Сабақ тақырыбы: Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция. Жануарларды жіктеудің маңызы. Сабақтың мақсаты: Білімділігі



жүктеу 29.84 Kb.
Дата15.04.2019
өлшемі29.84 Kb.
түріСабақ

Биология. 7- сынып

Сабақ тақырыбы:Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция. Жануарларды жіктеудің маңызы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяциямен таныстыру,атқаратын қызметін меңгерту, маңызын таныту.

Дамытушылығы: Сонымен қатар оқушылардың зоология туралы білімін одан әрі жетілдіру.

Тәрбиелігі: Жануарлардың адам тіршілігінде маңызын таныта отырып, аялау, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі.

1.Сәлемдесу

2.Түгелдеу

3. психологиялық ахуал

4. Сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Бекіту.

V. Үйге тапсырма беру

VІ. Бағалау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


  1. Зоолгия дегеніміз не:

  2. Зоология салалар:

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

К. Линней жануарларды жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді негіз етіп алды. Ол түрді - туысқа, туысты - тұқымдасқа, тұқымдасты — отрядқа, отрядты - класқа, класты - типке, типтерді жануарлар дүниесіне біріктіруді ұсынды. Сөйтіп жануарларды жіктеудің мынадай қысқаша сызбанұсқасы қалыптасты:



түр —> туыс —> тұқымдас —> отряд —> класс —> тип —> жануарлар дүниесі.


Жүйелік топтар

Адамның әрбір жүйелік топтарға тән ұқсас белгілері

1. Типі - хордалылар (желілілер)

Адамның ұрығының дамуында арқа жағында хордасы (желісі) және жүйке түтігі байкалады. Ұрығының даму барысында жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары пайда болады.

2. Тип тармағы: омыртқалылар (бассүйектілер)

Омыртқа жотасы жетіледі, екі жұп аяқтары пайда болады. Жүрегі денесінің құрсақ жағындағы көкірек бөліміне орналасқан. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлынға жіктелген. Миы 5 бөлімнен (алдыңғы, аралық, ортаңғы, сопакша ми, мишық) тұрады.

3. Класы: сүтқоректілер

Денесінде түгі бар, сүт бездері болады, ұрпағын тірі туып, сүтпен асырайды. Терісінде көптеген тер бездері болады. Кеуде қуысы мен құрсақ қуысын кокет (диафрагма) бөліп тұрады. Сүт тістері мен тұрақты тістері жеке топтарға (күрек, сойдақ, кіші, үлкен азу тістер) жіктелген. Мойын омыртқасы жетеу, ортаңғы кұлақ куысында үш есту сүйектері (тос, балғашық, үзеңгі) бар. Денесінде калдық мүшелер сақталған

4. Класс тармағы: ұрықжолдастылар

ұрығы аналығының, арнайы мүшесі - жатырда дамиды. Жатыр мен ұрықтың арасында ұрықжолдасы (плацента) түзіледі, онымен ұрық қоректенеді.

5. Отряды: приматтар

Миы едәуір үлкен; бес саусақты қармалағыш саусақтарының ұшындағы тырнақтары үшкір емес - жалпақ. Басбармақтары басқа саусақтарына қарама-қарсы орналаскан. Бір ғана ұрпақ береді.

6. Отряд тармағы: адамтектес маймылдар

Алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындығы шамалас, 32-36 тісі бар, жыл бойы көбейеді. Құйрығы және шонданай мүйізтегі жойылған, құлақ қалқанынын, пішіні ұқсас. Жүлгелері мен қатпарлары дамыған миы үлкен. Соқырішегі бар, қаны 4 топқа бөлінеді. Аталық және аналық дарақтарының кұрылысы ұқсас емес.

7. Тұқымдасы: адамдар (гоминидтер)




8. Туысы: адам




9. Түрі: саналы адам




Бекіту:

  1. К. Линней ұсынған жүйелік жіктеу.

  2. Түр дегеніміз не.

Үйге тапсырма беру:--------------------------------------------------

Бағалау:
Каталог: uploads -> doc -> 045a
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
045a -> Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайык
045a -> Старозаимствованная русская лексика в чувашском языке


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет