Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Ереванның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі France 24 телеарнасына сілтеме жасап, хабарлайды. 

Фото: newsarmenia.am

Сұхбатта Никол Пашинян Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт орындалмағанын атап өтті. 

"Біздің ойымызша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, әсіресе, 2021-2022 жылдары орындалмады және мұны біз байқамай қала алмадық. Біз осы шартқа қатысуымызды тоқтаттық. Әрі қарай не болатынын көрейік", – деді Пашинян сұхбатында.

Сонымен қатар Пашинян қазіргі уақытта Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілік "мүмкін емес" деп мәлімдеді.

Айта кетейік, биыл қаңтар айының соңында Армения Әзірбайжанға шабуыл жасамау туралы келісімге қол қоюды ұсынды.

Бұған дейін Әзірбайжан мен Армения тұтқындармен алмасуға және бейбіт келісімге келгендерін мәлімдегенін жазған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.