Сабақ тақырыбы: «Құстар әлемі!»



жүктеу 28.71 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі28.71 Kb.
түріСабақ

Сабақ тақырыбы: «Құстар әлемі!»

Мақсаты:


Білімділік: Құстар туралы тақпақтар арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға.

Дамытушылық: Балаларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеп, Олардың табиғатқа деген қарым – қатынастарын дамыту .

Тәрбиелік: Табиғатқа , туған өлке әсемдігіне сүйсіну , қамқорлық ,сүйіспеншілік сезімдерін ояту , тәрбиелеу . Құстар туралы түсінік беру, олардың тіршілігі туралы баяндау.

Көрнекілігі: слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер.

Әуенмен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Бүгін біз құстар туралы сыр шертеміз.

Елімізде 500мынан астам құстардың түрі бар екен. Қазақ қалқы құстардың келуіне, қайтуына болжамдар айтқан екен. Құстардың әні адамның көңіл-күйін көтереді. Әр құстың өзіндік жақсы қасиеттері бар Мысалы: көгершін –бейбітшілік құсы болса, қарлығаш- жақсы ниетпен жүреді екен, саулық тілейді екен.

Қараторғай Мен қараторғаймын

Шегірткедей жұртыңды

Қырғи болып қиямын

Егістікке жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын

Жәндіктерді зиянды

Құртатұғын батырмын

Дайындайтын ұямды

Достарға келе жатырмын

Қарлығаш

Қарлығашпын мен

Адамның тұрағымын

Мекен етіп тұрамын

Тазалаймын үй - ішін

Ел аузында мақтаулы

Тазалықшымын төселген

Аққу

Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған.

Сұлулықты паш етіп

Жырлаған талай ақындар

Нәзік үнді, көл көркі

Құс патшасы мен болам

Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.



Тоқылдақ

Құртты іздеп ініне

Қарағайды үңгіген

Тоқылдақ құс дәрігер

Қашан да ол әбігер

Бұлбұл

Мен еркін бақытты бұлбұлмын

Бұлағын тасытқан ән - жырдың

Тамаша тамылжып шырқаймын

Шаттығын тауыса алмай әр күннің

Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.



Ендеше қандай болжамдар білесіңдер?

Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.

Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.

Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.

Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.

Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

Шағала келсе сең бұзылады.

Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші: Экранға назар аударыңдар:

Көлеңке театрынан құстар жайлы ертегілер бейнеленеді. Сендер ертегідегі құс қай ертегіден екенін шешулерің керек

Ертегілер: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?». «Тырна мен түлкі», «Қырғауыл мен»,



Жаңылтпаш.

Мың торғай қамасақ қораға,

Бір торғай тұрмайды,

Бір торғай тұрмайтын қораға

Мың торғай тұрмайды.

Бір торғай тұрмайтын қораға

Мың торғай қамауға бола ма?

Тиым сөздер

Құстың ұясын бұзба.

Құстың жұмыртқасын жарма.

Балалар ! Көлеңке театрына назар аударыңдар!

Тапсырма: Құстың суреті бейнеленеді, ал сендер қандай ертегіде кездесетінін айтуларың керек және қысқаша ертекті айтып беру керек.

Қортынды


Ей, балалар,балалар

Аман болсын аналар,

Құстар да ана бар

Құстар да бала бар



Құстар біздің досымыз Ұшып жұрсе аспанда

Сыр түйеді жас жанға.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет