Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Адасқан бала.» Сабақтың мақсаттары: а Мәтіннің неліктен «Адасқан бала»деп аталғанын, оқиға желісінің мәнін ашу



жүктеу 16.85 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі16.85 Kb.
түріСабақ


6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Адасқан бала.»

Сабақтың мақсаттары:а)Мәтіннің неліктен «Адасқан бала»деп аталғанын, оқиға желісінің мәнін ашу;

ә) Ойларын қорытып баяндауға,өз ойын ашық айтуға дағдыландырып,тілдік қорларын дамыту;

б) Өз -өзіне жауапкершілікпен қарауға,ата-аналарының сөзін тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Баяндау,қорыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:Қ.Жұмаділов портреті,қала суреттері,бағдаршам.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап арқылы ауызша пысықтау.

Өлеңді мәнерлеп,жатқа оқу.

3.Жаңа сабақ.

А)Авторы туралы қысқаша мәлімет беру.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Шығыс Түркістанның (қазіргі Шынжаң өлкесі)Тарбағатай аймағы Шәуекеш өңірінде дүниеге келген.Қазақтың белгілі жазушысы.Оның қаламынан

« Соңғы көш»,«Атамекен » ,« Тағдыр»,« Дарабоз»т.б.көптеген роман,повестері ,әңгімелер туды.

Ә)Оқулықпен жұмыс.« Адасқан бала» әңгімесі.

- Бөлікке бөліп оқу.

- Сұрақ-жауап.

-Әңгіме кім туралы?

- Жәнібек аяқ астынан қалай жоғалып кетті?

- Ол қандай оқиғаларды басынан кешірді?

- Жәнібек неліктен әке-шешесінің аты-жөнін жаттап алуға мәжбүр болды?

Б)Тапсырма.

-Өз басыңнан өткен осыған ұқсас оқиға болса әңгімеле.

В)Дәптермен жұмыс.

Өз тұрған мекен –жайыңды жаз,суретін түсір.

«Ой толғаныс»

-Өзің жалғыз осындай жағдайға тап болсаң не істер едің?
д)Теріп оқу.

Мәтіннен Жәнібектің түр-тұлғасы сиптталған жолдарды тауып оқы.


4. Қорытындылау.

Өзің тұратын қала көшелеріндегі бағдаршамдармен қалай жүретініңді көше аттарын,аялдамаларды жатқа айтып көр.(суреттпен жұмыс)



5.Бағалап,мадақтау.

6.Үйге тапсырма.251-253 беттерді оқып,мазмұнын баяндау..


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет