Сабаќ таќырыбы: Физикалыќ сайыс



жүктеу 32.83 Kb.
Дата24.09.2017
өлшемі32.83 Kb.
түріСабақ


Сабақ тақырыбы: Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті. Жылу машиналары тарауын қорытындылау.

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: «Жылу машиналары» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, бағалау. Алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана білу және есептер шығару дағдысы мен қабілеттерін қалыптастыру.

  2. Дамытушылық: Қоршаған ортаға деген ғылыми көзқарасын және ой-өрісін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту, бағалау сабағы.

Сабақ түрі: қорытынды сабақ.

Сабақ әдісі: БжС технологиясы бойынша «Алгоритм картасы», жазбаша жауап алу, жекелей шығармашылық жұмыс, деңгейлік тапсырма, .

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:тексеру, түгендеу, сабақ мақсатын айту, зейіндерін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру.матрица бойынша тест тапсырмасына белгі қоямын «+», «-»

Сергіту уақыты «Жүректен-жүрекке»

І бөлім. «Нені білдім?» -5мин

1.Т-температурасы мен Ү-көлемі өзгеретін,ал қысым өзгеріссіз,яғни Р=const болатын термодинамикалық процестің атауы- А) изотермиялық В) изохоралық С) изобаралық Д)адиабаталық Е)изопроцесс

2.Марстағы заттардың күйін анықта. А) қатты,сұйық,газ тәрізді В) қатты,сұйық С)қатты және газ тәрізді Д)сұйық және газ тәрізді Е)қатты

3.Жылу қозғалтқышына жатпайтын құрылғыларды белгіле: А).штен жану қозғалтқышы В)дизель С) газ турбинасы Д) карбюратор Е) реактивті қозғалтқыш

4.Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс жасалатын тактісі- А)сору В)сығу С)жұмыстық жүріс Д)шығу Е) сығу және жұмыстық жүріс

5.Алып планетаға жатпайтын планета- А)Юпитер В) Сатурн С)Марс Д)Уран Е)Нептун

6.Автомобиль қозғалтқышында жұмыс денесінің қызметін А)отын жанғанда пайда болатын газдар атқарады В)бензин атқарады С)ауа атқарады Д)поршень атқарады Е) цилиндр атқарады

7.р тұрақты қысымда газдың көлемі ∆V-ға артты. Бұл жағдайда p∆V көбейтіндісі физикалық шаманың А) газдың жасаған жұмысына. В)газға сыртқы күштердің жасаған жұмысына. С) газдың алған жылу мөлшеріне. Д)газдың берген жылу мөлшеріне Е)газдың ішкі энергиясына

8. «Сұйық денеден неғұрлым жылы денеге жылудың өздігінен өтуі мүмкін емес» тұжырымы бұл-

А)термодинамиканың І-ші заңы В) термодинамиканың ІІ-ші заңы С)

термодинамиканың ІІІ-ші заңы Д) энергияның сақталу заңы Е) энергияның түрлену заңы

9.Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100% дегені

А)будың түгел сұйыққа айналуын білдіреді В) Қою тұманның пайда болуын білдіреді. С)жаңбырдың басталуын білдіреді. Д)конденсацияның кебуден басым болуын білдіреді. Е)будың қанығуын білдіреді

10.Қаныққан және қанықпаған булардың арасындағы айырмашылығын анықта

А) қаныққан будың тығыздығы көбірек. В)қаныққан будың қысымы көбірек С)

қаныққан бу өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болады.Д) қаныққан бу атмосферамен динамикалық тепе-теңдікте болады.Е) қаныққан будың температурасы көбірек.

Жауаптары:1С,2С,3Д,4С,5С,6А,7А,8В,9С,10А, 8-9-10 сұрақ дұрысқа + қоямын.

ІІ бөлім. «Нені білгім келеді?»-10 мин,1 шапалақ,- тақырыпты «Алгоритм картасы»бойынша түсіндіру



ІІІ бөлім. «Нені үйрендім?»-10мин, (2 шапалақ). Деңгейлеп

даярланған есептер мәтіні беріледі.Дәптерге шығарып оқушылар бір-бірінің есептерін тексеріп,матрицаға белгіленеді.


Деңгейленген есептер мәтіні

«А» деңгей

  1. Газ көлемін 0,3м3-ден 0,7м3 дейін ұлғайтты.Осы кездегі газдың жұмысы 400Дж.Егер жұмыстың орындалуында газ өзгермесе,оның қысымы неге тең?

  2. Қыздырғыш температурасы4270С және суытқыш температурасы 270С болатын жылу машинасының ПӘК-ін табыңдар.



«В» деңгей

  1. Газға 5кДж-ға тең жылу мөлшері берілді.Осы кезде газ 2кДж-ға тең жұмыс атқарды.Газдың ішкі энергиясының өзгеруі неге тең?

  2. Изохоралық процесс кезінде азотқа 70 Дж жылу берілді.Азоттың ішкі энергиясын өсіру үшін қанша жылу мөлшері кетті?



«С» деңгей

  1. Идеал жылу машинасының меншікті балқу жылуы 25кДж/кг, ал қыздырғыш температурасы 455К болса,ПӘК-і 40%.Идеал жылу машинасы тоңазытқышының температурасы неге тең?

  2. 4 кг дизель отынын шығындау есебінен трактор 42,7МДж жұмыс атқарды.Отынның меншікті жану жылуы 4,6*107Дж-кг. Трактор қозғалтқышының ПӘК-ін табыңдар.


ІІІ. «Нені жасай аламын?»-5 мин.Слайд-презентация.Шығармашылық жұмыс.

ІV. Үйге тапсырма. §19-27 қайталау.

V. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет