Сабақ тақырыбы: Торы құлын Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету, өлең мазмұны арқылы төрт түліктің бірі



жүктеу 42.15 Kb.
Дата04.05.2019
өлшемі42.15 Kb.
түріСабақ

Сыныбы: 2

Пәні: ана тілі

Сабақ тақырыбы: Торы құлын

Мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету, өлең мазмұны арқылы төрт түліктің бірі

жылқы малын таныту.

2. Оқушылардың дүниетанымен, тіл байлығын, байланыстырып сөйлеу

дағдыларын дамыту.

3. Төрт түлікті күтіп-бағуға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдісі: Б.Блум таксономиясы әдістері

Сабақ көрнекілігі: слайдтар, суреттер, мақал-мәтелдер, жүген, қамшы, өмілдірік

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық дайындық (слайд №1)

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы тандаймыз.

Күлімдеген күндейміз.

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

2. Сыныпты топқа бөлу

ІІ. Білім


  • Ана тілі сабағында қандай тақырыптармен танысып жатырмыз? (төрт т.жырлары)

  • Төрт түлікті атап шығайық ( слайд №2)

  • Үйге қандай тапсырма берілді? әңгіме жазу, жаттау)

(алдымен жаттқа сұраймын, екінші әңгімелерін оқытамын)

  • Қойдың пайдасы өте көп екен, мына сызба арқылы мен сендерді толықтырып өтейін. Слайд№3

ІІІ. Түсіну

- Жаңа сабағымызды бастамас бұрын топтар өздерінің атын тауып алсын. Парақта берілген буындарды дұрыс орналастырсаңдар топ аттары шығады.


Сәй лік гү пар тұл ар мақ ғы
- Бұл атаулар төрт түліктің ішіндегі неге қатысты атаулар? (жылқыға)

- Бүгінгі сабағымызда жылқы туралы әңгімелеп, «Торы құлын» өлеңімен танысатын боламыз.

Жылқы қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал. Ол жасына, түріне қарай: құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп ажыратылады. Слайд№4

Бұрыңғы ел қорғаған ерлер жылқы ішіндегі таңдаулыларын жорға, жүйрік, тұлпар, сәйгүлік, дүлдір, арғымақ .. деп сипаттап, ерекше бағалаған. Бүгін сендер де сабақта алда болсын, білім шыңынан көрінсін деп атадым. Слайд №5 (Пайдасын айтып кету)

- Мына мақал-мәтелдерді түсініп оқиық. Жылқы малына қатысты сөздерді сарамалдап айтыңдар. Слайд №6 (мағынасын түсіндіру)

Тұяқ тайға жеткізер,

Тай құнанға жеткізер.

Құнан атқа жеткізер,

Ат мұратқа жеткізер.

Тұлпар – ер қанаты.

-Жылқы төлі туралы «Торы құлын» өлеңімен танысамыз. Өлеңді оқып беремін.

ІҮ. Қолдану


  1. Өлеңді оқушыларға тізбектей, тұтастай оқытамын.

  2. Суретпен жұмыс (Слайд№7)

Мәтіндегі сөздерді пайдаланып, торы құлынды сипаттап айт:

Басы ... Жағы ... Саны ...

Көзі .... Мойны ... Құйрығы ....

Ерні ..... Жалы ... Денесі ... (Дәптерге жазу)



Ү. Талдау (анализ)

Топтық жұмыс

1. Жылқы малының пайдасы туралы өз беттеріңше сызба құрастырыңдар.

( топтан бір-бір оқушы шығып айтады)

- Жылқы терісінен аса бағалы жақы деп аталатын тон тігіп, оны құлын жақы, тай жақы, құнан жақы деп атады. Аса құрметті адамдарға жақы кигізді.

2. Бұл не? Не үшін керек?

І топ – қамшы ІІ топ – жүген ІІІ - өмілдірік

- Бұлар жылқының ер тұрмандары. Жылқыға мінгенде ер тұрмандар пайдаланылады. Жүген-жылқыны басқару үшін, өмілдірік-ер тоқым арқа жылжып кетпеу үшін, қамшы-атты жүргізу үшін пайдаланылады.



ҮІ. Жинақтау (синтез)

Оқушылардан сәйкестендіру тестін алу.





Жылқы төлі

Құнан

Жылқы пірі

Қымыз

Жылқы жасы

Құлын

Ат әбзелі

Тұлпар

Жылқы сүті

Қамбар ата

Жүйрік ат

жүген

Жұппен жұмыс арқылы бір-бірін тексереді, бағалайды.

ҮІІ. Бағалау

- Оқушыларды бағалау

- Сабақты бағалау

Сабақты смайликтер арқылы бағалайды. Оқушылар парақшаларға атын жазып, смайликтердің тұсына жабыстырады.



Сабақтың өзіндік талдау парағы
Сакенова Асемгул Сериктаевна әдебиеттік оқу №82 «Дарын» м/л 13.10.16ж

мұғалімнің аты – жөні пәні мектеп күні




  1. Менің шығармашылық тақырыбым: «Білім сапасын арттыруда интербелсенді әдістердің тиімділігі»

2. Сабақтың тақырыбы, сынып: «Торы құлын», 2-сынып

3. Өткен тақырыппен байланысы: Өлеңді жатқа айтып, буыннан сөз құрауда төрт түлік туралы білімдерін ортаға салды.

4. Сабаққа қойылған мақсат, міндеттері (шешімі): Төрт түлік туралы білімдерімен ой бөлісе отырып, жаңа біліммен ұштастыру.

Нәтиже:

  • Төрт түліктің бірі жылқы малы туралы мәлімет алады;

  • Құлынды сипаттап, жылқының пайдасын біледі;

  • Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттығады.

5. Танымдық, шығармашылық, ізденіс жұмыстарының іске асырылуы:

  • Буыннан сөз құрау арқылы төрт түлік туралы білімдерін ортаға салуда;

  • Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіруде;

  • Сурет бойынша жылқыны сипаттауда;

  • Топпен жылқының пайдасын сызбаға түсіруде;

  • Топпен алдарындағы ат әбзелдерін зерделеуде;

  • Сәйкестендіру тесті арқылы білімдерін тексеруде.

6. Сабақтың өту барысында сабақ жоспарына өзгерістер енгізілді ме, неліктен, нәтижесі қандай? Сабақ жоспарланған жоспар бойынша өтті. Оқушыға бағытталған мақсатқа жеттім.

7. Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерінің себептері неде?

Сабақ Блум таксономиясына негізделіп құрылды. Сабақтағы тапсырмалар оқушылардың шығармашылығын, сыни ойлануын дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, белсенділігін арттырды. Жылқы малы туралы көптеген мағлұматтарды білді. Сабақты күнделікті өмірмен байланыстыра алды. «Бұл не?» деген топтық жұмыста жүген, қамшы, құйысқанды өз қолдарымен ұстап көруде қызығушылықпен қызметін айтуға тырысты. Өзара бағалау жасады. Сабақ өз мақсатына жетті деп есептеймін. Оқушылар өз ойын ашық айтуға, дәлелдеуге төселген. Жоспарланған нәтижеге қол жеткіздім.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет