Сабақ Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Тенсел Бердгуль 9-сынып Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей Апта



жүктеу 70.71 Kb.
Дата23.08.2018
өлшемі70.71 Kb.
түріСабақ

35-сабақ

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Тенсел Бердгуль

9-сынып


Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей

Апта







Сабақтың атауы

Тербелiстердiң серпімді ортада таралуы. Толқындық қозғалыс. Көлденең және қума толқындар. Толқынның ұзындығы. Толқынның таралу жылдамдығы. Механикалық толқынның қасиеті.

Сілтеме


Физика және астрономия. «Мектеп» 2013. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева, Н.Бекбасар.

Жалпы мақсаты


Толқындық қозғалыс, толқын түрлері және толқындық қозғалысты сипаттайтын шамалар ұғымдарымен танысады


Міндеттері

Механикалық толқындар мен оның түрлерін және формулаларын қорытындылайды, мысалдар келтіреді

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Табиғатта кездесетін толқын түрлері мен олардың арасындағы ортақ заңдылықтарды талдайды

Күтілетін нәтиже


- толқындық қозғалысты сипаттайды

- механикалық толқынға анықтама береді

- толқын түрлерін ажыратады

- толқындық қозғалысты сипаттайтын шамаларды нақтылайды

- тербелістермен өзара байланыстырады

- формулаларды қолдана отырып, есептер шығарады



Тапсырмалар

- жеке жұмыс

- жұптық жұмыс

- топтық жұмыс


Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады?

Өз орындарымен отырады /1 мин/



СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

- оқушылар не алады?

- бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

- өмірден алған тәжірибесінің әсері?

- сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?


- толқындық қозғалыс туралы түсініктерін айта отырып, оны сипаттайтын негізгі мәселелерге баса назар аударады

- тербелістер тарауы бойынша салыстырулар арқылы тақырыпты байланыстырады

- формулаларды қолдана отырып, есептер шығарады

- табиғаттағы күнделікті болып жатқан құбылыстардың физикамен байланысын ажырата алады



Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

- еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

- өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?


1. «Құпия сурет» /15 мин/

2. «Серпілген сауал» /5 мин/

3. Есеп шығару /16 мин/



Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

- оқушыларды белсене қатыстыру

- стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

- оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

- оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу


1. «Құпия сурет» /5 мин/

Ережесі:

Сурет бойынша 3 сұрақ құрыңыз.

Бұл не? - деп сұрамаңыз.

1-қатар - сурет бойынша жауап дайындайды



2-қатар - сурет бойынша жауап дайындайды


3-қатар – сурет бойынша сұрақ дайындайды


2. « Серпілген сауал» /10 +3 мин/

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сұрақтар қойылады.

Мысалы,

“Айдар, Айманның жауабы туралы сен не ойлайсың?”

“Айман, Мараттың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”

“Марат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”

1. Толқын дегеніміз не?

2. Толқындар қандай ортада тарала алады?

3. Толқынның қандай түрлері бар?

4. Толқындар таралу бағытына қарай қалай бөлінеді?

5. Толқындық қозғалысты сипаттау үшін қандай шамаларды білуіміз керек?

3. Жаңа тақырып

Механикалық қозғалыс – тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі.

Серпімді орта дегеніміз заттың үш күйіне сәйкес орта.

Толқын түрлері:



  1. Механикалық толқын (дыбыс толқындары, ультрадыбыс, индфрадыбыс, су бетіндегі толқындар, сейсмикалық толқындар)

  2. Электромагниттік толқын (төменгі жиілікті, радиотолқын, инфрақызыл, көрінетін, ультракүлгін, рентген, гамма сәулелер)

Толқынның таралу бағытына қарай:

  1. көлденең толқын

  2. бойлық (қума) толқын

Толқындық қозғалысты сипаттайтын шамалар:

  1. толқын ұзындығы: λ = υ T

  2. толқынның таралу жылдамдығы: υ = λ/T; υ = λν

  3. тербеліс периоды: T = λ/υ

  4. тербеліс жиілігі: ν = υ/λ

4. Сергіту сәті /2 мин/

«Сен мұны білесің бе?» - қызықты деректер



  1. Адам күніне орта есеппен 13 рет кү­летін көрінеді.

  2. Адам күлгенде жүректің жұмысы жақсарады екен.

  3. Жағымды затты көргенде адам­ның қарашығы 45 пайызға дейін ұлғая­ды екен.

  4. Адам түшкірген сайын мидағы жа­су­шалардың бөлігі азая түседі.

  5. Көзді ашып түшкіру мүмкін емес.

  6. Адамның бойындағы ең күшті бұлшық еті – тілі.

  7. Басқаларға қарағанда көк көзділер ауруға сезімталдау.

  8. Тез оқығанда көз аздау шаршайды екен.

  9. Адам миының 80 пайызы судан тұрады.

  10. Адам жүрегі күніне 2 тонна қан айдайды.

  11. Адам жүрегі күніне 100 мыннан артық рет соғады.

  12. Қол саусақтарының тырнақтары аяқтікінен төрт есе тез өседі.

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру



5. Есеп шығару /20 мин/

1

1. Толқынның таралу жылдамдығы 340 м/с, ал жиілігі 0,2 кГц. Толқын ұзындығы неге тең?

2. Маятник 2 мин ішінде 100 тербеліс жасайды. Осы тербелісті 2,8 м/с жылдамдықпен жасаса, ол қандай арақашықтықты жүріп өтеді?

2

1. Көл бетіндегі толқынның ұзындығы 0,3 км, периоды 13,5 с. Оның таралу жылдамдығы қандай?

2. Маятник 2 мин ішінде 40 тербеліс жасайды. Осы кезде маятник 800 см арақашықтықты жүріп өтті, ол қандай жылдамдықпен қозғалғаны?

3

1. Қайық таралу жылдамдығы 2,5 м/с болатын су толқынында тербеліп тұр. Екі жалдың арасы 8 м болса, қайықтың тербеліс периоды қандай?

2. Маятник 750 см арақашықтықты 2 м/с жылдамдықпен жүріп өтсе, 50 тербеліс жасау үшін қанша уақыт жұмсайды?

4

1. Егер су ішінде тарайтын дыбыстың толқын ұзындығы 8,6 м, ал периоды 6 мс болса, онда оның жылдамдығы неге тең?

2. 2,5 мин-та маятник 2,6 м/с жылдамдықпен қозғала отырып, 320 см арақашықтықты жүріп өтті. Ол қанша тербеліс жасайды?


Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау



Бағалау /2 мин/

Мұғалімнің критерийлер арқылы бағалауы



Есеп реті

Есептің берілгенін жазуы

1 ұпай


ХБЖ-не келтіруі

1 ұпай


Формуласын жазуы

1 ұпай


Белгісізді анықтай алуы

1 ұпай


Есептеу жүргізуі

1 ұпай


Жауабын толық жазуы

1 ұпай


Ұпайы

3-8


9-10

11-12



Бағасы

«3»


«4»

«5»


№1

























№2


























Үйге тапсырма /2 мин/

§30 оқу.

25-жаттығу №1-3 137-бет

№4 Зертханалық жұмысқа дайындық.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет