Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан “Үлкен дулыға" турнирінің жартылай финалына шыға алмай, жарысты жарты жолдан аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әзірбайжан астанасында өтіп жатқан “Үлкен дулыға" турнирінде Әбиба Абужақынова 48 келіде белдесіп, бірінші айналымда Маврикий елінің балуаны Присцилла Моранды ұтты. Екінші айналымда швециялық Тара Бабулфатхпен белдескен отандасымыз сылбыр күрескен үшін үш рет “шидо” алып, жарысты жарты жолдан аяқтады. 

Айта кетейік, "Үлкен дулыға" турнирінде әлемнің 64 елінен 413 балуан сынға түсіп жатыр. 48 келіде сынға түскен Ғалия Тынбаева да жеңіліп қалды. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.