Сабақ тақырыбы : «Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары.Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыш»



жүктеу 87.21 Kb.
Дата10.03.2018
өлшемі87.21 Kb.
түріСабақ

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ тақырыбы:

« Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары.Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыш»

Мектеп:

Саумалкөл қазақ орта мектебі



Мерзімі:

12.02.2017

Мұғалімнің аты:

Кулбаева Асылзат Мусабаевна

Сынып:

8

Оқушылар саны:

20

Сабақтың оқу мақсаттары

  • Электр қыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқыма сақтандырғыштар.Электр құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы мағлұмат беру

  • Электр қыздырғыш құралдар. Қысқа тұйықталу. Балқыма сақтандырғыштар.Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

Сабақтың міндеттері

Оқушылар біледі:

  • Электр қыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқыма сақтандырғыштар.Электр құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы мағлұмат алады.

  • Электр қыздырғыш құралдар. Қысқа тұйықталу. Балқыма сақтандырғыштар.Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана біледі.

Тілдік

мақсаттар

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Қазіргі кездегі техникада электр тогының жылулық әрекеті үлкен рөл атқарады. Әр түрлі

Типтегі электрқыздырғыш құралдар практикада жиі пайдаланылады. Үй тұрмысында

Электр үтігі, электр шәугім, шаш кептіруге арналған фендер және т.б. қыздырғыш құрал

дар қолданылады.

Ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларында жоғары температура алу үшін қуатты

электр пештері пайдаланылады. Пеш ішіндегі температура 25000С-тан 30000С-қа дейін

жетеді.


Қыздыру шамын қыздырғыш құралдарға жатқызуға болады. Оларды бөлмелерді, үйлерді

Жарықтандыру үшін қолданылады.

Қыздырғыш аспаптарға электр кептіргіш фендер, электр үтігі т.б жатады. Қыздырғыш аспапатрда қыздырғыш элемент болады.

Қ


ыздыру шамы:

1-вольфрам қыл

2-металл шығыс

3-шыны тірек

4-түтікше

5-металл цоколь

6-контакт.
Қылдың қызу температурасы неғұрлым жоғары болсы, соғұрлым шығатын энергияның

Көп бөлігі жарық түрінде таралады.



Ток көзінің өте аз өткізгішпен тұйықталуын қысқа тұйықталу деп

атайды.
Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары:

  • Қос қолмен жалаңаш екі сымды қатар ұстау өте қауіпті.

  • Жерді басып, дымқыл не цемент еденде тұрғанда жалаңаш сымға тиіп кету өте қауіпті.

  • Бүлінген электр аспаптарын пайдалану қауіпті. Электр аспаптарын мезгіл-мезгіл білікті мамандар тексеріп отыруы тиіс.

  • Ток көзінен ажыратпай электр аспабын жинауға, шашуға не түзетуге болмайды.

  • Желіден ажыратпай, электр арматурасына қандай да бір жұмыс жүргізуге болмайды.

Өткен сабақ материалдары

Электр тогыныӊ жұмысы қанша электр энергиясы (электр өрісініӊ энергиясы) басқа түрдегі энергияға айналғандығын көрсетеді.

Электр тогыныӊ қуаты тізбектегі токтыӊ күшімен кернеудіӊ көбейтіндісіне теӊ.

Шамдар тізбектей жалғанса, онда олардан өтетін токтыӊ күштері бірдей болады. Олардыӊ қуаты формуласымен есептеледі.

Шамдар параллель жалғанса, онда оларға түсетін кернеу бірдей болады. Олардыӊ қуаты формуласымен есептеледі.

Джоуль-Ленц заңы: Өткізгіштен электр тогы өткен кезінде өткізгіш қызады. Өткізгіштен бөлініп шыққан жылу мөлшері ток күшініӊ квадратына, өткізгіштіӊ кедергісіне және токтыӊ өту уақытына тура пропорционал.




ЖОСПАР

Уақытша жоспарлау

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақ басы

Ұйымдастыру. Үй жұмысын тексеру. Карточка тарату. Сабақтыӊ мақсаты және оқу мақсаттарын айтамыз.

Электр тогыныӊ жұмысы, қуат, Джоуль – Ленц формулаларын еске түсіреміз.






Жаңа сабақ

Қыздырғыш аспаптарға электр кептіргіш фендер, электр үтігі т.б жатады. Қыздырғыш аспапатрда қыздырғыш элемент болады.

Қ


ыздыру шамы:

1-вольфрам қыл

2-металл шығыс

3-шыны тірек

4-түтікше

5-металл цоколь



6-контакт.

Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары:

  • Қос қолмен жалаңаш екі сымды қатар ұстау өте қауіпті.

  • Жерді басып, дымқыл не цемент еденде тұрғанда жалаңаш сымға тиіп кету өте қауіпті.

  • Бүлінген электр аспаптарын пайдалану қауіпті. Электр аспаптарын мезгіл-мезгіл білікті мамандар тексеріп отыруы тиіс.

  • Ток көзінен ажыратпай электр аспабын динауға, шашуға не түзетуге болмайды.

  • Желіден ажыратпай, электр арматурасына қандай да бір жұмыс жүргізуге болмайды.


Есеп шығаруға тиісті формулалар:



Топпен жұмыс:

Есептер шығару.

  1. Жарық жақсы түсуі үшін фотосуретші қуаты 500 Вт электр шамын 1 мин бойы іске қосты. Шам 1 сағ жұмыс істеген кезде электр энергиясының қанша шығыны болды?

  2. Егер шаңсорғыш кернеуі 220 В, ал ток күші 0,5Α калалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 0,5 сағ ішінде қанша жұмыс жасайды?

  3. Есептеу арқылы 1 кВт · сағ = 3,6 МДж екенін дәлелдеңдер.

  4. Электр тізбегінің ұштарындағы кернеу 2 В. Ондағы 1 А; 0,1 А; 10 Α ток күштері 1 мин уақытта қанша жұмыс жасайды?

  5. Қалта шамында "6,3 В; 0,22 А" деп жазылған. Оның қуаты мен кедергісін табыңдар.

  6. Қуаты 11 кВт, 220 Β кернеуге есептелген, электрқондырғының кедергісін табыңдар.

  7. Троллейбустың электрқозғалтқышы 200 Α ток күшін тұтынады және 600 Β кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай? Ол 5 сағ ішінде қанша жұмыс атқарады? Жауапты Дж және кВт · сағ түрінде беріңдер.

  8. Тәулігіне 8 сағ жанатын қуаты 100 Вт электр шамы 30 күнде (1 ай) қанша энергия шығындайды?

  9. Ток күші 5 Α желіге жалғанған, кедергісі 30 Ом электр пешінен 1 мин-та қанша жылу бөлінеді?

  10. Қыздырғыш элементі 38,7 Ом, кернеуі 220 Β желіге қосылған электр шәйнегінен 1 с-та бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар. Оның қуаты неге тең?

  11. 220 Β кернеуге есептелген электрқыздырғыштың спиралінен 4 Α ток өткенде, 800 кДж жылу бөлінеді. Қыздырғыштың желіге қанша уақыт қосылғанын табыңдар.


слайд

Соңы

Үй тапсырмасы: §43,44 22-жаттығу №6









Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Формула

Өлшейтін құрал

Жұмыс












Қуат












Жылу












Ток күші












Кернеу












Кедергі
















Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Формула

Өлшейтін құрал

Жұмыс












Қуат












Жылу












Ток күші












Кернеу












Кедергі


















Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Формула

Өлшейтін құрал

Жұмыс












Қуат












Жылу












Ток күші












Кернеу












Кедергі













Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет