Сабақ тақырыбы: Газ заңдары Мақсаты



жүктеу 23.02 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі23.02 Kb.
түріСабақ

Сабақтың технологиялық картасы

Мерзімі _____________ Сынып 10А

Сабақ тақырыбы: Газ заңдары

Мақсаты:



а) білімділік:Газ заңдары деген не? Олардың қандай ерекшелігі бар және газ заңдарын есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, дұрыстығына көз жеткізу;

ә) дамытушылық: МКТ-ның негізгі теңдеуі Менделеев-Клайперон теңдеуін қорытып шығару және оны есептер шығаруда қолдана білу дағдыларын дамыту.

б) тәрбиелік: оқушыларды сауатты азамат болуға, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу.

Құралдар: компьютер, интерактивті тақта, проектор, оқулықтар, есептер жинағы, интерактивті физика бағдарламасы, электронды оқулық 10 сынып, ғалымдар өмірбаяны.

Сабақтың түрі: аралас, демонстрациялық.

Пән аралық байланыс: математика, химия, информатика,



Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары:


  1. Менделеев клапейрон теңдеуі қалай жазылады?

  2. Молекулалар концентрациясы деген не?

Жаңа сабақ:

Газдағы процесстер және газ заңдары:

Параметрлерiнiң бiрiнiң шамасы өзгерiссiз өтетiн процестердi изопроцестер деп атайды. Газдың үшiншi параметрi тұрақты болған кездегi екi параметрi арасындағы мөлшерлiк байланысты (тәуелдiлiктi) газ заңдары деп атайды.

Идеал газ күйiнiң теңдеуiне сүйенiп изопроцестердiң негiзгi түрлерiнiң физикалық құбылыстарын қарастырайық.

Температура тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесiн изотермиялық процесс деп атайды. Бұл процесс Бойль - Мариотт заңмен жазылады:

PV = const

Газ температурасын тұрақты ұстау үшiн, оның температурасын өзгертпейтiндей етiп жылуалмасып тұратын жүйе – термостат қажет. Әйтпесе, газ сығылғанда немесе созылғанда оның температурасының өзгерiсi елеулi.Изотермиялық процестiң (P,V) жазықтығындағы графигi, мзотерма деп аталатын, гиперболаны бередi (1.10 - сурет).






1.11-сурет
Қысым тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесiн изобаралық процесс деп атайды. Егер ыдыста газ қысымы тұрақты болуы үшiн, оның қабырғалары жылжымалы (қозғалмалы) болуы керек. Изобаралық процестiң (V,Т) жазықтығындағы графигi, мзобара деп аталатын, түзу сызықты бередi (1.11 - сурет).




1.12-сурет
Көлем тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесiн изохоралық процесс деп атайды. Егер газ герметикалық ыдыста болса, онда газ көлемi тұрақты болады. Изохоралық процестiң (P,T) жазықтығындағы графигi, мзохора деп аталатын, түзу сызықты бередi (1.12 - сурет).

Жаңа сабақты қорытындылау.

Пысықтау сұрақтары.

Есеп шығару үлгілері:




Үй жұмысы: өткен тақырыпты қайталау: есептер жинағынан 463-464 есептер


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет