Ана тілі
1- сынып
Колдасбаева Сауле
Үстірт атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Жіңішке дауысты дыбыстар.Әнші төлдер.
Сабақтың мақсаты : 1.Оқушыларға жіңішке дауыстар туралы түсінік беру. Төрт түлік малдың төлдері туралы түсініктерін кеңейту.Сөздік қорын дамыту.
2.Оқушыларды сауатты жазуға үйрету,оқу дағдыларын дамыту.
3.Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: схема ,суреттер,плакат,қима қағаздар,үн таспа,үлестірмелі карточка.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау,ойын.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық.
Сабаққа сегізде келеміз.
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
Сабақты 4-пен 5-ке оқып,
Білімді оқушы боламыз дегенбіз.
2.Үй жұмысы:
36-шы жаттығу.
«Төлдер» өлеңін жатқа сұрау
Үй жұмысын пысықтау мақсатында тест сұрақтарын қою.
Оқушыларды үш топқа бөлу.
1-топ .Дауысты дыбыстар.
2-топ. Жіңішке дауысты дыбыстар.
3-топ Жуан дауысты дыбыстар.
Топ басшыларына бағалау парақтарын беру.
Өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру.
3.Жаңа сабақ: «Әнші төлдер».Жіңішке дауысты дыбыстар.
Плакатпен жұмыс.
Көркем жазу сәті:Ққ
Қозы,құлын,лақ.
Тақтамен жұмыс: 37-ші жаттығу.
Топтық тапсырма.
Сергіту жаттығуы:Үнтаспадан жануарлардың дауысын тыңдау.
Топ басшыларына тапсырма беру:
Кима қағаздармен жұмыс.Сөздерге талдау жасау.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру.Мазмұнын түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс.1.Іштей оқу.2.Тізбектец оқу.
Ойын: Жануарлар қалай дыбыстайды?
1.Сиыр мөңірейді.
2.Қой маңырайды.
3.Жылқы кісінейді.
4.Түйе боздайды.
5.Әтеш шақырады.
6.Бақа бақылдайды.
7.Қарға қарқылдайды.
8.Ит арсылдайды.
9.Мысық миаулайды.
10.Жылан ысылдайды.
Ойын: «Ұйқасын тап»
- ақ -ақ –ақ Секіреді лақ.
-ын-ын-ын Ойнақтайды құлын.
-ау-ау-ау Мөңірейді бұзау.
-қан-қан-қан Қошақаным момақан.
-та-та-та Әп-әдемі бота.
-ой-ой-ой Маңырайды қой.
-қы-қы-қы Біздің жүйрік жылқы.
-ыр-ыр-ыр Өрісте жүр сиыр.
Сабақты қортындылау :
1.Оқушылар өз есімдерінің ішінен жіңішке,жуан дауысты дыбыстарды табу.
2.Тірек сызбамен,схемамен жұмыс.
Үйге тапсырма.Өлеңді жаттау.38-ші жаттығу.Бұзаудың қозының суретін салып келу.
Бағалау.Топ басшыларының ойын тыңдау.
Достарыңызбен бөлісу: |