Сабақ Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. Махмұд Қашқари. Сабақтың мақсаттары: 1 Тақырыпты меңгеру барысында тіл үйренушілердің сөздік қорын молайту



жүктеу 41.95 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі41.95 Kb.
түріСабақ


39-40-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. Махмұд Қашқари.

Сабақтың мақсаттары:

1) Тақырыпты меңгеру барысында тіл үйренушілердің сөздік қорын молайту, ;

2) жаңа тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерте отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

3) түрлі тапсырмаларды орындату арқылы елге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.



Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сәйкестендіру, сұрақ-жауап, сұхбаттасу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, плакат.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.
МАХМҰД ҚАШҚАРИ

Махмұт Қашқаридың толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед.Ол XI ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Қарахандар ақ сүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен. Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады. Сол жерде білім алып, әрі қарай Бұхара мен Нишапурде жалғастырады. Осы қалаларда оқып жүрген кезінде тіл, фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түркі халықтарының менталитеті қызыктыра бастайды. Жинақтаған мол тәжірибесімен байқағанын ол өзінің басты еңбегі — "Диуани лұғати-ат-түркте" зерделейді. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық, түркі халқының энциклопедиясы есепті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, XI ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген. Сөздік этноним, топоним, рулық терминдер, әр түрлі қызмет атаулары, тағамдар мен сусын атаулары, үй, жабайы жануарлар, құстар, айлар мен апта күнтізбе, дәрілік жабдықтар, астрономия, әскери, медициналық, діни т.б. атаулар қамтылған. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М.Қашқари оны 1072-1074 жылдары Халиф Өл-Мұқтадиға арнап құрастырған. 

Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлімінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп,өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды.Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты. Оның «Диуани хикмет ат-түрік» шығармасы – халық даналығының қазынасы, ежелгі түркі өмірінің энциклопедиясы.


СӨЙЛЕСІМ

1.Сұрақтарға жауап беріңіз.

-Сіз М.Қашқари туралы білесіз бе?

-Оның қандай еңбегін білесіз?
ОҚЫЛЫМ

2. Үзіндіні тыңдаңыздар. Мәнерлеп оықыңыздар.

Диуани лұғат ат-түрік

Ықыласым тәрік болды

Тәрі көңіліме жар көрінді.

Бұлт көтеріліп,көк бүркенді,

Тұман тұрып,бұршық жауды.


Кешпен тұрып жүре бердім,

Қара,қызыл бөрі көрдім.

Жағымды қатты тартып тұрдым.

Қайырыла қарап, қырдан асты.


Қасқырды қуам деп өзім алқындым,

Қалмай қуып қажыраттым.

Атыммен жетіп соғуға асықтым.

Мені көріп қасқырдың жүні үрпиді.


Итім қасқырды ұстап шалып тастады.

Оны қасқырды талап,талқанын шығарды.

Басынан алып бүріп сілкіледі,

Бір ауыздан алып түгел тұншықтырды.


Қара –түнекті қашырдым.

Ауыр түсімді ұшырдым.

Жеткінектер дәуірін тез өткіздім.

Есптң күнім толды.


Асудан асып, алға жүрдім,

Жақындап барып бір қараайған адам көрдім.

Оны біліп ілгері жүрдім.

Түгел жау тозаңы торыды.


Қаласам оның артынан қалмас едім.

Тұтқындар едім бостырып,

Бодан құл қылып, басын жарып,

Бірақ ол өзі басының құнын берді.


Ол барлық мүлкін сатпақ болды.

Алдым беріп жатпақ болды.

Тірі қалғысы келді.

Осылайша оған қайғы күні туды.


Оның жауынгерлері менің

Алдма жығылды

Бастарын,мойындарын иді.

Ұятты боп,бұғып қалды

Өлтірме,жойма мүлде деп өтінді.
Еркіндік беріп босаттым.

Дүние-мүлкін тапсырттым.

Барлық ар-ұяттан арылттым.

Барлық мүлкін өзі жиды.


Бұршақ – кішкене-кішкене домалақ мұз күйінде түсетін атмосфералық жауын-шашын.

Қыр-аласа таулардың, үстірттің ұзына бойы созылып жатқан биік жері.

Үрпию – жүнін күжірейту.

Тұтқындар – бас еркінен айырылып,қолға түскен адамдар.

Қайғы – күйік, қасірет мұң-шер.

Еркіндік –бостандық.
3.Мәтінді қайта оқып, сұхбат құрыңыздар.
ЖАЗЫЛЫМ

5.Мәтіннен алынған сөз тіркестерін пайдалана отырып сөйлем құраңыздар.

Сөз тіркестері: бұлт көтерілді,бұршақ жауды,қасқырды көру,жүні үрпию,талқанын шығару,алға жүру,жау тозаңы,басының құны,қайғы күні,тізе бүкті,еркіндік бері.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Өзіңді тексер.

1.Қажетті сөз тіркестерін қойып жазыңыздар.

Оның ............................. менің

Алдыма жығылды (тізе бүкті)

Бастарын,мойындарын ................... (құлшылық қылды).

Ұятты боп, бұғып (қалды).

Өлтірме, ..................... мүлде деп өтінді.

1)дұшпандары 1)иілген 1)өлтірме

2)жауынгерлері 2)иді 2)жойма

3)адамдары 3)еңкейді 3)кеспе

4)қарақшылары 4)шалқайды 4)ұрма

Еркіндік беріп босаттым.

................... тапсырттым.

Барлық ............. арылттым.

Барлық мүлкін өзі жиды.

1)зат 1)өтірік,ұят

2)дүние-мүлік 2)ар,өкініш

3)нәрсе 3)ар-ұят

4)дүние-жиһаз 4)ұят,мақтаныш


2.Сәйкестендіріңіз.

1)Қашқари а)мақала

2)қазақ тілі ә)өлең

3)әдеби б)сөздігі

4)лирикалық в)кітабы
3. «Лұғатты» сөзінің мағынасын табыңыздар.

1)ойлы,пішінді сөз

2)өнегелі,өлшемді сөз

3)өнегелі,ойлы,парасатты сөз



4)ойлы,пікірлі сөз

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет