Сабаќ таќырыбы: & 20



жүктеу 37.68 Kb.
Дата21.11.2017
өлшемі37.68 Kb.
түріСабақ

Алға облыстық балалар үйі

Ашық сабақ
Тақырыбы : Гүлдің құрылысы
і

Мұғалім С.О. Жетібаева

2009-2010 оқу жылы

Сабақ тақырыбы: & 20. Гүлдің құрылысы

Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларда өсімдіктің көбею мүшелері

туралы түсінік қалыптастырып, гүл және оның

құрылысымен таныстыру.

2. Оқушылардың оқулықпен, жұппен, топпен

жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру,

шығармашылық танымдылық белсенділіктерін

дамыту.

3. Гүлдерді, өсімдіктерді қорғауға, бөлме өсімдіктерін дұрыс баптап- күтуге тәрбиелеу.



Сабақ түрі: Жаңа сабақ (топтық, жеке)

Оқытудың әдіс-тәсілдері: ауызша, көрнекілік, түсіндірмелі-

иллюстративті, проблемалық оқыту.

Тәсілдері: әңгімелесу, әңгіме, көрсетілім, демонстрация.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материал, гүл құрылысының

моделі, үлестірмелер, әр оқушыға

(қызыл, сары, жасыл дөңгелегі бар

конверт)


Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Балалар, бүгін біз «Өсімдіктердің көбею мүшелері» деген жаңа тарауды бастағалы тұрмыз. Алдымен, айтыңдаршы:

-«Мүше дегеніміз не?»

( Мүше дегеніміз өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын организмнің бір бөлігі)

- Өсімдіктерде мүшелер қалай жіктеледі? (Вегет.және генер.)

- Өсімді мүшелердің көбею мүшелерінен ерекшілігі неде?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

І 1. Жапырақ суретіндегі санмен белгілемеген бөлімдердің атын жазу.

2. Жапырақ тақтасы қандай қызмет атқарады.

ІІ Жай жапырақтың пішіндері қандай нәрсеге ұқсап тұрғанына зер салып қарап, пішініне қарай топтастырыңыз.


  • ромб тәрізді

  • ине тәрізді

  • таспа тәрізді

  • бүйрек тәрізді

  • жебе тәрізді

  • жүрек тәрізді.

ІІІ Суреттегі жай жапырақ пен күрделі жапырақты бөліп, реттік санын тобына байланысты қоршаулардың ішіне жазыңыз.

А. Жай жапырақтар:

Ә. Күрделі жапырақтар:

1. Жай жапырақтар деп аталу себебі неде, күрделі жапырақтан қандай айырмашылығы бар?

2 . Күрделі жапырақтар деп неге аталған және оның қандай түрлері бар?

Биологиялық диктант.

1. Жапырақтың кеңсіген жалпақ бөлімі ... (тақтасы)

2. Жапырақша саны жұп болса ... болады ( жұп қауырсын)

3. Өткізген шоқтардың жапырақ тақтасында орналасуы ... деп аталады (жүйкелену)

4. Егер бір буында 3немесе бірнеше жапырақ болса ... орналасу болады (топтанып)

5. Фотосинтез үрдісін алғаш сипаттаған орыс ғалымы ... (К.А.Тимирязов)

ІІІ. Жаңа материалды меңгеру.

а) күннің жады, сабақ тақырыбы дәптерге жаздырылады.

ә) Гүл құрылысын тірек-сызба және гүл моделін пайдаланып түсіндіру

Бүгінгі сабақта көбею мүшелердің қай түрімен танысқалы отырғанымызды өздерің ойланып табыңыз:

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер

Жайнар кезім келді деп

Қанаттарың желбірер,

Таңмен бірге оянып

Күн нұрына боянып

Көрік бердің далаға. Т.Молдағалиев

Сонымен, бүгін не туралы сөз қозғаймыз?

Балалар, гүл туралы не білесіз? Гүл сөзін естігенде немесе сізге не жақындарыңызға гүл сыйлағанда қандай ой туады?

Гүлдер адамға қуаныш, таң қалу, шатық сезімдерін оятады, өйткені олар өте әдемі, нәзік, көздің жауын алады.Гүл- табиғат кереметі. Гүл сыйлағанда адамдар өз сүйіспеншілігін, сый -құрметін, алғысын білдіреді.

Бүгінгі сабағымызда гүл ұғымымен және оның құрылысымен танысамыз. Ал, «Гүл дегеніміз не ?» деген сұраққа, сабақ соңында сендер өзіңіз жауап бересіз деп ойлаймын.

Өсімдіктер қоректік заттар қоры жеткілікті мөлшерде жинақталған кезде гүлдейді. Гүл- тек гүлді өсімдіктерге ғана тән , одан жеміс пен тұқым дамиды.( Гүл моделін демонстрациялай отырып түсіндіру.)

1) Гүл бөлімдері (оқушылар гүл құрылысының сызбасын дәптерге салады және интерактивті тақтаға бір оқушы жазады)

2) Интерактивті тақтада берілген гүлдің суретңне қаламмен бөлімдерін жазу.

3)Тостағанша +Күлте = гүлсерік--- жай гүлсерік

\

\қос гүлсерік



(оқушылар өсімдік аттарын жазады)

4) Кітапханадағы гүлдерді ашып үлкейту және бөлімдерге сипаттама беру (2-3 оқушы)

ІҮ Бекіту.

«Бағдаршам» ауызша тест


Ү.Үйге тапсырма .

П.22 Гүлдің құрылысы

Шығармашылық тапсырма

а) гүл апликациясын жасау

б) гүл туралы сөзжұмбақ құрастыру

в) гүл туралы ертегі жазу

г) гүл туралы қызық мәлімет табу

ҮІ.Бағалау .



Әр оқушы қасындағы оқушыны бағалайды.
ҮІІ Қорытындылау.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет