Сабақ тақырыбы: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»



жүктеу 51.9 Kb.
Дата31.05.2018
өлшемі51.9 Kb.
түріСабақ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

(аптасына 2 сағаттан 68 сағат)



7-сынып


Уақыты:

Тексерілді:

Сабақ тақырыбы:

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры

Жалпы мақсат:

Көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі-эпостық поэмаға жататын лиро-эпостық жырлар жайында теориялық түсінік беру. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырын түсініп оқу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары



Оқу нәтижесі:

Көшпелі қазақ елінің салт-санасын, кәсібін аңғарады.

Жырдағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне байланысты әрқайсысының басында болған күйініш-сүйініштерін пайымдайды, мінез ерекшеліктерін байқайды,ой-өрісі,дүниетанымы кеңейеді.

Топта бірлесіп жұмыс істеуге, қажетті іс-әрекетте оқушының өз бетінше белсене орындауына мүмкіншілік беріледі.


Сабақта қолданылатын материалдар:

 «Түртіп алу» стратегиясына байланысты, сызба кесте, ватман, мәтін.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен оқу, басқару мен көшбасышылық




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

.Сәлемдесу, түгендеу, сыныпты дайындау, психалогиялық ахуал орнату

Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау стратегиясы»

1. Батырлар жыры туралы білетіндерін естеріне түсіріп, жырдың халықтығын, жырдың басты кейіпкері ел қорғаушы батырдың күш-құдіреті, патриотизімі, отанды сүюі, еңбекшілдігі, зор адамгершіліктің иесі болатындығы жайлы, өзіне тән шарттылығын оқушылардың өздеріне дәлелдету.

2. Кіріспе сөз (мұғалімнің). Көркем әдебиеттің негізгі жанры жайында, түрлері жайында айта келіп, авторы белгісіз халықтық мұра болатындығын, олардың туу негізінде шындық болмыс жатса да, шығарушылардың ой-санасының әлі сәбилігімен байланысты қиял араласып отыратындығын және халықтың ауызша шығармашылығының негізінде туған зор оқиғаны жыр еткендігін, жыр өлеңмен жазылған ірі шығармалардан эпостық жырлар туатындығын баяндай, отырып, осы эпостық жырлардың бір түрі- лиро-эпостық жырлардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру, теориялық анықтама беру.

3. Дәптермен жұмыс.

Теориялық түсініктерді әдебиет дәптеріне жаздыру.

4. Оқулықпен жұмыс. Жырды оқыту.

Мәнерлеп түсініп оқу.

5. Сөздік жұмыс



Қосымша ақпарат



Қозы Көрпеш — Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры. Поэма Сыбанбай, Бекбау, ЖанақШөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов "Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870).

ІІІ. Жаңа тақырып

Жыр мәтінін құр оқумен шектелмей жырдағы білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып, ұжымдасып мұғалім көмегінсіз өздері дербес атқарады. Құр мәлімет алумен шектелмей, өз пікірлерін ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге жағдай жасайды.

а) Жеке жұмыс I.W.S.E.R.T-стр. ұсынамын, өйткені бұл ұтымды құрал, өздері оқыған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан түсінігін тексеруге, өз ойын айтуға басшылық жасайды.

ә) Жұппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша кесте жасалынады және сол кестеге жырды қаншалықты түсінгендерін әр түрлі белгілермен белгілейді. Топтың тақырып туралы ой қозғауы

V – Олардың білетіндері.

+ — Олардың үйренгендері.

= — Менің ойлағаныма кері, келісе алмаймын.

? – Мені жұмбақтандырады.

Сабақты, үйренгендерін бекіту.



Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығармашылық жұмыс

Ғашықтық жырдың, батырлық жырдан айырмашылығы сүйіспеншілік, достықтың ең басты мәселесі деген бір пікірге келу.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

Топпен жұмыс: Лиро - эпостық жырлардың түрлерін топтастыру.
Лиро - эпостық жырлар

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
Айман - Шолпан
Сұлушаш
Қыз жібек
Ләйлі - Мәжнүн
Құсырау - Шырын
Қалқаман - Мамыр

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Лиро-эпостық жырлар туралы оқып келу және жырдан үзінді жаттау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

Сәтті әдіс




Сәттсіз болған әдіс




А үздік оқушы

Б орташа оқушы

С үлгерімі төмен оқушы










Каталог: uploads -> doc -> 0c3e
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0c3e -> Сыныбы: 8ә Мерзімі: 18. 02. 2016ж


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет