің және бунақденелілердің көмегімен тозаңданады.

ІІІ топ «Бұйырғын» тобына: Алабота тұқымдастырына тән белгілерді жазып, кестені толытырыңдар.

Зерттеу нысаны

Белгілері

Өкілдері




Сабағы




Жапырақтары




Гүлшоғыры




Гүлінің формуласы




Жемісі




Тұқымдарының саны





Үй тапсырмасының өлшемдері:

1. Тақырыптан ауытқымау

2. Жауаптарының нақты дәлді болуы

3. Топтық ережені бұзбау

4. Ойларын ашық жеткізу.

5. Уақытты тиімді пайдалану.

Жалпы сыныпқа тапсырма.

Алабота тұқымдастарға жататын мәдени өсімдіктерді берілген тізімнен тауып, оларға сәйкес сандарды торкөздерге жаз.



Алабота тұқымдастары






















  1. Алабота

  2. Мыңжапырақ

  3. Меңдуана

  4. Сәлбен

  5. Қызылша

  6. Сексеуіл

  7. Бұйырғын

  8. Сүйелшөп

  9. Шпианат

  10. Қырмызгүл

  11. Лапыз

  12. Құртқашаш

Оқушылар шығармашылығы : Қосымша мәліметтері тыңдалады.

Әр оқушы бір – бірден бірін – бірі қайталамай тілек айтады. Әркім өз тобына барып отырады.

а) барлық оқушы қатысады

ә) үздік оқушылар көмектеседі

Бұл кезеңде оқушылар топпен жұмыс жасайды. Оқушы ізденімпаздыққа үйренеді, - өзіне сенімі артып, тұлға ретінде дамиды, оқулықты міндетті түрде оқиды, танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік алады.

Әр оқушы өзінің сұрағына жауап береді, білмеген жағдайда топ мүшелері көмектеседі.



Тұсаукесер

Асқабақ пен орамжапырақ тұқымдастар қосжарнақтылар класына жатады. Бұлар - бақша өсімдіктері. «Бақша» парсының «шағын бақ» деген сөзінен негіз алады. Онда өсірілетін өсімдіктерді бақшада өсетін дақылдар деп есептейді. Бақшада негізінен асқабақ тұқымдас өсімдіктер өсіріледі. Асқабақ, қарбыз, қауын, қияр - бақшала өсірілетін қосжарнақты өсімдіктер. Қазір бақша өсімдіктерінің 900 түрі белгілі. Қазақстанда 9 түрі бар. Бұл өсімдіктердің көпшілігі бізге бұрыннан таныс

Асқабақ тұқымдастар


Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері - шөптекті біржылдық өсімдіктер. Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр деп аталады. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар - жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша - өзгерген өркен. Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік елдерде таралған. Олар - негізінен алғанда мәдени өсімдіктер.


Топтағы барлық оқушылар өз бетінше жазбаша жауап береді. Бұл тапсырмалар жаңа тақырыпта кездескен жаңа ұғымдар, терминдер т.с.с. анықтамаларды дәптерлеріне жазып алып отырады.

Негізгі бөлім

Негізгі бөлімнің өлшемдері:

  1. Сауаттылық

  2. Нақты жауап

  3. Қосымша ізденуі.

  4. Сұрақтың дұрыс қойылуы

I топқа: Асқабақ тұқымдастарына сипаттама. (тіршілік формасы, түрі, гүлінің құрылысы, жемісі, гүлшоғыры, жапырақтарының орналасуы өкілдері)

ІІ топқа: Орамжапырақгүлділер тұқымдастарына сипаттама. (тіршілік формасы, түрі, гүлінің құрылысы, жемісі, гүлшоғыры, жапырақтарының орналасуы, өкілдері)

ІІІ топқа: Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастарының маңызы туралы хабарлама.
«Құтырған қияр» туралы видеоролик көрсетіледі.


Тұқымдас атауы

Жемісі

Гүл фор-ы

Түрі

Гүл

шоғыры


Өкілдері

Асқабақ тұқымдасы

Қабақ

Т5К(5)А(2)+(2)+1Ж0

Т(5)К(5)А0Ж(3)



900

Жеке-жеке

Қияр, қауын, қарбыз

Орамжапырақ тұқымдасы

Бұршаққын,

бұршақынша.




Т2+2К4А2+4Ж(2)

3000

Шашақ

Шалғам, шалқан, шомыр


Танымдық қабілеттерін арттыру

Білім деңгейлерін қорытындылау

Оқушы зеректілігі, жылдамдылығы, тарауды қаншалықты меңгергендігі анықталады.

Қосымша тапсырмалар:

1 - тапсырма.

Жабайы араның бір ұясында орта есеппен 100 жұмысшы аралар болады. Олар нәр жинау үшін күніне 20 реттен ұшып шығады. Әр шыққанда бір ара шамамен 240 гүлге қонады. Сонда бір ұядағы жабайы аралар бір айда қаншама гүлді тозаңдандырады?

2 – тапсырма.

Бір жұмысшы бал арасы бір минутта 12 гүлге, ал бір күнде 7200 гүлге қонатыны анықталған. Бал арасының бір омартасында 50 000 – дай жұмысшы аралар болады. Бір тәулікте осындай бір омартадағы бал аралары қаншама гүлді тозаңдандырады?

Бұл қандай өсімдік?


  • Мәдени өсімдіктердің ішіндегі суға шыдамды жалғыз дақыл. Оның тілім – тілім болып келген өрнекті жапырақтары өте ұқыпты: олар ылғалдың шектен тыс буланып кетуіне жол бермейді. Мықты тамырлары суды жердің терең қабатынан тартып алады, ал сабақтары оны бүйірін күнге қыздырып, күннен күнге суға тойып семіріп жатқан «көк ала торсыққа» жеткізіп отырады. Бұл қандай өсімдік?...........................

  • Бұл дақыл Кавказда өседі. Ол өркендерімен сым бойымен жабысып, жоғары қарай өрмелеп өседі. Жемістері әбден піскенше жоғарыда, желілерінде ілініп тұрады. Піскен кезде ішін жарып қарасаң, тор-тор болып шимақталған құрғақ әрі қатты жүйкені көресің, ал олардың арасында тұқымдары тығылып тұрады. Бұл қандай өсімдік?...................................

  • Бұл өсімдік тамырдан өседі, тұқымы болмайды. Бірақ гүлі ашылады. Оның ақ түсті гүлдері болады, гүлдерінің иісі жағымды. Ал жуан ақ тамырлары тазалай бастасаң – ақ көзіңнен жасыңды сорғалатады. Соған қарамастан олар адамға өте пайдалы, адамның тәбетін ашады, ең бастысы, олар «С» дәруменіне бай. Бұл қандай өсімдік?....................




Әр топ өз тапсырмалары бойынша жұмыстанады.

- танымдық қызметі қалыптасады;

- жартылай ізденіс әдісін меңгереді;

- ойлау қабілеті артады;

- зерттеу әдісін меңгереді;

- оқулықтағы сурет, сызбаларды, кестелерді пайдалануды үйренеді;

- оқиғаны түсініп, айтып беруді үйренеді;

- жаңа білім алады, алған білімнің тобықтай түйінін таба алады.




Қорытынды

9 зертханалық жұмыс. Бірүйлі өсімдік асқабақ тұқымдастарының талдауы

Құрал – жабдықтар: тұқымдастың кеппешөптері, асқабақтың кептірілген аталық және аналық гүлдері.

Жұмыс барысы:


  1. Асқабақ неге бірүйлі, дара жынысты өсімдік екенін түсіндіріңдер?

  2. Асқабақ тұқымдас өсімдіктерінің түрі және жемісерекшеліктері туралы кестені толтырыңдар.

Өкілінің атаулары

Жеміс мөлшеріндегі ерекшелік және пайдаланылуы.







3. Қорытынды.

Шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді ірікте.



Шаршыгүлділер тұқымдастары

























  1. Қызылша

  2. Шалқан

  3. Шалғам

  4. Сәбіз

  5. Орамжапырақ

  6. Жұмыршақ

  7. Қышабас

  8. Ақжелкек

  9. Кольраби

  10. Қыша

Үйге тапсырма: Қосжарнақтыларға жататын өсімдіктер тарауын қайталау.§ 25

"Табиғат - біздің ортақ үйіміз " шағын ЭССЕ жазып келу. 12-15 сөйлем.


Бағалау: бағалау өлшемдеріне сай оқушыларды бағалау.

Әр оқушы өзіндік білімін тексеру үшін орындайды.

Сабақтың өзіндік талдауы.

Тәжірибелік сабақты бағалау

Сабақ барысында мынандай модульдер:

1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

3) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

4) Талантты және дарынды балаларды оқыту.

жеке жұмыстанды.



Сабақ бойынша

өзгертулер





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет