Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»



жүктеу 54.98 Kb.
Дата10.03.2018
өлшемі54.98 Kb.
түріСабақ


Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»
Сабақ мақсаты:

  • Білімділік: дәнекерлеуші мамандығы бойынша терминдерді қайталау, теориялық білімін анықтау,  мамандық тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау;

  • Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, оқушылардың ойлау қабілетін,    ой белсенділігін арттыру,  оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету; ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру; ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу;

  • Тәрбиелік: өз мамандығы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, өз Отанына адал қызмет етіп, үлесін қосуға шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу ;


Сабақ түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Өткізу әдісі: ойын сабағы
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

  2. Өткен тақырыпты қайталау жұмыстары – 10 мин

  3. Жаңа тақырып түсіндіру – 15 мин

  4. Жаңа тақырыпты бекіту – 10 мин

  5. Сабақты қорытындылау – 5 мин


Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру)
Газэлектрдәнекерлеуші мамандығы – өте қажет   мамандық. Кез-келген өндірістік кәсіпорында электргазбендәнекерлеу қолданылады. Электргазбен дәнекерлеу – қосылыс жерін  балқу немесе иілу күйіне дейін қыздыру әдісі  арқылы металл бөлшектердің қозғалыссыз, бөлінбейтін қосылыстарын алу үрдісі. 

Электргаздәнекерлеудің көмегімен көліктердің, әртүрлі металл құрылымдардың, көпірлердің, цистерналардың немесе қазандардың және құбырлардың  металл бөлшектері жалғанады. Материалдық өндірістің кез-келген саласында электргаздәнекерлеуші атқаратын жұмыстар болады. 

Дәнекерлеу – көліктердің, құрылымдардың бөлшектерін ажырмайтындай етіп қосатын сенімді әрі үнемді тәсіл болып табылады. 

Дәнекерлеуші шойын, болат құбырлардың құрылымдарын, тетіктерді қолмен, доғалы, плазмалы және газбен дәнекерлеуді орындайды, сонымен қатар телевизионды, фотоэлектрондық және басқа да құралдармен жабдықталған автоматтарда дәнекерлейді.




  1. Өткен тақырыпты қайталау жұмыстары

Өткен сабақтың тақырыбы: « Пісіру түрлерін жіктеу ».

Қойылатын сұрақтар:

1 – Қазіргі кезде пісіру процестерінің қанша түрлері бар ?

(150-ден астам түрлері бар)

2 – Пісірудің барлық түрлері неше класқа болінеді ?

(3 класқа болінеді)

3 – Пісірудің физикалық 3 түрін атаңыз ?

(Термиялық, жылу-механикалық және механикалық)

4 – МЕМСТ 19521-74 пісіру процестерінің қандай жіктемесін көрсетеді ?

(Физикалық, техникалық және технологиялық)





  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Пісірудің доғалық әдісі жағдайындағы қыздыру көзі газды ортада екі электродтың немесе электрод пен бөлшектің арасында өтетін, тұрақты электр разрядын көрсететін пісіру доғасы болып табылады. Қажетті ұзақтықтың осындай разрядын ұстап тұру үшін доғалар қоректендірудің арнаулы көздерін қолдану қажет.

Доғаларды ауыспалы токпен қоректендіру үшін пісіру трансформаторларын, тұрақты ток жағдайында пісіруші генераторларды немесе пісіруші түзеткіштерді қолданады. 2- суретте доғалы пісірудің электр тізбектерінің сызбасы көрсетілген.




1802 жылы орыс физигі В.В. Петровтың электр доғасын ашуы доғалы пісіруді талдауға себеп болды. Алғаш рет балқымайтын көмірлі электрод пен пісірілетін бөлшектердің арасында жанған электр доғасының көмегімен металл бөліктерді жалғауды 1882 жылы Н.Н. Бенардос жүзеге асырды.

Қажет жағдайда пісіру науасына қосымша қоспалықты материал берілді. 1888 жылы орыс инженері Н.Г. Славянов балқымайтын көмірлі электродты, балқитын металл электродқа алмастыру процесін жетілдірді. Сонымен доғалық разрядтың қолданылуы үшін, электродтар функцияларын және науалар түзу үшін қоспа металды біріктіруге қол жеткізілді. Н.Н. Бенардос пен Н.Г.Славянов ұсынған балқитын және балқымайтын электродтармен доғалы пісіру әдістері доғалы пісірудің біршама кең тараған қазіргі заманғы әдістерін қалыптастыру негіздерінде жатқызылады.

