Сабақ тақырыбы : Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы, топтары, қасиеті, қажуы, гигиенасы. Сабақ мақсаты



жүктеу 40.07 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі40.07 Kb.
түріСабақ


Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы,Үржар ауылы.

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп»КММ

Биология пәні мұғалімі:Тумарбаева Назым Сериковна

Сыныбы: 8 сынып

Пәні: Биология

Сабақ тақырыбы: Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы, топтары, қасиеті, қажуы, гигиенасы.
Сабақ мақсаты: Бұлшықеттердің маңызы, құрылысымен, негізгі топтарымен, қасиеттерімен, қажуымен танысу.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Тірек-қимыл жүйесі туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Білім-білік дағдысын қалыптастыру.

Сабақ түрі: Дәстүрлі.

Сабақ әдісі: Баяндау әдісі.

Көрнекілік: Плакат, тірек-сызба.

Пәнаралық байланыс: Валеология.

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру (2 мин.)

2. Жаңа тақырып түсіндіру (15 мин.)

3. Бекіту (5 мин.)

4. Тест алу (20 мин.)

5. Үйге тапсырма (1 мин.)

6. Бағалау (2 мин.)

7. Қорытынды.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру сәті:



  1. оқушылармен амандасу.

  2. мәлімдеме бойынша журнал толтыру.

2. Жаңа тақырып: Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы, топтары, қасиеті, қажуы, гигиенасы.


Бұлшықеттің маңызы





Тепе-теңдікті

сақтайды


Қимыл –

қозғалысты

қамтамасыз етеді

Көкет тынысалу

қозғалысына қатысады



Денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі

Бұлшықеттің құрылысы





Бұлшықет ұлпасынан

Тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан

Қантамырлары мен жүйке

талшықтарынан

тұрады

1) бірыңғай салалы

Бұлшықет ұлпасы 2) көлденең жолақты

3) жүрек бұлшықеті
Бірыңғай салалы бұлшықеттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, асқазан, қантамырлар, қуық, бездердің өзектері) астарлап жатады.

Көлденең жолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көлденеңінен жолақтанып жатады. Бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметрі 0,1 мм, ұзындығы бірнеше ондаған мм-ге жетеді.

Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады:

1) жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; 2) жүрек ішінде жүйке импульстерін өткізеді.

Адам денесінде 600-ден астам қаңқа бұлшықеттері болады. Қаңқа бұлшықеті-

не тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ бұлшықеттері жатады.

Бұлшықеттердің негізгі топтары


Бас пен мойын

бұлшықеттері

Тұлға

бұлшықеттері



Қол бұлшықеттері

Аяқ

бұлшықеттері





көкірек

құрсақ

иық белдеуі

жамбас

белдеуі

шайнау

ымдау


арқа

қол б.е.

аяқ б.е.



Бөксенің үлкен,

ортаңғы,

кіші б.е.



екібасты

үшбасты

Бұлшықеттердің ең басты физиологиялық қасиеті – жиырылғыштық. Бұлшықеттерге әсер ететін тітіркендіргіштер – жылу, суық, электр тогы, химиялық заттар.



Бұлшықеттердің 1) жүйке жасушалардың шаршауына байланысты

қажуы 2) зиянды заттардың әсерінен болады

3. Бекіту сұрақтары:

1. Бұлшықеттерді қандай белгілеріне қарап топтастырады?

2. Қолды бүгетін, жазатын бұлшықеттер топтары қалай орналасады?

3. Бұлшықеттердің қажуы қандай жағдайларға байланысты?

4.Тынысалуға қатысатын бұлшықеттерді атандар, олар дененің қандай жерінде

кездеседі?

5. Қуану мен ренжуді білдіретін бұлшықет?

4. Тест алу: Тірек-қимыл жүйесі бойынша.

5. Үйге тапсырма: бұлшықеттер тақырыбын оқып, мазмұндау.

Қысқаша хабарлама жазып келу.

Әрбір оқушы сүйектері мен бұлшықеттерін шынықтыру мақсатында күнделікті тұрмыста:



  1. Спортың қандай түрімен шұғылданады?

  2. Қандай дене еңбегімен айналысады?

  3. Жазғы демалыста қандай серуендерге шығады?

  4. Қандай жаттығулар жасайды?

6. Бағалау. 7. Қорытынды: Бұлшықет дененің тепе-теңдігін сақтайды, қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді, көкет тынысалу қозғалысына қатысады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектесед
Каталог: uploads -> doc -> 093a
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
093a -> Шағын орталық тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Өтілетін күні


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет