Танымал ақын, айтыс өнерінің жанашыры, “Отан” орденінің иегері Жүрсін Ерман 73 жасқа толды. Туған күн иесі мүшелжастың қиындығын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Таңшолпан” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Әдебиет өкілі ұзақ уақыттан бері төсек тартып, сырқаттанып қалып еді. Бүгінде ақынның беті бері қарап, дертінен айыққан. 

"Қазақтың мүшел дейтін ырымы бар ғой, маған сол айнымай келеді де тұрады. 13 жасымда не болғанын білмеймін, бірақ 25 жасымда бір қойшының үйінде аттың үстінде отырған жерімнен құтырған ит қапты. 37 мүшелімде қолымды сындырып алдым, 49 мүшелімде шешемді алып кетті. 61 жасымда ауру айналдыра бастады. Осыдан аман-есен шығып кетсем, тағы біраз жүре тұратын шығармын деп ойлаймын. Туған күнде уайым басады, өмір заулап өтіп бара жатыр ғой. Туған күн тойлайтын бала емеспін, отбасылық мереке. Жан-жақтан келіндерім, туыстарым келіп, құттықтап жатыр. Екі-үш жылдан бері ауырып, арбаға таңылып едім. Қазір ептеп аяққа тұрдым. Соған қуанып жатыр”, – дейді өнер иесі. 

  • Павлодар облысында балаларға жарамды мерзімі өтіп кеткен дәрілер егілген

  • "Екпеден кейін сал болып қалды": Қызылорда тұрғыны баласының еміне ай сайын 600 мың теңге жұмсайтынын айтты

Ақынның айтуынша, халықтың тілегі қабыл болып, дертінен айыға бастаған. Сырқатына ем болған дәріні бір келіншек “түсімде аян берді” деп әкеліп берген көрінеді. 

“Астана мен Алматыдан бөлек шетелде де ем алдым. Оны халық жақсы біліп отыр. Бір қызығы Алматының іргесінде күріштің қауызынан капсула жасайтын зауыт бар екен. Қарақат деген директоры тоғыз жылдан бері осы дәріні жасап шығарады. Бір күні маған хабарласып, “Түсімде мына дәріңді Жүрсін Ерманға апарып бер” деп айтты дейді. Маған әкеліп берді. Соны ішкелі қан қысымым түсіп, қан құрамынан қант азайып, аяғымды басып қалдым. Алысқа бара алмасам да, таяғыма сүйеніп, ептеп жүремін. Бір жағы ойлаймын, қаншама адам маған тілекші боп, саулығымды сұрап жатыр. Соның да бір әсері болған шығар”, – деп ағынан жарылды ақын. 

Еске салайық, бір топ өнер адамдары ақынның көңілін сұрап барғанын жазып едік.  


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.