Доғалы пісіруді ары қарайғы жетілдіру екі бағытта жүреді:

1) пісіру науасының балқытылған металдарын өңдеу және қорғау құралдарын іздестіру;

2) процесті автоматтандыу;

Пісірілетін металл мен пісіру науасын қоршаған ортадан қорғау сипаты бойынша доғалы пісірудің қожды, газқожды және газды қорғаныс әдістері бөлінуі мүмкін. Процесті автоматтандыру дәрежесі бойынша әдістер: қолмен пісіру, механикаландырылған және автоматты пісіру болып бөлінеді. Төменде доғалы пісірудің негізгі түрлерінің сипаттамалары келтірілген.


Электродты жабындыны доғалы пісіру. (3-сурет). Бұл әдіс жағдайында процесс қолмен атқарылады. Пісіруші электродтар балқитын – болат, жез, алюминий, балқымайтын – көмірлі, графитті, вольфрамды болуы мүмкін. Бетінде электродты жабындысы бар болат электродты пісіру біршама кең қолданылады. Электродтардың жабындысы әр түрлі құраушылардың ұнтақ тәрізді қоспаларынан жасалып, болат стерженьнің бетіне қатайтушы паста түрінде жағылады. Оның міндеті – доғаның жану бекемділігін арттыру, пісіру науасына (сварочная ванна) металдық өңдеу жүргізу және пісіру сапасын жақсарту. Пісіру жігі пісіруші жиектер металының балқу және пісіруші электрод өзектерінің балқу есебінен түзіледі. Бұл жағдайда пісіруші қолмен екі негізгі технологиялық қозғалысты – жабынды электродты оның балқу шамасына қарай пісіру аумағына жіберуді және доғаны пісірілетін жік бойымен жылжытуды жүзеге асырады. Электродпен жабындыланған қолмен доғалы пісіру – пісіру құрылымдарын жасау жағдайында пайдаланылатын бірден – бір кең таралған әдіс. Ол қарапайымдылығымен және әмбебаптылығымен ерекшеленеді. Оның елеулі кемшілігі – процестің аз өнімділігі мен пісірушінің біліктілігіне байланысты пісіру сапасына тәуелді болуы.


Флюспен доғалы пісіру. (4-сурет). Электр доғасы ауа мен өзара әсерден пісіру науасы мен доғаны толық жабатын пісіруші флюс қабаты астындағы бөлшектер мен балқушы электродтар арасында жанады. Пісіруші электродтар касетаға оралған және пісіру аумағына автоматты түрде берілетін сым түрінде жасалған. Доғаны пісірілетін жиек бойымен жылжыту қолмен немесе аррнаулы жетектің көмегімен орындалады. Бірінші жағдайда процесс жартылай автоматтардың көмегімен, екінші жағдайда – пісіруші автоматтардың көмегімен жүргізіледі. Флюс астындағы доғалық пісіру жоғары өнімділігімен және алынатын қосылыстардың сапасымен ерекшеленеді. Процестің кемшіліктеріне үлкен емес қалыңдықтағы бөлшектерді, қысқа жапсарларды пісіру және негізгі жағдайдағы жапсарларды жасау қиындығы жатады.


Қорғаушы газдармен доғалық пісіру. (5-сурет). Электр доғасы аумағына қорғаушы газдар арнайы жіберілген ортада жанады. Бұл жағдайда балқымайтын, сондай – ақ балқитын электродтарды пайдалануға, ол процесті қолмен, механикаландырылған немесе автоматты әдіспен орындауға болады. Балқымайтын электродпен пісіру жағдайында қоспа – сымды қолданады, балқитын электрод жағдайында қоспалар қажет етілмейді.


Электрқожды пісіру (6-сурет). Пісіру процесі доғасыз болып табылады. Доғалық пісіруден айырмашылығы негізгі және қоспалықты металды балқыту үшін балқытылған электрөткізгішті шлак (флюс) арқылы пісіруші ток өткізу жағдайында бөлініп шығатын жылу пайдаланылады. Балқыма қатайғаннан кейін пісірулі жапсар түзіледі. Пісіруді көбінесе пісірілетін бөлшектердің саңылауы арасында тік күйде орындайды жапсарды қалыптастыру үшін саңылаудың екі жағынан мыс сырғақтар – сумен салқындатылған кристаллизаторлар орнатылады. Электршлакты пісіруді үлкен қалыңдықтағы (20-дан 1000 мм дейін және одан да үлкен) бөлшектерді жалғастыру үшін қолданады.




  1. Жаңа тақырыпты бекіту



  1. Сабақты қорытындылау

Алдағы уақытта жұмыс бабында бүгінгі сабақтағыдай жетістіктерге жетесіздер деген үмітімді білдіремін.

(Сабаққа белсенді қатынасқан оқушыларды бағалау)


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет