Сабақ тақырыбы: «Ана тілі жүрек үні»



жүктеу 36.43 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі36.43 Kb.
түріСабақ

Ахметшеева Жумагул Сапарбекқызы,

№40 Алпамыс батыр атындағы мектеп-гимназияның

жоғары санатты педагог-психолог

Шымкент қаласы



Сабақ тақырыбы: «Ана тілі жүрек үні»

Сабақтың мақсаты: Сені дүниеге әкелген, өмір сыйлаушы анаға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру, адамгершілік құндылықтар туралы түсінігін кеңейту.



Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды. Н.Назарбаев.

1. Жарық дүниеге әкеліп, тіршілік сыйлаған анаға деген баланың немесе балаға деген анаңның шексіз, өлшеусіз махаббаты, сүйіспеншілігі туралы түсінік беру;

2. Аналарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру;

3. Ананы сүюге, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: - Қайырлы күн балалар! Әр күніміз қуаныш пен сүйіспеншілікке толы болсын! Бүгін өздеріңмен көріскеніме өте ризамын, бәріміз қосылып «Ана туралы жыр» әнін орындайық. Сөзі: Ғ.Қайырбеков Әні:Ш.Қалдаяқов

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған

Балалық құштарлық

Өзіңе арналады.

Әлдилеп аялап

Өсірген жемісің

Самал жел саябақ

Құшағың мен үшін

Есейіп кетсем де

Мен саған сәбимін

Көгілдір көктемді

Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышын

Анашым жан сырым

Іздедім сен үшін

Әлемнің асылын

Әлемнің байлығын

Сыйлар ем кеш мені

Сыйлар ем ай күнді

Қолыма түспеді.



  1. Тыныштық сәті: (1-1,5 мин) ойлауға беріледі. /слайд/

Сендер осы уақытта аналарыңмен ойша кездесіп тұрмын деп елестетіңдер. Аналарыңа қандай жылы сөздер айтар едіңдер. Ананың қолынан ұстадым деп елестетіңіз, көзіне қарап жылы сөздерді естідім деп елестет.

  1. Әңгімелесу. /слайд/

  • Сен қандай сезімде болдың?

  • Сен қандай жылы сөздерді анаңнан естідің?

  • Сен өзің анаңа қандай жылы сөздерді айттың?

Жағдаяттарды талдау: «Ана жүрегі»

Ертеде бір жалғаз басты ана ана өзінің баласымен өмір сүреді. Анасы баласын тәртіпті, тәрбиелі етіп тәрбиелейді. Баласы ер жеткен соң үйленейін деген оймен қыз іздеп, ауыл аралап жүргенде бір сұлу қызды кездестіреді. Ол жігіт қыздың сұлулығына қатты ғашық болады. Ал бұл сұлу қыз бір байдың ерке қызы болады. Жігіт оған деген сезімін қалай білдірерін білмейді. Сұлу қыз жігіттің сезімін тексеріп көремін деп, былай дейді:



  • Егер мені шын сүйсең қарт анаңның жүрегін алып кел, дейді. Жас жігіт дау болып не істерін білмейді. Бір жағынан сұлу қыз, ал бір жағынан өзін тәрбиелеп өсірген қарт анасы

  • Осы арада баланың ойы бұзылып, қарт анасын өлтіретін болады. Өйткені оның ойы бойынша жаңағы сұлу қызға үйленсе өмір бойы сонымен бірге болады, ал қарт анасының денсаулығы нашар, жақын арада өмірден өтетін жаста. Ол сұлу қыз үшін анасын қияды.

Жас жігіт үйіне келсе, анасы ауырып жатыр екен. Жігіт анасына қарап біраз уақыт қарап тұрады. Баланың жүрегі ауырып, қиналып жатады. Біраз тұрып анасынан жүрегін сұрайды. Анасы баласының өтінішін орындайды. Анасының жүрегін қолына алып, шауып бара жатқанда аты сүрініп кетіп құлайды. Жерде құлап жатқан бала, есін жиып айналасына қараса анасының жүрегі талда ілініп тұр екен. Сол кезде ана жүрегі тіріліп, балаға сөйлейді:

  • Айналайын жан балам, құладың ау сен жаман. Ауырған жоқ па бір жерің?, аман болшы, жан балам! – дейді. Осы кезде бала өзінің үлкен қателік жасағанын түсініп, қатты өкінеді. Өкінішінен не пайда, анасы қайта тірілмейді. Сондықтан балалар, әр ісіңді ойланып жасаңдар.

Сұрақтар:

  • Бала дұрыс жасады ма?

  • Қыздың мінезі қандай?

  • Кез келген ана өз баласына осылай жасар ма еді? Қалай ойлайсыңдар?

  • Осы аңыз арқылы өздеріңе қандай ой түйдіңдер?

Жаңа ақпарат /слайд -4/

Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттердің бәрі анадан...Ананың тілі, ананың мейірбандығы, ананың махаббат сезімі, ізгілігі мен ізеттілігі, ақ көңілі мен адал ниеті – бәрі адамға ана құрсағында жатқанда-ақ түйіндеп, ананың ақ уыз сүтімен бойға сіңеді. Батыр да, бағлан да, көсем де, шешен де, данышпан да бәрі –бәрі анадан. Сондықтан да болар - ау, атам қазақ ана парызын әке парызынан әлдеқайда жоғары қояды. «Анаңды көтеріп Меккеге үш рет апарсаң да анаға мәңгі –бақи қарыздарсың»

Деген сөз соны аңғартпай ма? Әркім өз анасымен мақтанады, оны мақтайды, мақтайды. Мен де ел сияқты анаммен мақтанамын, тұла боймда титімдей ізгі қасиет болса, оны сол анамнан ауысқан деп білемін...

Ғ.Мүсірепов

5. Шығармашылық жұмыс. /слайд 5/

А) Сен өз анаңа мейірімді хат жаз, Өзіңнің хатыңда оны жақсы көретіндігіңді көрсет. Өзіңнің арманыңмен бөліс.

Б) Түс қағаздарын қолданып өз аналарыңа жүрек бейнесіндегі қағазға жазылған хаттарыңды сыйлаңдар.

Қорытынды. Әңгімелесу

А) Өзіңе қандай пайдалы әсер алдың?

Б) Сабақ қызықты өту үшін сенің үлесің?



6. Сабақты қорытындылау.

Анамызға тілек тілеу. Балалар өз тілектерін айтады.
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақ тақырыбы: Қобыланды батыр жыры
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Дуйсенбекова Улбала Сиябековна, №22 жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Тиімді оқыту уақыт талабы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы кеңестік еңбекпен түзеу лагерьлері
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. «Қазақстанның климатын қайталау»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сарматтар қоғамы Сабақтың мақсаты: сарматтар тайпасының тарихы, мәдениеті, қоғамы жайлы мағлұмат
sabaktar -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға тістің құрылысы, тістің эволюциясыжәне гигиенасы туралы кең көлемдегі түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет