Сабақ тақырыбы: Қазақстанның биік таулы аумағы (жасы, қалыптасу жағдайлары, жоталардың орналасуы) Сабақ мақсаты



жүктеу 44.76 Kb.
Дата05.08.2018
өлшемі44.76 Kb.
түріСабақ

Сабақ: 15 Сынып: 8 Өтілетін күні:

Сабақ тақырыбы: Қазақстанның биік таулы аумағы (жасы, қалыптасу жағдайлары, жоталардың орналасуы)

Сабақ мақсаты:

Не біледі? Қазақстанның биік тауларын, олардың жер бедеріндегі ерекшеліктерді, жоталарын, биік шыңдарын, байлығын , түзілген тау жыныстарын біледі.

Не істей алады? – Биік таулардың өзіндік ерекшеліктерін анықтай алады. – картадан жоталарын, биік шыңдарын көрсете алады. – Кескін картағы Қ-ң биік тауларын түсіре алады.

Күтілетін нәтиже: Қазақстанның биік тауларын біліп шығады.

Сабақ ресурстары: Презентация, атлас, тақтада Қ-ң физикалық картасы, оқулық мәтіні мен суреттері

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әдісі: Топпен теориялық және практикалық жұмыстар

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу. 1 минут

Үй тапсырмасын тексеру. 8 минут. Аласа таулар- ерекшеліктеріне тоқталып, тақтадағы картамен бекітіп отыру.

- Сарыарқа (географиялық орны, созылуы, жер бедеріндегі ерекшеліктер, түзілген жыныстары, ең биік жері)

- Мұғалжар (географиялық орны, созылуы, жер бедеріндегі ерекшеліктер, түзілген жыныстары, ең биік жері)

- Маңқыстау (географиялық орны, созылуы, жер бедеріндегі ерекшеліктер, түзілген жыныстары, ең биік жері)

Сынып оқушыларын Санамақ -1,2,3,4 арқылы төрт топқа бөлу және бой жазу – Қолдарын жоғарыға көтеріп шыңға қарай созылу. 2 минут

Интерактивті тақтадан Қазақстанның тамаша аспанмен таласқан биік тауларын көрсету арқылы сабақ тақырыбын ашу. 1 минут



Жаңа сабақ: 3минут.

Ой қозғау: 1-ші абзацқа назар аудару

- Сонымен, Қазақстанның биік таулары қайда орналасыпты?-

- Қандай геологиялық тарихы бар?

- Аласа таулардан айырмашылықы неде?

Жаңа сабақтағы іздену жоспары: дайындық 10минут және қорғау 2 минуттан 8 минут

1. Географиялық орны

2. Бөлінуі немесе басты жоталары

3. Ең биік шыңы

4. Байлығы

5. Таудың басқа таулардан ерекшелігі

1-ші топ Алтай. Ресурс: мәтін 68-69 беттер,69беттегі карта, атластағы және тақтадағы Қ-ң физикалық картасы

2-ші топ Сауыр-Тарбағатай. Ресурс: мәтін 70 бет, атластағы және тақтадағы Қ-ң физикалық картасы

3-ші топ: Жетісу таулы өлкесі. Ресурс: мәтін 70-71 беттер, атластағы және тақтадағы Қ-ң физикалық картасы

4-ші топ: Тянь-Шань таулы өлкесі. Ресурс: мәтін 71-73 беттер, 71беттегі карта, атластағы және тақтадағы Қ-ң физикалық картасы



Сабақты бекіту: 5 минут

- Картадан Қ-ң биік тауларын және олардың биік шыңдарын көрсету

- Неліктен Батыс Алтайды Кенді Алтай деп те атайды?

- Жетісу Алатауының құрылысындағы ерекшеліктер қандай?

- Картадан Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауы жоталарын көрсету

Бағалау: Сабақты мұғалім тақтаға алдын ала салынған тау белдеулері бойынша бағалайды. Ең шыңы – «5», екеуінің ортасы «4», ортан белі-«3», етегі -«2». 2 минут

Кері байланыс: Шыңның басына жету үшін келесі сабаққа біз нелерді біліп келуіміз керек?1 минут

Үйге тапсырма: §17, Кескін картаға Қ-ң биік тауларын түсіріп келу. 1 минут

Сабақ: 16 Сынып: 8 Өтілетін күні:

Сабақ тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары (жіктелуі, олардың орналасуының жер бедері мен геологиялық тарихқа тәуелділігі)

Сабақ мақсаты:

Не біледі? Қазақстанның пайдалы қазбаларын, п/қ жіктелуін және д/ж бойынша алатын орнын.

Не істей алады? – Жер бедерінің түрлі формаларында п/қ таралуын анықтайды.

- Пайдалы қазбаларды картадан көрсете және кескін картаға түсіре алады.



Күтілетін нәтиже: Сыныптың 85-90% Қазақстанның пайдалы қазбаларын, оның жіктелуін біліп шығады.

Сабақ ресурстары: Атлас, Қазақстанның физикалық картасы, пайдалы қазбалар коллекциясы, мәтін, плакат

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әдісі: Тапсырмаларды жұптық жұмыс түрінде орындау

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: Биік таулар бойынша

- Оқушылардың кескін карталарына шолу, биік тауларды белгілеуін қарап өту

- Картадан Қазақстанның биік тауларын, олардың ең биік шыңдарын көрсету

- Картадан Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауы жоталарын көрсету

- Неліктен Батыс Алтайды Кенді Алтай деп те атайды?

- Жетісу Алатауының құрылысындағы ерекшеліктер қандай?



- Хантәңірі шыңы Тянь-Шаньның қай жотасында орналасқан?

- Алтай Мұғалжармен бір кезеңде пайда болса да, неліктен олардың жер бедері ұқсамайды?

- Тянь-Шаньның сейсмикалық ауданға жату себебі неде?

Тренинг түрінде- әр оқушы бірін-бірі қайталамай білетін пайдалы қазба түрлерін кезектесіп атап шығады. Яғни балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болмақ? Дұрыс, Қазақстанның пайдалы қазбалары



Жаңа сабақ:

1-тапсырма: Ауызша. - Пайдалы қазбалар дегеніміз не?

- Пайдалы қазбалардың орналасуыны жер бедері мен геологиялық тарихқа тәуелді дегенді қалай түсіндіресіңдер? Ресурс: Алдынғы тақырыптан алған білімдері, оқулық 74 бет, Қ-ң физикалық картасы.

2-тапсырма: Практикалық жазбаша. А) Пайдалы қазбалар неше топқа бөлінетінін және ол топтарға қандай пайдалы қазбалар жататынын анықтап кесте немесе сызба түрінде түсіру. Ресурс: Оқулық 75-80 беттер, атлас 10-11 бет, пайдалы қазбалар коллекциясы

Мысалы:

Пайдалы қазбалар



Жанатын

Рудалы

Рудасыз

Мұнай мен газ, көмір,

уран


Темір, марганец, хром, никель, алюминий, мыс, полиметал, алтын, сирек кездесетін металдар және т.б.

Асбест, фосфорит, тұз, құрылыс материалдары

3- тапсырма: Ә) Пайдалы қазбалар біздің мақтанышымыз, д/ж бойынша біз қандай пайдалы қазбалар түрінен алғашқы орындарда екенімізді анықтап дәптерге жалу және сол пайдалы қазбаларды картадан табу. Ресурс: Қазақстанның пайдалы қазбалары плакаты, атлас 10-11бет, мәтін 75 бет, пайдалы қазбалар коллекциясы

Сабақты бекіту: Дарынды оқушы жаңа тақырып бойынша картаның көмегімен логикалық қорытынды жасайды.

Сабақты бағалау: Оқушылармен бірлесіп ақылдасып оқушы еңбектерін мұғалімнің бағалауы.

Үйге тапсырма: § 17 мазмұндау, кескін картаға биік тауларды түсіріп келу

Кері байланыс: Не білдік? Не істей аламыз? Сабақ ұнады ма?
Каталог: uploads -> doc -> 0ae5
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0ae5 -> Ивановка негізгі мектебі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет